Қолданыстағы ред. 10.07.2006 (Редакция 29331_339462.kaz)

Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарында болуы туралы от 10.07.2006 г. № 146 (Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарында болуы туралы)

0

Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарында болуы туралы
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарына нұсқан келтіретін құқық бұзушылықтың одан әрі өсуіне тосқауыл қою, сондай-ақ жасөспірімдердің құқыққа қарсы әрекеттер жасаудың алдын-алу, олардың денсаулығына, өнегелік, рухани өсіп жетілуіне зиянды әсер ететін әлеуметтік ортадан, ақпараттар, үгіт және насихаттардан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Кәмелетке толмаған балалардың, олардың заңды өкілдерісіз, аудандағы демалыс орындарында (сая бақтарда, кинотеатрда, түнгі клубтарда, компьютерлік клубтарда, ойын автоматтары залдарында, кафелерде, бильярд клубтарында, казинода және тағы басқа да көңіл көтеру және демалыс орындарында) болу мерзімі кешкі сағат 22-ке дейін белгіленсін.

2

2. Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі (Қаленов), Шыңғырлау аудандық № 7 кәсіптік мектебі (Нүрпейсов), кәмелетке толмаған балалар мен олардың заңды өкілдері арасында Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінің 9 тарауында және “Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі" кодексінің 6 бөлімінде белгіленген жауапкершіліктер туралы насихат жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыру ұсынылсын (келісім бойынша).

3

3. Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі (Жақыпбеков) осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдау және жоғарыда аталған демалыс, көңіл көтеру орындарында кезекшілік ұйымдастыру ұсынылсын (келісім бойынша).

4

4. Шыңғырлау ауданының тиісті заңды және жеке тұлғалары осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Хангереевке жүктелсін.