Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес ауданда ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсарту, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы от 10.07.2006 г. № 89 (Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы)
1. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (Усенов А.О-келісімі бойынша):
1.1. Ауданның елді мекендерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту үшін, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің (отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттердің, фельдшерлік пункттердің материалдық техникалық базасын одан әрі жақсарту істері жалғастырылсын;
1.2. Елді мекендердегі денсаулық сақтау мекемелерінің жылу жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қыркүйек айының 15-не дейін аяқтасын.
2. Ауылдық округтердің әкімдері:
2.1. Ауыл тұрғындарына көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне (отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік акушерлік, фельдшерлік пункттер) жан-жақты көмек көрсетілсін және оларға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ғимараттар қарастырылсын;
2.2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне тұрақты жұмыс істеуге келген дәрігерлер мен медбикелерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді қарастырсын және оны ұдайы бақылауда ұстасын.
3. 05.09.2005 жылғы № 64 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Келісілді:
Орталық аудандық аурухананың
бас дәрігері Усенов А.О.