Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, әлеуметтік – қорғаусыз санатынан шыққан елді – мекендердегі жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы от 25.01.2006 г. № 17/1 (Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы)
0
1
1. Елді – мекендердегі мақсатты топтың құрамына кіретін тұлғалардың тізімі бекітілсін.
2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауданның кәсіпорындар мен ұйымдарымен елді – мекендердегі мақсатты топтың құрамынан 60 әлеуметтік жұмыс орнын жұмыссыздарға келісім – шарт жасау арқылы ұйымдастырсын.
3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру бойынша қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
4
4. Ауданның қаржы бөлімі бекітілген қаражат шеңберінде аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О, Сағандыковқа жүктелсін.