Қолданыстағы ред. 23.02.2006 (Редакция 26967_347410.kaz)

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 23.02.2006 г. № 38 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)

0

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7- бабының 5-4-тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігіі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс білдіретін жұмыс берушілерді ipiктey тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөнінде жұмыс берушілермен жасалатын уәкілетті органды «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықтасын.

3

3. «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1

1)әлеуметтік жұмыс орындарын құрамын және іріктеуден өткен мекемелермен белгіленген тәртіптегі тараптардың міндетін жұмыстың түpi мен көлемін, еңбекақының шарты мен мөлшерін, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі мен мерзімін қамтыған келісім-шартты бекітсін.

2

2)жеке еңбек келісім-шарт бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жіберген әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін адамдарға жұмыс берушілер төлейтін еңбекақы шығыны ішінара аудан бюджетінен төленсін, ол ең төмеңгі еңбекақы мөлшерінен кем болмасын және жұмысшылардың есеп шотына аударылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естыбаеваға жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.