Қолданыстағы ред. 12.12.2006 (Редакция 31603_261641.kaz)

Қызылорда облысы бойынша түбірімен босатылатын ағаш төлемақысы ставкаларын бекіту туралы от 12.12.2006 г. № 324 (Қызылорда облысы бойынша түбірімен босатылатын ағаш төлемақысы ставкаларын бекіту туралы)

0

Қызылорда облысы бойынша түбірімен босатылатын ағаш төлемақысы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық Кодексінің 473-бабына жэне «Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкаларын, орманды пайдаланғаны үшін төлемді есептеу және бюджетке енгізу ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 431 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Түбірімен босатылатын ағаш төлемақысы ставкалары төмендегі мөлшерде бекітілсін:

Ағаш түрі
Ставка мөлшері, теңге/текшеметр
1
Сексеуіл (отындық ағаш)
1000
2
Жыңғыл, шеңгел және тағы басқа бұталы ағаштар (отындық ағаш)
150

2

2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді жэне баспасөзде жариялауға жатады.