Қолданыстағы ред. 09.10.2006 (Редакция 30339_339470.kaz)

Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы от 09.10.2006 г. № 202 (Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы)

0

Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

2

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу және олардың дербес есептерді жүргізілсін.

3

3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері және ақшалай сыйақының мөлшері № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4

4. Селолық округ әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып елді мекендерде азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуларын ұйымдастыру және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды ала ұсынылсын.

5

5. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады.

6

6. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі № 3 қосымшаға сәйкес берілсін.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.

8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 09 қазандағы № 202 қаулысына № 1 қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия

1

1. Манкеев Наурызбай Айтқалиұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

2

2. Айтмухамбетов Қалияр Шадиярұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

3

3. Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі;

4

4. Жақыпбеков Мұрат Қоныржанұлы – Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы. Комиссия мүшесі (келісім бойынша);

5

5. Шотпанов Адақ Танабайұлы – Шыңғырлау аудандық мәслихат хатшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

6

6. Хамиев Самиғолла Хабиболлаұлы – Шыңғырлау ауданының қаржы бөлімінің бастығы, комиссия мүшесі;

7

7. Мырзағалиев Замир Борисұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.

16. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері және ақшалай сыйақының мөлшері

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 09 қазандағы № 202 қаулысына № 2 қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері және ақшалай сыйақының мөлшері

1

1. Көтермелеудің тәртібі

1

1) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (одан әрі - аудандық комиссия) қарайды.

2

2) Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі ай сайын қатысушылардың жұмысының қорытындысын жасап, қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген көтермелеу шараларын қолдану жөнінде аудандық комиссияға ұсыныс жасайды.

3

3) Ұсыныс Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімінің қолдаухаты түрінде беріледі.

4

4) Қолдаухатта азаматы көтермелеуге ұсынудың негізі көрсетіледі. Оған ішкі істер бөлімі бастығымен бекітілген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі жалғанады.

5

5) Аудандық комиссия қажеттілігіне байланысты өз отырысын өткізіп, аудандық ішкі істер бөлімінің ұсынысын қарайды.

6

6) Комиссия мүшелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушының жасаған әрекетінің қоғамға пайдалығын ескеріп, марапаттау түрін айқындайды.

7

7) Комиссия отырысы хаттамамен рәсімделіп, қоғамдық тәртіпке қатысушыны марапаттау жөнінде аудан әкіміне хабарлайды.

8

8) көтермелеуге ұсынылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушыны аудан әкімі, аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық мәслихат қызметкерлерінің және басқа да қызметкерлердің қатысуымен марапаттайды.

9

9) Көтермелеуге жергілікті атқарушы органда тіркелмеген азаматтар да ұсынылуға болады, егер олар қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға септігін тигізсе.

2

2. Көтермелеудің түрлері

1

1) алғыс жариялау;

2

2) грамотамен марапаттау;

3

3) ақшалай сыйлық беру.

3

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

1

1) Ақшалай сыйақының мөлшері 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

33. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 09 қазандағы № 202 қаулысына № 3 қосымша
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі

1

1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 243 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құру»;

2

2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 129 «Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 2004 жылғы 1 қарашадағы № 243 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы;

3

3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 145 « Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу туралы»;

4

4. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 168-1 «Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы».