Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы качества медицинских услуг

Бұйрық · № 254 · қабылданған 26.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33352/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы качества медицинских услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 254 ·26.04.2007
10.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы качества медицинских услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 254 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации и проведения экспертизы качества медицинских услуг
Атауы (қаз.)
Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
254
Қабылданған күні
26.04.2007
Көрсетілген редакция
10.11.2009 AI33352_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004676_
ЭКБ идентификаторы
33352
Редакция идентификаторы
AI33352_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:43

0 Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е.М. Мусин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3398 тіркелген»"Қазақстан Республикасында ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 898 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы 26 сәуірде
N 254 бұйрығымен
бекітілген
Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және медициналық қызмет сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

2

2. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган), сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысымен бекітілген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. P091559

3 3. Медициналық қызметтің сапасын сараптау:

1 1) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерінің негізділігін белгілеуді;

2 2) медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің салалық нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеуді;

3 3) медициналық құралдармен жабдықтандырудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін белгілеуді;

4 4) денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді;

5 5) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін белгілеуді;

6 6) лицензиямен белгіленген медициналық көмектің түрлеріне сәйкестігін белгілеуді;

7 7) сапасыз медициналық қызмет көрсету себебін анықтау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау және медициналық көмек көрсетуді жетілдіруді қамтиды.

4 4. Осы Ереже меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) денсаулық сақтау ұйымдарына таралады.

5 5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) медициналық қызметтің сапа индикаторлары - медициналық қызметтің тиімділігі, толықтығы және медициналық қызметтің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік көрсеткіші көрсетілетін, мыналарды қамтитын өлшемдер:

құрылым индикаторлары - адам, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу өлшемдері;
процесс индикаторлары - алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау өлшемдері;
медициналық қызмет нәтижесінің индикаторлары - медициналық ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың медициналық көмекті көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зардаптарды бағалау өлшемдері;

2

2) бастапқы медициналық құжаттама - халықтың және көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және денсаулық сақтау қызметтері басқару үшін оның сипатын, көлемін және сапасын көрсететін жеке тұлғалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар жинағы, соның ішінде амбулаторлық және стационарлық сырқаттың медициналық картасы, донордың медициналық картасы, жедел медициналық жәрдем станциясы бригадасының шақыру картасы (бұдан әрі - медициналық карта).

2 2. Медициналық қызметтің сапасын сараптаудың мәні мен қағидаттары

6 6. Медициналық қызмет сапасының деңгейін айқындайтын индикаторлардың негізінде көрсетілген медициналық қызметтің нәтижелерін талдау және бағалау сапаны сараптаудың мәні болып табылады.

7 7. Медициналық қызметтің сапасын сараптаудың негізгі қағидаттары:

1 1) жүйелілік: құрылым, процесс пен нәтиже индикаторлары өзара байланыста болуы үшін медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады;

2 2) объективтілік: денсаулық сақтау саласындағы бекітілген стандарттарды пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады;

3 3) жариялылық: денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады.

3 3. Медициналық қызметтің сапасын сараптау түрлері мен кезеңдері

8 8. Медициналық қызметтің сапасын сараптау түрлері:

1 1) ағымдағы сараптама - медициналық қызметтің сапасын сараптау сәтінде медициналық қызмет алып жатқан емделушілердің медициналық карталары;

2 2) ретроспективті сараптама - медициналық қызметтің сапасын сараптау сәтінде медициналық қызмет алған емделушілердің медициналық карталары.

9 9. Медициналық қызметтің сапасын сараптау кезеңдері:

1 1) медициналық карталарды талдау;

2 2) денсаулық сақтау субъектісінің және олардың қызметін регламенттейтін денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының құжаттамаларын зерделеу;

3 3) индикаторларды пайдалана отырып, сараптама нәтижелерін математикалық үлгілеу арқылы медициналық қызмет сапасының деңгейін айқындау;

4 4) медициналық қызметтің сапасын сараптау нәтижелерін талдау және қорытындылау, шешімдерді қалыптастыру;

5 5) өткізілген медициналық қызметтің сапасын сараптау қорытындысын қалыптастыру;

6 6) денсаулық сақтау субъектісін медициналық қызметтің сапасын сараптау нәтижелері туралы хабардар ету;

7 7) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің және медициналық қызметтің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау.

