Қолданыстағы ред. 31.03.2006 (Редакция 27523_347932.kaz)

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы от 31.03.2006 г. № 3/24 (Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы)

0

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148 Заңының 31 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына және 14 бабының 4 тармағына сәйкес халықтың аз қамтамасыз етілген нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Нысаналы топтар қатарына жататын табысы күн көрінісі төмен азаматтардың жекелеген топтарына заңдылықтарға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін (№1 қосымша).

2

2. Нысаналы топтар қатарына жататын табысы аз, күн көрінісі төмен азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер жасаудың Қағидасы бекітілсін (№2 қосымша ).

3

3. Шет ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 27 ақпандағы №2/22 қаулысының күші жойылсын деп табылсын.

4

4. Осы қаулының орындалу барысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Тілеубергеновке жүктелсін.
Келісілді:
Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы
аудан әкімінің орынбасары
12.04.2006 жыл
Хамзин Бекежан Құсайынұлы
аудандық Мәслихат депутаты
12.04.2006 жыл
Әбітаева Хауарира Бергенқызы
аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
12.04.2006 жыл
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы
аудандық ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі
12.04.2006 жыл
Жонкина Маркеш Жекенқызы
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің меңгерушісі
12.04.2006 жыл
Жотабаева Райза Жотабайқызы
отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
аудандық кенесінің хатшысы
12.04.2006 жыл
Бекенов Бақыт Маратұлы
аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
12.04.2006 жыл

1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрамы:

Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 31.03 №3/24
қаулысына №1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
аудандық комиссия құрамы:
Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Бекенов Бақыт Маратұлы Ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары
Құлшықов Аманжан Жаманұлы Ауданның халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі бастығының
орынбасары, хатшысы
Әбітаева Хауарира Бергенқызы Аудандық медициналық
бірлестігінің директоры
(келісім бойынша)
Жотабаева Райза Жотабайқызы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
аудандық Кенесінің хатшысы
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы Ауданның ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі
Хамзин Бекежан Құсайынұлы Аудандық Мәслихат депутаты
(келісім бойынша)
Жонкина Маркеш Жекенқызы Ауданның экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің меңгерушісі

2. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер жасаудың Қағидасы

Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 31.03 №3/24
қаулысына №2 қосымша
Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер жасаудың
Қағидасы
Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті басқару туралы», Қазақстан Республикасының мүгедектерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы», «Халыктың көші-қоны туралы» Заңдары негізінде жасалған. Қағида аудан әкімдігінің қаулысымен бекиді.
Аталмыш ереже азаматтардың жекелеген топтарына жасалатын әлеуметтік көмек түрлерін оларды беру тетігін анықтайды.
Қаржы бюджеттің мүмкіндігіне қарай мұқтаж отбасын зерттеу актісі негізінде берілді.

1. 1. Азаматтардың жекелеген топтарына жасалатын бір жолғы көмек түрлері

1. Азаматтардың жекелеген топтарына жасалатын бір жолғы көмек түрлері

1

1) Ауыр науқасқа, қазаға ұшыраған әлеуметтік хал-жағдайы төмен отбасыларына жасалатын бір жолғы әлеуметтік көмек;

2

2) Ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, тылда еңбек еткендерге Жеңіс күніне байланысты жасалатын бір жолғы әлуметтік көмек;

3

3) Қарттар мен мүгедектер күніне байланысты қарттар мен мүгедектерге жасалатын бір жолғы әлеуметтік көмек;

4

4) Жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілмеген және қамқорлыққа мұқтаж оралмандарға бір жолғы әлеуметтік көмек;

5

5) «Ардақты ана» медалімен, «Алтын алқаның» иегерлеріне, жасы 95 жастан асқан қарт аналарға, Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек;

6

6) Наурыз мерекесіне, Республика күніне, Тәуелсіздік күніне, Жаңа жыл мерекесіне орай әлеуметтік хал-жағдай төмен отбасыларына бір жолғы әлеуметтік көмек;

7

7) Аудан көлеміндегі бала бақшаларға баласының төлем жарнасын төлеуге жағдайы жоқ, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын отбасыларына ай сайын беріліп отыратын әлеуметтік көмек;

8

8) Аудан көлеміне келген жас мамандарды қолдау мақсатында берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек:

9

9) Оралмандардың табыс көзі жоқ кедейшілік деңгейінен төмен тұратын отбасыларына әлеуметтік көмек:

10

10) Нысаналы топтарға жататын азаматтарға төлқұжат алу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек;

11

11) Табиғи немесе техногендік апаттан зардап шеккен Ұлы отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына үй-қораларын жөндеу үшін әлеуметтік бір жолғы көмек;

12

12) Мерзімді баспасөзге нысаналы топқа жататын азаматтарды төленетін бір жолғы төлем;

13

13) Денешынықтыру бұқаралығын арттыру мақсатында аудан көлеміндегі қоғамдық негіздегі үйірмелерге қатысушыларды календарлық күнтізбеге енбеген спорт шараларына қатыстыру үшін бір мезгілдік қаржыландыру.

2. 2. Әлеуметтік көмектердің мөлшері

2. Әлеуметтік көмектердің мөлшері
Бір жолғы әлеуметтік көмектердің сомасы төмендегі мөлшерден аспайды:

1

1) Ауыр науқасқа және қазаға ұшырағандар отбасына - 20 айлық есептік көрсеткішке дейін.

2

2) Жас мамандарды қолдау көмегі - 10 айлық есептік көрсеткішке дейін.

3

3) Мерзімдік баспасөзге тегін жаздырту - 2 басылым.

3. 3. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек жасау тәртібі

3. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек жасау тәртібі
Әлеуметтік көмектер (төлемдер) тек осы кағидада көрсетілген жайттарда ғана беріледі. Әлеуметтік көмек беру отбасын зерттеу актісі негізінде, басқа құжаттармен толықтырыла отырылып жасалады.
Осы қағидада көрсетілген әлеуметтік топтарға жататын азаматтар көмек алу үшін Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беріп төмендеті құжаттарды тапсыруы қажет:

1

1) Алушының жеке басын растайтын құжат:

2

2) Әлеуметтік көмек бөлінуіне, өтініш берушінің тұрған жерінен кенттік немесе ауылдық округ әкімінің ұсынысы:

3

3) Өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын анықтау актісі, аурулығын йемесе мүгедектігін растайтын құжат қөшірмесі:

4

4) Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы құжат көшірмесі: үй жайының жағдайы туралы комиссияның қорытындысы:

5

5) Тұрғылықты жерін айғақтайтын анықтама:

4. 4. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекпен қаржыландыру

4. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекпен қаржыландыру
Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлем аудандық бюджеттің осы мақсатқа қаралған бағдарламасы есебінен және бөлінген қаржы негізінде беріледі.