Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест для трудоустройства инвалидов в районе Шал акына
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест для трудоустройства инвалидов в районе Шал акына
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 298
- Қабылданған күні
- 12.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2024 26012_731833.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05SN000016
- ЭКБ идентификаторы
- 26012
- Редакция идентификаторы
- 26012_731833
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:24
0 Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III Заңы 31 бабы 3 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың қоса беріліп отырған Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Латанов Талғат Уәпұлы) Ережені іске асыру жөнінде ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.В.Ткаченкоға жүктелсін.
4 Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесі
Аудан әкімдігінің
№ 298 12 қыркүйек 2005 жыл
каулысымен бекітілді
Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесі
4
Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмыска орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың осы ережесі (ілгеріде - Ереже) мүгедектер ішіндегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын және ұсынатын жұмыс берушілермен есеп - айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1 1) мүгедек - тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден агза функциялары тұрақты бүлініп, денсаулығы бұзылған адам;
2 2) жұмыс беруші - жұмыскермен еңбек қатынасында тұрған заңды немесе жеке тұлға;
3 3) уәкілетті орган - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналаскан мүгедектерге Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
3 3. Жұмыссыз мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердің еңбекақысын жергілікті бюджет есебінен ішінара төлеген жағдайда әлеуметтік жұмыс орындары ашылады және ұсынылады.
4 4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тілек білдірген жұмыс берушілермен белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша) аудан әкімдігіне ұсынады.
5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды ұсынған жұмыс берушілердің тізбесі аудандық әкімдіктің қаулысымен бекітіледі.
6 6. Уәкілетті орган:
1 1) жұмыссыз мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
2 2) жұмыссыз мүгедектерді олардың келісімімен әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;
3 3) жұмыс берушімен жұмыссыз мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасасады;
4
4) есеп беруден кейінгі айдың бесіне дейін жіберілген мүгедектер саны, жұмыс берушілер тізбесі және жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердің жалақысын төлеуге жергілікті бюджет қаражатынан аударылған өтемақы мөлшері туралы мәліметтерді Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ай сайын ұсыңады.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері жұмыс берушілердің және жергілікті бюджет қаражаттары болып табылады.
8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаржысынан каржыландыру 451002 «Жұмыспен қамту» бағдарламасы, 102 «Азаматтарды халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бағдарламашасы бойынша жүзеге асырылады.
9 9. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан мүгедектің еңбекақысын төлеуге жұмсайтын шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақыдан елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен алты айдан аспайтын мерзімде толтырылады.
10 10. Уәкіл орган мүгедекті жұмысқа қабылдау туралы бұйрық жазбашасының расталған көшірмесін және уақытты есепке алу табелін алғаннан кейін бюджеттік қаражатты жұмыс берушінің есеп шотына аударады.
11 11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған мүгедектің еңбек ақының төлеуі жеке еңбек шартына және ұжымдық шарттарға сәйкес жұмыс берушімен айсайын жасалады.
12 12. Алты ай өткеннен кейін қабылданған мүгедектің жұмыс орны бір жылдан кем емес сақталады, соның өзіңде жұмысшының төлемақысы жұмыс берушінің өз қаражатынан жасалады.
4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын жасауға және қаржыландыруға бақылау
13 13. Мүгедектердің санынан жұмыссыздыларды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын жасауға және қаржыландыруға бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Шал ақын ауданында
мүгедектерді жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын
ашу және қаржыландыру ережесіне
қосымша
Аудан әкіміне
_________________________________________ мүгедектер ішіндегі
(жұмыс берушінің атауы)
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс
орындарын ашуға және ұсынуға келіседі.
Әлеуметтік жұмыс орындары мына мамандықтар бойынша:
1.
2.
___________________________________________ ай мерзіміне
ашылатын болады.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде Сізден мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға дайын тұлға
ретінде ____________________________ бекітуіңізді сұраймыз.
(жұмыс берушінің атауы)
Бірінші басшының қолы
Датасы
Мөр