4 4. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды жүргізу тәртібі

10 10. Сапаны сараптауды өткізу кезінде тексерілген жұмыс кезеңіндегі (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) статистикалық есептердің деректері пайдаланылады.

Тексерілетін көрсеткіштердің орындалуын бағалау осы медициналық ұйым бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен, сондай-ақ орташа республикалық және орташа облыстық көрсеткіштерімен салыстыра отырып, жүзеге асырылады.

11 11. Медициналық қызмет көрсету сапасының деңгейін анықтау нақты жағдайда медициналық ұйымның қызметін және медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторларын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.

12 12. Құрылым индикаторлары медициналық ұйымдарды ресурстық қамтамасыз етудің уәкілетті орган бекіткен нормативтері мен талаптарына сәйкес келуімен сипатталады.

13 13. Процесс индикаторларын анықтау уәкілетті орган бекіткен стандарттарымен нақты бір емделушіге көрсетілген медициналық қызметтің технологияларын салыстыруды көздейді.

14 14. Нәтиже индикаторлары медициналық ұйым қызметінің тиімділік көрсеткіштерін талдауды көздейді.

5 5. Медициналық қызметтің сапасын бағалау

15 15. Стационардағы медициналық қызметтің сапасын бағалау осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес стационардың әрбір бөлімшесі бойынша кемінде 10 стационарлық сырқаттың медициналық картасының сараптама нәтижелері бойынша айқындалады.

Одан басқа:

1 1) өлім жағдайлары;

2 2) ауруханаішілік жұқпалардың пайда болу фактілері;

3 3) асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі асқынулар;

4 4) бұрынғы сапасыз емдеудің салдарынан бір ай ішінде сол ауруы бойынша қайтадан емделуге жатқызудың барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.

16 16. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әрбір дәрігерлік учаске мен әрбір маманның бейіні бойынша кемінде 20 амбулаторлық сырқаттың медициналық картасы сараптауға жатады.

Одан басқа:

1 1) балалар мен жасөспірімдердің мониторингке жатқызылатын ауруларымен еңбекке жарамды жастағы адамдардың үйдегі өлімі;

2 2) мониторингке жататын аурулар бойынша бастапқы мүгедектікке шығу;

3 3) азаматтарды мониторингке жататын аурулар бойынша стационардан шыққаннан кейін бақылау;

4 4) онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған нысандары;

5 5) жүктіліктің орта ауыр және қауіпті дәрежесінің ағымы асқынулары;

6 6) нәресте өлім-жітімі;

7 7) балалар өлімі-жітімі;

8 8) ана өлімінің барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.

17 17. Жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес әрбір жалпы бейін мен мамандандырылған бригадалардың кемінде 10 шақыруының медициналық картасы сараптамаға жатады.

Одан басқа:

1 1) бір тәулік бойы сол ауру бойынша қайталанған шақырулар;

2 2) шақырулар кезіндегі өлімдер: бригада келгенше болған өлім, бригада келгенде болған өлім;

3 3) сырқаттарды ауруханаға жатқызған жағдайда жедел жәрдем бригадасы мен қабылдау бөлімі диагноздарының айырмашылығының барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.

18 18. Қан қызметінде қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігін, сапасын бақылау сапасының деңгейін айқындау кезінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес ақылы және тегін негізде қан тапсырған кемінде 50 донордың медициналық карталары сараптамаға жатады.

