Қолданыстағы ред. 16.03.2007 (Редакция 32863_322812.kaz)

Тұщықұдық селолық округі Чапаев селосы бойынша ауыл шаруащылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы от 16.03.2007 г. № 34 (Тұщықұдық селолық округі Чапаев селосы бойынша ауыл шаруащылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы)

0

Тұщықұдық селолық округі Чапаев селосы бойынша ауыл шаруащылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339- II «Ветеринария туралы» Заңанаң 10 бабының 2 тармағына және 27- бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабына және Исатай аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық испекторының 2007 жылғы 15 наурыздағы № 59 ұсынысыеа сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тұщықұдық селолық округі Чапаев селосының Х. Дайырова, Х. Пазылов, Егемен Қазақстан, О. Нағиев және Абай көшесі тұргындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуаннаттары арасында екі ай мерзімге карантиндік шектеу қойылсын.

2

2. Аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (К. Құрасов – келісім бойынша) ауданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына (ит, мысық) «құтыру» ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізілуін бақылауға алып отыру жүктелсін.

3

3. Аудандық орталық емханаға (М. Жамалова – келісім бойынша), аудандық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г. Елеубаева – келісім бойынша) Чапаев селосының Х. Дайырова, Х. Пазылов, Егемен қазақстан, О.Нағиев және Абай көшесі тұрғындарын дәрігерлік байқаудан өткізіп, сақтандыру шарасын алу тапсырылсын.

4

4. Тұщықұдық селолық округіне (М. Насиханов) аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін барлық бұралқы ит, мысықтарды жоюдың барлық шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.

5

5. Қаулы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

6

6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевқа жүктелсін.
Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Қ.Құрасов 13.03.2007ж.
Аудандық емхананың
бас дәрігері М. Жамалова
19.03.2007ж.
Аудандық санитарлық-
эпидимиологиялық
басқарма бастығы
Г. Елеубаева 19.03.2007ж.