Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы от 27.10.2006 г. № 27-4 (Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы)
1. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ережесі бекітілсін. (Жалғанды)
2. Аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы «Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» № 12-5 шешімнің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2872 нөмірмен тіркелген, «Жаңарған өңір» газетінің 2005 жылғы 22 наурыздағы № 13 жарияланған) күші жойылсын.
3. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы «2005 жылғы 15 ақпандағы № 12-5 «Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» тіркеу № 2872 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 20-4 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-5-14 нөмірмен тіркелген, «Жаңарған өңір» газетінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 48 жарияланған) күші жойылсын.
4. Аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «Жаңақала аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы» №21-5 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-5-19 нөмірмен тіркелген, «Жаңарған өңір» газетінің 2006 жылғы 11 ақпандағы № 6 жарияланған) күші жойылсын.
5. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енді.
Жаңақала аудандық Мәслихатының
2006 жылғы 27 қазандағы № 27-4
шешімімен бекітілген.
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып табылады.
1.2. Жаңақала ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті.
2. Ит пен мысықты бағып күту
2.1. Ит пен мысықтың анықталған нақты иесі болуы керек.
2.2. Ит пен мысықтың иесі меншігіндегі, ит пен мысықты дұрыс тамақтандырып, санитариялық-гигиеналық талапқа сай ұстауға және оларға жеке-жеке ветеринариялық паспорт алуға жауапты.
2.3. Жеке үйде тұратын жанұя санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтаған жағдайда ит пен мысықты үйде ұстауға ерікті. Көп пәтерлі үйде тұратын жанұя итті үйде ұстау үшін қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитариялық ережелерді сақтауды қамтамасыз жасауға және ортақ баспалдақ алаңында тұратын көршілерінің келісімін алуы қажет.
2.4. Жаңадан әкелінген ит пен мысық туралы жергілікті мемлекеттік ветеринариялық бақылау органдарына хабарлап, есепке тұрғызуға тиісті.
2.5. Бақылаусыз, жетектеушісіз, иесіз бос (еркін) көшеде жүрген ит пен мысық бұралқы (қаңғыбас) деп есептеледі.
2.6. Қаңғыбас ит пен мысықты аулап ұстау арнайы бригада арқылы ауыл округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
3. Итпен мысықтың құтыру және басқа да аса қауіпті жұқпалы ауруының алдын-алу мақсатында ит пен мысық иелерінің міндеттері.
3.1. Аулада ит бар екені туралы көрінетін жерде ескертпе жазу ілуге;
3.2. Итті байлап ұстауға, ал күзет иттерін жабық ауладан сыртқа шығып кетпейтін жағдайда босатуға болады. Итті көшеде алып жүргенде «тұмсықтор» кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұстауға;
3.3. Пәтер, баспалдақ алаңын және үй мен ауланың басқа да көпшілік пайдаланатын орындарын ит пен мысықтың бүлдіруіне жол бермеуге, ит пен мысық экскременттерін шұғыл түрде тазалауға;
3.4. Ит пен мысық ауырған жағдайда ветеринария мамандарына көрсетуге, ал өлген жағдайда ветеринария мамандарына хабарлап өлексені мал моласына апарып жоюға;
3.5. Диагностикалық тексеру және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында ветеринариялық дәрігердің талаптарын орындауға:
3.6. Ит пен мысық адамды немесе үй жануарын тістесе, тырнаса бұл туралы жәбірленуші, сол сияқты қабылған және қапқан жануарлардың иелері тиісті шаралар алу үшін шұғыл түрде денсаулық сақтау және ветеринариялық қадағалау мекемелеріне хабарлауға;
3.7. Адамдарды тістеп тырнаған ит пен мысықты ветеринария маманына көрсетуге және оны мамандардың 10 күн бойы бақылауда ұстауына көмектесуге;
3.8. Жертөлені, шатыр және басқа да қосымша құрылыстарды жабық ұстап, оларға иттер мен мысықтардың кірмеуін қадағалауға міндетті.
4. Азулы, «өжет», «күрескер» тұқымды итті және осы тектес иттерді ұстау тәртібі.
4.1. Азулы, «өжет», «күрескер» тұқымды итті және осы тектес иттерді ұстау үшін (Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа да арнайы тәртіп сақтау органдары мекемелері мен кәсіпорындарының иттерінен басқа) ішкі істер бөліміне тіркеттіруге міндетті.
4.2. Ит иелері арнайы курстан өтулері және олар психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмаулары тиісті.
4.3. Иттерді уақытында тіркетуді және қайталап тіркетуді тұрғын үй пайдалану мекемелері тұрақты түрде бақылау жасап, ит иелерін міндеттеуге тиісті.
4.4. Көпшілік пайдаланатын жерде иттерге тұмсықтор кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұсталуы және мойнында иттің аты, ит иесінің мекен-жайы, телефон номері көрсетілген «қарғысы» болуы тиісті.
4.5. Кәмілетке жасы толмағандарға және бұрын адам мен малға итімен зиян келтірген тәртіп бұзушыға осы тұқымдас ит ұстауға рұқсат берілмейді.
4.6. Ересек адамдардың бақылауынсыз жасы 14-ке толмаған балаларға және мас адамдарға иттерді жетектеп жүруге рұқсат берілмейді.
4.7. Үшінші жаққа келтірген зиян болған жағдайда, міндетті сақтандыру келісім шарты болуы алдын-ала ескертіледі.
4.8. Тұрғын үйлерге жақын жерге, балалар ойнайтын алаңға, мектепке, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелер аумағына, спорт алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға итті босатып жіберуге болмайды.
4.9. Осы тұқымдас иттерді қарғыбаудан босатып демалту үшін адамдар мен жануарларға қауіп туғызбайтын, арнайы бөлінген жер тағайындалу керек.
4.10. Күзетші иттер тұқымын дұрыс сұрыптап, иттердің жұмыс қабілетін анықтау мақсатында, жарақат алуын болдырмай, арнайы ереже бойынша және арнайы бөлінген жерде өткізілетін таластыруды қоспағанда, иттерді рұқсатсыз таластыруға тиым салынады.
5. Ит пен мысық иелеріне тиым салынады
5.1. Ит пен мысықты көпшілік пайдаланатын жерде ұстауға;
5.2. Ит пен мысықты бақылаусыз қалдыруға және оларды жоюға;
5.3. Күзет иттерін құтыруға қарсы ектірмей объектіні күзетуде байлаусыз ұстауға;
5.4. Ит пен мысықтың өлексесін мал молаларынан басқа төңірекке лақтырып тастауға немесе басқа жерге көмуге тиым салынады.
6. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
6.1. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.