Одан басқа медициналық қызметтің сапасын сараптауға:

1 1) функционалдық блоктар мен оларды ұстаудың болуы;

2 2) "Суық тізбек" жағдайы;

3 3) техникалық қызмет көрсету тұрақтылығы, медициналық жабдықтарды іріктеу;

4 4) кіріс бақылауының нәтижелері;

5 5) карантиндеуді сақтау;

6 6) қатерлі кезеңдерді анықтау рәсімдерінің болуы;

7 7) қан өнімдерінің жұқпалы және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8 8) қанды консервілеу кезіндегі жарамсыздықтың болуын қоса алғанда, қанды дайындаудың және сақтаудың кезеңдері мен технологиялары жатады.

19

19. Әрбір индикатор бойынша (ол анықталған жағдайда) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалау кезінде (құрылым индикаторлары) кемістік дәрежесі мәндерінің бірі айқындалады. Мәндер қосылады, алынған сомалар индикаторлар санына (құрылым индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні) бөлінеді, бұл ретте қолданылмаған индикаторлардың кемістік дәрежесі нөлге теңеседі.
СД1 + СД2 + СД3...+СДn
А1 =            n              мұндағы
А1 - құрылым индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні;
АД - кемістіктің дәрежесі;
n - индикаторлардың саны.
Нақты жағдайда медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде (процестің индикаторлары) кемістік дәрежесінің барлық анықталған мәндерінің нәтижелері қосылады, алынған сома айқындалған индикаторлардың санына (нақты жағдайдың процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні) бөлінеді, бұл ретте қолданылмаған индикаторлардың кемістік дәрежесі нөлге теңеседі.
СД1 + СД2 + СД3... + СДn
Ак =            n                 мұндағы
Ак - нақты жағдайдың процесс индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні;
АД - кемістіктің дәрежесі;
n - индикаторлардың саны.
Содан кейін барлық нақты жағдайлар бойынша бағалаудың орташа мәні есептеледі: тексерілген медициналық картаның әрбір бірлік бойынша орташа мәні қосылады және алынған сома тексерілген медициналық карталардың санына (барлық жағдайлар бойынша процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні) бөлінеді.
Ак1 + Ак2 + Ак3... + Акn
А2 =           n                    мұндағы
А2 - процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні;
n - тексерілген медициналық карталар саны.
Әрбір индикатор бойынша (ол анықталған жағдайда) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде кемістік дәрежесі мәндерінің бірі айқындалады. Мәндер қосылады, алынған сомалар индикаторлар санына (нәтиже индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні) бөлінеді, бұл ретте қолданылмаған индикаторлардың кемістік дәрежесі нөлге теңеседі. Әрбір анықталған жағдай (азаматтардың өтініштері, туберкулездің, қатерлі аурулардың асқынған жағдайы және т.б.) дербес индикатор болып табылады.
СД1 + СД2 + СД3...+СДn
А3 =           n                мұндағы
А3 - нәтиже индикаторларының ақаулары сомасының орташа мәні;
АД - кемістік дәрежесі;
n - индикаторлардың саны.
Медициналық қызмет сапасы деңгейінің коэффициентін айқындау үшін алынған үш нәтиже қосылады (барлық жағдайлар бойынша құрылым, нәтиже, процесс индикаторларының кемістік сомасының орташа мәні) және сома 3-ке бөлінеді.
А1 + А2 + А3
К =        3         мұндағы
К - медициналық қызметтің сапасы деңгейінің коэффициенті.
Медициналық қызмет сапасының қорытынды бағасы бірліктерден медициналық қызмет сапасы деңгейінің коэффициентін алу арқылы айқындалады.
Стационарда медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,1 шегеру жолымен, кемінде 50% түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,2 шегеру жолымен жүргізіледі.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,2 шегеру жолымен, кемінде 50% түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,4 шегеру жолымен жүргізіледі.
Жедел медициналық көмек көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,2 шегеру жолымен, кемінде 50% түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,4 шегеру жолымен жүргізіледі.
Қан қызметінде қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігін, сапасын бақылау сапаның деңгейін белгілеу кезінде қолданылған индикаторлар саны индикаторлардың жалпы санынан 20% асқан жағдайда түзету коэффициентінің қорытынды бағасынан 0,1 шегеру жолымен жүргізіледі.

