Қаратал ауданы бойынша нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, еңбек рыногының жағдайын ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қаратал ауданы бойынша нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы от 01.08.2006 г. № 161 (Қаратал ауданы бойынша нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы)
1. Қосымшаға сәйкес Қаратал ауданында тұратын нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естыбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Қаратал аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Шара Сәдуқызы Қаймолдина
Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 01 тамызындағы № 161 «Қаратал ауданы бойынша нысаналы топқа жататын тұлғаларды қосымша тізбесін белгілеу туралы қаулысына қосымша
Қаратал ауданында тұратын нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі.
1. Ұзақ мерзімде жұмыс жасамаған адамдар.
2. Бұрын жұмыс жасамаған адамдар.