Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы отчета об итогах размещения паев паевого инвестиционного фонда

Қаулы · № 75 · қабылданған 25.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27281/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении формы отчета об итогах размещения паев паевого инвестиционного фонда Күшін жойған Қаулы ·№ 75 ·25.03.2006
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы отчета об итогах размещения паев паевого инвестиционного фонда

Күшін жойған Қаулы ·№ 75 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы отчета об итогах размещения паев паевого инвестиционного фонда
Атауы (қаз.)
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
25.03.2006
Көрсетілген редакция
30.05.2016 AI27281_6.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004201_
ЭКБ идентификаторы
27281
Редакция идентификаторы
AI27281_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:42

0 Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы

"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына және»"Бағалы қағаздар рыногы туралы"» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысаны бекітілсін.

2

2. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есеп екі данада қағаз тасымалдауышта (мемлекеттік және орыс тілінде) және Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдауышта (инвестициялық пай қорының пайларының меншік иелері туралы мәліметтерсіз) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау туралы өтінішпен бірге ұсынылады. Агентство раскрывает информацию, представленную в рамках отчетов об итогах их размещения паев, на своем официальном web-сайте либо по запросу заинтересованных лиц.

3

3. Егер инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін инвестициялық пай қорының пайлары орналастырылмаса, басқарушы компания Агенттікке осы қаулының 2-қосымшасына сай нысанда инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау туралы хабарламаны ұсынады.

4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

6 6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

0 Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі ЕСЕП

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 наурыздағы
N 75 қаулысына 1-қосымша
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі ЕСЕП
1. Инвестициялық пай қорының атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Инвестициялық пай қорының пайлары шығарылымының мемлекеттік
тіркелген күні мен нөмірі___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Басқарушы компанияның атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның нөмірі мен
алынған күні________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Кастодианның атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі
мен алынған күні ___________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Тіркеушінің атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу қызметін
жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Пайларды бастапқы орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырылуының
басталған және аяқталған күні*
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін
ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, осы тармақта уәкілетті
органның инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру
мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірі көрсетіледі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезінде
инвестициялық пай қоры пайының номиналдық құны
____________________________________________________________________
3) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың аяқталу
күнгі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының
саны
9-1. Орналастыру кезеңін, инвестициялық пай қорының орналастырылған
пайларының санын және орналастырудың жеке әр алдыңғы есептілік кезеңі
үшін олардың төлем сомасын, сондай-ақ инвестициялық пай қорының
пайларын орналастырмау жөніндегі ақпаратты мәлімет үшін қабылдау күнін
көрсетіп, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні
____________________________________________________________________
10. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының пайларын
орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің
басталу және аяқталу күндері _______________________________________;
2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры
пайларының саны ____________________________________________________;
3) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған
пайларының саны ____________________________________________________;
4) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде пайларын сатып
алуға төленген ақша сомасы _________________________________________;
5) бұрынғы орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті кезеңде
орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық саны (сатып алынған
пайларды шегеріп) __________________________________________________;
6) есепті кезеңде инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен,
есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігі туралы кастодиан
анықтамасымен расталған ақша сомасы __________________________________________.
11. Есепті кезеңде басқарушы компаниядан пайларды сатып алған, әрбір меншік иесі
бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік иелері туралы мәліметтер:
Заң­ды тұл­ға-
мен­шік ие­ле. рі­нің то­лық
ата­уы неме­се
же­ке тұл­ға-
мен­шік ие­ле.
рі­нің фа­ми­ли­я­сы, аты, бол­са
әке­сі­нің аты
Же­ке тұл­ға­ның
- пай­дың мен.
шік ие­сі­нің
же­ке ба­сын
ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың ата­уы және де­рек.
те­ме­ле­рі, заң­ды
тұл­ға-мен­шік
ие­сін
мем­ле­кет­тік
тір­кеу (қай­та
тір­кеу) кү­ні
Мен­шік
ие­сі­нің
са­тып алу кү­ні және са­тып алу кү­ніне пай
құ­ны
Есеп­ті
ке­зең­де
пай­лар­ды
ор­на­ла­сты­ру ке­зін­де
мен­шік ие­сі са­тып
ал­ған ин.
ве­сти­ция.
лық пай
қо­ры пай.
ла­ры­ның
жал­пы са­ны
Пай тө­ле­міне
ке­ліп түс­кен ақ­ша со­ма­сы
12. Есепке инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның бас бухгалтері не
олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол басқарушы компанияның мөрімен
бекітіледі. Есептің әрбір данасы есепті кезеңнің аяқталған күнінде жасалған,
орналастырылған пайлардың есебі бойынша инвестициялық пай қорының жеке
шотынан тіркеуші үзіндісінің және есепті кезеңде орналастырылған пайларды
төлеуге ақшаның түскендігін растау туралы кастодиан анықтамасының көшірмесімен
бірге тігіледі және жіптің түйініне әрі ішінара параққа желімделген қағаз
пломбамен бекітіледі. Мөр ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылуы тиіс.
13. Пайларды орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті бекітуден бас
тартылған жағдайда, басқарушы компания бас тартуды алған күннен бастап отыз
күнтізбелік күн ішінде қайталап жетілдірілген есепті уәкілетті органға береді.
Инвестициялық пай қорының п айларын орналастырудың қорытындысы жөніндегі
есепті бекітуге құжаттарды қайталап бергенде, қару мерзімін санау қайтадан басталады.
___________________________________________________________
* орналастырудың есепті кезеңі:
- бастапқы орналастыру кезінде:
орналастыру басталған күннен бастап үш айдан астам емес
(осы мерзім уәкілетті органның рұқсаты негізінде ұзартылған жағдайда -
рұқсатта көрсетілген мерзімге);
инвестициялық пай қорының пайларын одан әрі орналастыру кезінде:
- әрбір алты айдың қорытындылары бойынша ("Бағалы қағаздар рыногы
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес).

1 Инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 наурыздағы
N 75 қаулысына 2-қосымша
"___________________________________________"
(инвестициялық пай қорының атауы)
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау туралы хабарлама
200_ж "____"_________ бастап (есепті кезеңнің басталған күні)
200_ж. "____"_________ дейінгі кезеңде (есепті кезеңнің аяқталған күні)
басқарушы компания _______________________________________________
__________________________________________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмады. Есепті кезеңнің
аяқталу күніне инвестициялық пай қорының айналыстағы пайларының саны,
__________________________________________________________________
И нвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған пайларының
саны______________________________________________________________.
Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының
жеке шотынан есепті кезеңнің аяқталу күніне, инвестициялық пай қорының тіркеушісі
берген үзінді жазбаның көшірмесі осы Хабарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.
Хабарламаға инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге
асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның бас бухгалтері
не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол инвестициялық пай қоры
басқарушы компаниясының мөрімен бекітіледі.

Қолданыстағы