20 20. Медициналық қызметтің сапасы 5 деңгей бойынша бағаланады:

1 1) 1-ден 0,90-ға дейін - жоғары деңгей;

2 2) 0,89-дан 0,80-ге дейін - жеткілікті жоғары деңгей;

3 3) 0,79-дан 0,70-ке дейін - орташа деңгей;

4 4) 0,69-дан 0,60-қа - орташа деңгейден төмен;

5 5) 0,59-дан 0,50-ге дейін - төменгі деңгей.

21 21. Медициналық қызметтің сапасын бағалау негізінде медициналық көмек көрсетудің түріне, нысаны мен деңгейіне қарамастан медициналық ұйымдардың рейтингі қалыптасады.

22 22. Медициналық ұйымдардың аудит қызметтері қызмет нәтижелерін жеке бағалау үшін медициналық қызмет сапасы деңгейінің жоғарыда келтірілген анықтамаларды пайдалануы мүмкін.

6 6. Қорытынды ережелер

23 23. Мемлекеттік орган өткізген сараптамалардың нәтижелері бойынша осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызмет сапасының сараптау қорытындысы ресімделеді.

Тәуелсіз сарапшылар өткізген сараптама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4523 тіркелген "Тәуелсіз сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекіткен нысан бойынша сараптау қорытындысы ресімделеді.

24 24. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды өткізу барысында қолданыстағы нормативтік актілерді денсаулық сақтау субъектісінің сақталу тәртіп бұзушылықтары анықталған жағдайда мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

