Қолданыстағы ред. 04.12.2006 (Редакция 31709_323879.kaz)

Жылыой ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы от 04.12.2006 г. № 418 (Жылыой ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы)

0

Жылыой ауданының мүгедектері
үшін жұмыс орындарының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жұмысшылар саны елу адамнан асатын Жылыой ауданы жұмыс берушілеріне жалпы жұмыс орнының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.

3

3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.