Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 02.02.2007 г. № 56 (Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. Жамбыл ауданының жұмысаыз азаматтарына арналған ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаев) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберсін және жұмыс берушілердің төлемақы төлеуге дайындаған құжаттарды дер кезінде тапсырылуын бақылауға алсын.
3. Аудандық қаржы бөлімі (Дулат Мұратұлы Сансызбаев) қоғамдық жұмыстардың төлемақысына ақшалай қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.