Қолданыстағы ред. 15.11.2006 (Редакция 30694_357007.kaz)

«Қорғалжын ауданында туберкулезбен ауру жағдайы және оны төмендету жөніндегі шаралар туралы» от 15.11.2006 г. № 142 («Қорғалжын ауданында туберкулезбен ауру жағдайы және оны төмендету жөніндегі шаралар туралы»)

0

«Қорғалжын ауданында туберкулезбен ауру жағдайы және оны төмендету жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» №3956 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4-ші қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» 839 санды қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (С.Аққожина), Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (А.Үсенов) (келісімі бойынша)

1

1) Ауданда туберкулезге қарсы күресті нығайту мақсатында іс-шаралардың жүйелі түрде жүргізілуін қадағалау ұйымдастырылсын.

2

2. Ауыл әкімдеріне

1

1) Елді мекендердегі медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, туберкулезге қарсы алдын алу шараларын жүргізу ұсынылады.

2

2) Елді мекендердегі медициналық ғимараттардың жауапкершілігі шектеулі серіктестерден мемлекет қарамағына ақысыз қайтарылу жұмыстары 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталсын.

3

3. Мекеме басшыларына:

1

1) Өз қарамағындағы қызметкерлерінің толығымен флюорографиялық тексеруден өтуін қатаң бақылау ұсынылсын.

4

4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Төлеубаевқа)

1

1) Туберкулезге шалдыққан, жағдайы нашар адамдарға және олардың жанұя мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету жағдайы қарастырылсын.

5

5. ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасына (А.Мырзагелдиев) (келісімі бойынша).

1

1) Ветеринарлық қызметті нығайтуды қамтамасыз ету ұсынылсын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Ғали) (келісімі бойынша).

1

1) Аудан аумағына шет мемлекеттерден қоныс аударған жеке тұлғалардың туберкулезге қарсы міндетті флюорографиялық тексеруден өтуін тексеру мақсатында, олардың мекен-жайы туралы орталық ауруханамен мәлімет алмастыру;

2

2) флюорографиялық тексеруден және туберкулезге қарсы ем қабылдаудан бас тартқан азаматтарды орталық ауруханаға жеткізуге көмектесу ұсынылсын.

3

3) Түрмеден бостандыққа шыққан азаматтардың міндетті флюорографиялық тексеруден өтуін бақылау ұсынылсын.

7

7. Аталған қаулының орындалуы аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.

8

8. Осы қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялануға жатады.