Қолданыстағы ред. 20.02.2006 (Редакция 28274_296723.kaz)

Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы от 20.02.2006 г. № 21-5 (Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы)

0

Зайсан ауданында бір жолғы
талондардың құндарын белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Қазақстан Республикасы Кодексінің 372 және 373 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:

1

1. Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. «Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 17-3 (тіркеу № 721 01.03.2002), 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 19-5 (тіркеу № 822 07.05.2002) шешімдерінің күші жойылсын.

3. Зайсан қаласының базарларына тауар өткізетін азаматтарға біржолғы талондардың құны (әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен) Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны

Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 20 ақпандағы
№ 21 - 5 шешіміне № 1 қосымша
Зайсан қаласының базарларына тауар өткізетін
азаматтарға біржолғы талондардың құны
(әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен)
Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті
жүзеге асыратын жеке тұлғаларға
біржолғы талондардың құны
Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны
Жеке меншік автокөлігімен аудан ішінде жолаушы тасу үшін берілетін бір жолғы талонның бір күндік құны.
Кісі тасымалдау (мысал ушін Өскемен-465 км)
Кіріс 16000 теңге (8 адам*2000 теңге)
Шығындар:
-жанар жағар май (барып- қайтқаны) 95 л*60 теңге=5700 теңге
-тамақ, ремонт 2000 теңге
Таза кіріс 16000-5700-2000=8300 теңге
Салық сомасы 8300 теңге*5%= 415 теңге
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 400 теңге
Аудан ішінде (Биржан 45 км)
Кіріс 1600 теңге (8 адам*200 теңге)
Шығындар: жанар жағар май (барып-қайтқаны) 8 литр*60 теңге=480 теңге
Таза кіріс 1600-480=1120 теңге
Салық сомасы 1120 теңге*5%= 56 теңге
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 80 теңге
Соңғы бекітілген ставка 80 теңге болғандықтан өзгерізсіз қалдырылды.
Жүк тасымалдау ушін жеке жүк автокөлік иелерінен алынатын
бір жолғы талонның құны.
Мысал үшін: «Сайқан» карьерінен Зайсан қаласына көмір тасу.
Жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін:
Табыс: 5 х 3500 = 17500 теңге - сату бағасы.
Шығын: 5 х 1478 = 7390 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге).
200 км жүк автокөлігі 87 литр жанар жағар май жұмсайды (1 литр 58 теңге). яғни 87 х 58
= 5046 теңге.
Таза табыс = 17500 - 7390 - 5046 = 5064 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасымен 5064 х 5% =253 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 250 теңге.
Жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін:
Табыс: 10 х 3300 = 33000 теңге - сату бағасы.
Шығын: 10 х 1478 = 14780 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге)
200 км ге жүк автокөлігі 120 литр, қала ішінде 10 литр (1 литр 58 теңге ) дизель отынын жұмсайды, яғни 130 х 58 = 7540 теңге.
Таза табыс = 33000 - 14780 - 7540 = 10680 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасы бойынша 10680 х 5% = 534 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 500 теңге.
Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары:
Табыс: 15 х 3300 = 49500 теңге - сату бағасы.
Шығын: 15 х 1478 = 22170 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге) 200 км ге жүк автокөлігі 120 литр, қала ішінде 20 литр дизель отынын жұмсайды (1 литр 58 теңге), яғни 140 х 58 = 8120 теңге.
Таза табыс =49500 - 22170 - 8120 = 19210 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасы бойынша
19210 х 5% = 960 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 900 теңге.
Жеке комбайындардын иелерімен
ауылшаруашылықта қызмет көрсету
Комбайын қызметі:
Табыс 1 күнге : 10 га х 2000 теңге (2000 теңге 1 га бағасы) = 20000 теңге - қызмет бағасы. Шығын: (15 л. дизель отыны 1 га) 150 л. х 58 теңге = 8700 теңге (1 л,- 58 теңге).
Таза табыс = 20000 - 8700 = 11300 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасымен
11300 х 5% =565 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 500 теңге
Жеке меншік адамдардың малдарын бағу үшін
берілетін бір жолғы талоның бір күндік құны
Мал бағу
Кіріс: 100 бас * 500 теңге (1 ірі қарға 1 айға - 500 теңге)= 50000 теңге
Шығын:--
Таза табыс 1 күнге 1666 теңге ( 50000 теңге / 30 күнге)
Салық сомасы 1666*5%= 83 теңге
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 80 теңге