Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы от 29.03.2007 г. № 69 (Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы)
1. Жансүгіров поселкелік округінде ірі қара және ұсақ мал ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Жансүгіров поселкелік округі бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу ауданы Әкімдігінің 2007 жылғы
«29» 03 «Жансугіров поселкелік
округінде бруцеллез ауруының
шығуына байланысты шектеу
ic - шараларын белгілеу туралы»
№ 69 қаулысына қосымша
Жансугіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты, ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегі ic-шаралары
Іс- шаралар аталуы
Орындалу
мерзімі
Жауапты адамдар
Ұйымдық- шаруашылықтың шаралары
1
Поселкелік округте ауылшаруашылық малдардың толық есебін жургізу
2007 жылдың қаңтар - шілде айларында
Поселкелік округінің әкiмi аппаратының мамандары, ветеринариялық инспектор (келісуімен)
2
Арнайы мал соятын орындар мен елген малдарды тастайтын шұнқырды осы елді мекенде жасау
2007 жылдың желтоқсан айына дейін
Поселкелік округінің әкімі
Арнайы ветеринариялық шаралар
1
Бруцеллез ауруымен ауыртан малдарды тез арада жалпы отардан аластау
Дереу
Ветеринариялык инспекторы (келісуімен), поселкелік округінің әкімі
2
Ауру шыққан малдарды ветеринариялық- санитариялық тәртіпке сай сойылып, ет өндейтін мекемеге өткізілуін қамтамасыз ету
Ауру шыққан мерзімде
Пооелкелік округінің әкімі ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иeci (келісуімен)
3
Мал тұртан қоралар мен аулаларды қидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрімен залалсыздандырудан өткізу
Тез арада сойыстан кейін
Поселкелік округінің әкімі, ветеринариялык инспекторы (келісуімен), мал иeci (келісуімен)
4
Ауру шыққан ауладағы басқа малдардан екі қайтара 15-21 кун сайын қан алынып, 2 рет таза нәтиже шыққанша
Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес тұрақты түрде
Ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен)
5
Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу
Тұрақты турде
Ақсу аудандық мeмлeкeттiк санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)
6
Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруына қарсы шаралар жөнінде насихат жұмысын жүргізу
Тұрақты түрде
Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)