Қолданыстағы ред. 30.01.2006 (Редакция 28119_331671.kaz)

Материалдық көмек көрсету туралы от 30.01.2006 г. № 28 (Материалдық көмек көрсету туралы)

0

Материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан аумағында тұрақты тұратын әлеуметтік қорғауға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына жерлеуге және емделуге төмендегідей материалдық көмек көрсетілсін:

1

1) азамат (ша) қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға 10 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде;

2

2) емделу үшін 5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде.

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Сисенғалиға тапсырылсын.