1 Стационарлық деңгейде медициналық қызметтің сапасын бағалау

Медициналық қызметтің сапасын
сараптауды ұйымдастыру
және өткізу ережесіне
1-қосымша
Стационарлық деңгейде медициналық қызметтің сапасын бағалау
Код­тар
Құ­ры­лым ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ақау
дә­ре­же­сі
1.
Бе­кі­ті­л­ген стан­дарт­тар­ға сәй­кес ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ның бо­луы
1.1
ке­мін­де 80%
0,01
1.2
ке­мін­де 50%
0,03
2.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін та­сы­мал­дау мен сақ­та­удың та­лап­та­рын сақ­та­мау
0,5
3.
Өті­лі 5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да бі­лік­ті­лік са­на­ты бар дә­рі­гер­лер­дің үле­сі
3.1
ке­мін­де 100%
0,05
3.2
ке­мін­де 80%
0,1
4.
Соң­ғы 5 жыл­да дә­рі­гер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өтуі
4.1
ке­мін­де 100%
0,05
4.2
ке­мін­де 80%
0,1
5.
Өті­лі 5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің үле­сі
5.1
ке­мін­де 100%
0,05
5.2
ке­мін­де 80%
0,1
6.
Соң­ғы 5 жыл­да ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өтуі
6.1
ке­мін­де 100%
0,05
6.2
ке­мін­де 80%
0,1
7.
Аза­мат­тар­ға ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ны­сан­да­ры мен түр­ле­рі ту­ра­лы те­гін, же­дел және нақ­ты ақ­па­рат­тың бол­мауы  (сыр­қат­тар­дың ағы­ны бо­ла­тын жер­лер­де көр­не­кі ақ­па­рат­тың жоқ­тығы)
0,05
Про­це­стің ин­ди­ка­тор­ла­ры
8.
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік жұқ­па­лар­дың бо­лу жағ­дай­ла­ры  (әр­бір жағ­дай­да)
8.1
ау­ру­ха­на­і­ші­лік жұқ­па­лар­дың бо­лу жағ­дай­ла­ры
0,05
8.2
ау­ру­ха­на­і­ші­лік жұқ­па­лар­дың бо­лу жағ­дай­ла­рын жа­сы­ру фак­ті­ле­рін анық­тау
0,25
9.
Жос­пар­лы сыр­қат­тар­дың ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу­дың негіз­ді­лі­гі  (әр­бір жағ­дай­да)
9.1
жос­пар­лы сыр­қат­тар­ды жол­да­ма­сыз ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу
0,1
9.2
жос­пар­лы сыр­қат­тар­ды ау­ру­ха­на­ға ста­ци­о­нар­лық ем­де­лу­ге ай­ғақ­сыз
жат­қы­зу
0,15
9.3
жос­пар­лы сыр­қат­тар­ды тек­сер­мей ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу
0,1
9.4
бей­ін­сіз ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу
0,1
9.5
ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу­дан негіз­сіз бас
тар­ту
0,3
10.
Ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің ем­де­лу­ші­нің жағ­дай­ын на­шар­ла­ту­ға әке­ле­тін ди­а­гно­сти­ка­лық, так­ти­ка­лық және тех­ни­ка­лық қа­те­лік­те­рі  (әр­бір жағ­дай­да)
10.1
сыр­қат­ты қа­был­дау бөл­ме­сін­де тек­се­ру­ді және бө­лім­ше­де­гі ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­дың ба­ста­луын кі­дір­туі (жос­пар­лы сыр­қат­ты 30 ми­нут­тан аса, шұ­ғыл сыр­қат­ты 10 ми­нут­тан аса)
0,5
10.2
сыр­қат жағ­дай­ы­ның ауыр дә­ре­же­сін ба­ра­бар ба­ға­лау
0,7
10.3
сыр­қат­ты тұ­рақ­сыз ба­қы­лау
0,5
10.4
ал­дын алу ас­қы­ну­ла­ры­ның да­муы
0,7
10.5
ас­қы­ну­лар­ды жа­сы­ру
0,7
10.6
ем­деу және ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­ды негіз­сіз та­ғай­ын­дау
0,5
10.7
