Қолданыстағы ред. 23.01.2007 (Редакция 32486_320769.kaz)

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы от 23.01.2007 г. № 29 (Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы)

0

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсың . (№ 1 жалғама).

2

2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелееген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері № 2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ермеғали) және аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне (Н. Оразов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

4

4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
Келісілді:
М.Ермеғали
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі
Келісілді:
Н.Оразов
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің меңгерушісі

5. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы.

Аудан әкімдігінің "23" 01.2007 жылғы
№ 29 қаулысымен бекітілген № 1 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы.
Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Нұрмағанбетов Берік Базарұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары.
Ермеғали Мақсот Иісұлы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Төлегенова Сания Саматқызы - аудандық Әділет басқармасының бастығы (өз келісімі бойынша)
Мухамедрахимова Әлфия - аудандық «Қаратөбе өңірі» ЖШС газетінің редакторы.
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі.
Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің терапевті.

6. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.

Аудан әкімдігінің "23".01.2007 жылғы
№ 29 қаулысымен бекітілген № 2 жалғама.
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.

1

1. Жақын туыстары қайтыс болғанда:
10 айлық есептік көрсеткіш

2

2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына:
8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

3

3. Емделуі үшін:
9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

4

4. Залал келгенде:
11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.