Қолданыстағы ред. 14.12.2006 (Редакция 31330_251717.kaz)

Күршім ауданының әкімшілік аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы от 14.12.2006 г. № 25-8 (Күршім ауданының әкімшілік аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Күршім ауданының әкімшілік аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасынының «Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, 12 баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабының 1- тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағының негізінде Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Басқа елді мекендерге көшуден бас тартуларына байланысты, түрғындардың өтініштерін ескере отырып келесі ауылдарды «ауыл» категориясынан «шаруашылық қоныс» категориясына жатқызып:

1

1) Теректі ауылдық округінің «Ашалы ауылы» «Ашалы шаруашылық қонысына» өзгертіліп Теректі ауылының құрамына;

2

2) Қалғүты ауылдық округінің «Еңбек ауылы» «Еңбек шаруашылық қонысына» өзгертіліп Қаратоғай ауылының қүрамына;

3

3) Маралды ауылдық округінің «Сарытау ауылы» «Сарытау шаруашылық қонысына» өзгертіліп Үшбүлақ ауылының құрамына, «Алтай ауылы» «Алтай шаруашылық қонысына» өзгертіліп Маралды ауылының құрамына;

4

4) Сарыөлең ауылдық округінің «Амангелді ауылы» «Амангелді шаруашылық қонысына» өзгертіліп Сарыөлең ауылының құрамына;

5

5) Төсқайың ауылдық округінің «Верхняя Еловка ауылы» «Верхняя Еловка шаруашылық қонысына» өзгертіліп Қарағайлы бұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Шыгыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Шыгыс Қазақстан облыстық мәслихатына өзгерістер енгізу туралы ұсыным енгізілсін.