на­у­қа­стар­дың ке­мін­де 3 күн негіз­сіз опе­ра­ци­я­ға дей­ін­гі ке­луі
0,3
10.8
негіз­сіз ер­те кө­шір­ме
0,5
10.9
негіз­сіз кеш кө­шір­ме
0,3
10.10
жос­пар­лы сыр­қат­тар­ды шұ­ғыл са­нат­қа ауы­сты­ру жағ­дай­ла­рын анық­тау
0,5
11.
Ди­а­гно­сти­ка мен ем­деу хат­та­ма­ла­ры­нан ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­дың негіз­сіз ауыт­қуы  (әр­бір жағ­дай­ға)
ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ген:
11.1
ке­мін­де 80 %
0,4
11.2
ке­мін­де 50 %
0,5
ем­деу іс-ша­ра­ла­ры то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ген:
11.3
ке­мін­де 80 %
0,5
11.4
ке­мін­де 50 %
0,7
11.5
по­ли­праг­ма­зи­я­ның бо­луы
0,2
12.
Ре­ани­ма­ци­я­лық кө­мек­ті то­лық кө­лем­де көр­сет­пеу  (әр­бір жағ­дай­да)
12.1
ке­мін­де 90 %
0,5
12.2
ке­мін­де 50 %
0,7
12.3
ре­ани­ма­ци­я­лық бө­лім­ше­ден негіз­сіз ер­те ауы­сты­ру
0,5
13.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін құ­ю­дың негіз­ді­лі­гі, ти­ім­ді­лі­гі, те­ріс сал­дар­ла­ры­ның бо­луы  (әр­бір жағ­дай­да)
13.1
ай­ғақ­сыз қан мен оның ком­по­нент­те­рін құю
1,0
13.2
осы рә­сім­ді ре­гла­мент­тей­тін қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді бұ­за оты­рып, қан мен оның ком­по­нент­те­рін құю
0,5
14.
Бір ай бойы ал­да­ғы гос­пи­таль­ге жат­қы­зу ке­зін­де са­па­сыз көр­се­ті­л­ген кө­мек­тің се­бе­бі бой­ын­ша сол ау­ру­мен қай­та гос­пи­таль­ге жат­қы­зу фак­ті­ле­рі­нің бо­луы  (әр­бір жағ­дай­да)
0,8
15.
Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­ны са­па­сыз ре­сім­деу және жүр­гі­зу  (әр­бір жағ­дай­да)
0,01
16.
Жал­ған жол­мен көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің кө­ле­мін арт­ты­ру  (әр­бір жағ­дай­да)
1,0
17.
Те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­ді кө­ле­міне кі­ре­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту ке­зін­де ем­де­лу­ші­нің дә­рі-дәр­мек­те­рі мен ақ­ша­лай қа­ра­жат­та­рын тар­ту  (әр­бір жағ­дай­да)
17.1
дә­рі-дәр­мек­тер
0,15
17.2
ақ­ша­лай қа­ра­жат
0,2
18.
Қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­ға сәй­кес па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық мәй­іт­ті со­ю­дың жоқ­тығы  (әр­бір жағ­дай­да)
18.1
қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді бұ­зу­да па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық мәй­іт­ті со­ю­дың жоқ­тығы
0,2
18.2
қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді бұ­зу­да ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­дің жоқ­тығы
0,2
Нәти­же ин­ди­ка­тор­ла­ры
19.
Аза­мат­тар­дың са­па­сыз көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ке ары­зда­ры  (әр­бір жағ­дай­да)
19.1
негіз­дел­ген ары­здар
0,5
19.2
жар­ты­лай негіз­дел­ген ары­здар
0,3
20.
Өлім­ді бол­дыр­май­тын жағ­дай­лар­дың бо­луы  (әр­бір жағ­дай­да)
1,0
21.
Өлім­ді жа­сы­ру жағ­дай­ла­ры  (әр­бір жағ­дай­да)
0,3
22.
Кли­ни­ка­лық және па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ди­а­гноз­да­ры­ның ал­шақ­тығы  (әр­бір жағ­дай­да)
0,35
23.
Гос­пи­таль­ге жат­қы­зу­дан негіз­сіз бас тар­ту  (әр­бір жағ­дай­да)
0,5

2 Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық қызметтің сапасын бағалау

Медициналық қызметтің сапасын
сараптауды ұйымдастыру
және өткізу ережесіне
2-қосымша
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық қызметтің сапасын бағалау
Код­тар
Құ­ры­лым ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ақау дә­ре­же­сі
1.
Бе­кі­ті­л­ген стан­дарт­тар­ға сәй­кес ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ның бо­луы
1.1
ке­мін­де 80%
0,01
1.2
ке­мін­де 50%
0,03
2.
Өті­лі   5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар дә­рі­гер­лер­дің үле­сі
2.1
ке­мін­де 100%
0,05
2.2
ке­мін­де 80%
0,1
3.
Соң­ғы 5 жыл­да дә­рі­гер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан  өтуі
3.1
ке­мін­де 100%
0,05
3.2
ке­мін­де 80%
0,1
4.
Өті­лі 5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің үле­сі
4.1
ке­мін­де 100%
0,05
4.2
ке­мін­де 80%
0,1
5.
Соң­ғы 5 жыл­да ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өтуі
5.1
ке­мін­де 100%
0,05
5.2
ке­мін­де 80%
0,1
6.
Аза­мат­тар­ға ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ны­сан­да­ры мен түр­ле­рі ту­ра­лы те­гін, же­дел және нақ­ты ақ­па­рат­тың бол­мауы  (сыр­қат­тар­дың ағы­ны бо­ла­тын жер­лер­де көр­не­кі ақ­па­рат­тың жоқ­тығы)
0,05
Про­це­стің ин­ди­ка­тор­ла­ры
7.
Сыр­қат­тар­ды ау­ру­ха­на жат­қызуға жі­бе­ру­дің және ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­дың негіз­де­ме­лі­гі және уақ­ты­лы­ғы (әр­бір жағ­дай­да)
7.1
жос­пар­лы сыр­қат­ты тек­сер­мей ау­ру­ха­на­ға жат­қызуға жі­бе­ру
0,1
сыр­қат­ты уа­қыт­сыз және негіз­сіз жол­дау:
7.2
бас­қа да ма­ман­дар­ға
0,1
7.3
кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық ор­та­лық­тар­ға
0,1
7.4
ау­ру­ха­на жат­қызуға
0,15
8.
Ди­а­гно­сти­ка мен ау­ру­лар­ды ем­де­удің мер­зім­ді хат­та­ма­ла­ры­на сәй­кес ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­ды орын­дау  (әр­бір жағ­дай­да)
ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ген:
8.1
ке­мін­де 80%
0,4
8.2
ке­мін­де 50%
0,5
ем­деу іс-ша­ра­ла­ры то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ген:
8.3
ке­мін­де 80%
0,5
8.4
ке­мін­де 50%
0,7
8.5
по­ли­праг­ма­зи­я­ның бо­луы
0,2
9.
Ам­бу­ла­тор­лық-ем­ха­на­лық ұй­ым­дар­дың, кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық ор­та­лық­тар мен ста­ци­о­нар­дың ара­сын­да сыр­қат­тар­ды ба­қы­лау мен ем­де­уде­гі са­бақ­та­стық­тың бол­мауы  (әр­бір жағ­дай­да)
0,15
10.
Те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­ді кө­ле­міне кі­ре­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту ке­зін­де ем­де­лу­ші­нің дә­рі-дәр­мек­те­рі мен ақ­ша­лай қа­ра­жат­та­рын тар­ту  (әр­бір жағ­дай­ға)
10.1
дә­рі-дәр­мек­тер
0,15
10.2
ақ­ша­лай қа­ра­жат
0,2
11.
Ау­ру түр­ле­рі­нің және ха­лық­тың же­ке­лен­ген са­нат­та­ры­ның тіз­бе­сі бой­ын­ша дә­рі-дәр­мек­тер­дің те­гін стан­дарт­та­ры­мен қам­та­ма­сыз ету дең­гейі  (әр­бір жағ­дай­да)
11.1
то­лық кө­лем­де емес
0,15
11.2
қам­та­ма­сыз етіл­мей­ді
0,25
11.3
негіз­сіз та­ғай­ын­дау
0,2
12.
Жа­сө­спі­рім жас­та­ғы ба­ла­лар­ды ба­қы­лау  (әр­бір жағ­дай­да)
жа­сө­спі­рім­дер ка­би­не­тіне ауы­сты­рыл­ды:
12.1
уа­қыт­сыз ауы­стыр­ды
0,1
12.2
тек­се­ріл­мей ауы­сты­рыл­ды
0,1
12.3
са­уық­ты­рыл­май ауы­сты­рыл­ды
0,2
жа­сө­спі­рім жас­та­ғы ба­ла­лар­ды дис­пан­сер­лік қа­рау:
12.4
то­лық емес кө­лем­де неме­се уа­қыт­сыз ауы­сты­рыл­ды
0,15
12.5
жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,2
ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ген:
12.6
ке­мін­де 100%
0,3
12.7
ке­мін­де 80%
0,4
ем­деу іс-ша­ра­ла­ры то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ген:
12.8
ке­мін­де 90%
0,4
12.9
ке­мін­де 70%
0,5
12.10
по­ли­праг­ма­зи­я­ның бо­луы
0,2
13.
Бір жас­қа дей­ін­гі нә­ре­сте­лер­ді қа­рау (әр­бір жағ­дай­да)
ден­са­улық то­бы­на сәй­кес ба­қы­лау мен са­уық­ты­ру, ба­ла­ның өтуі:
13.1
1-топ­тан 2-топ­қа
0,2
13.2
2-топ­тан 3-топ­қа
0,3
им­мун­дық ал­дын алу:
13.3
то­лық кө­лем­де жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,3
13.4
жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,4
де­ні сау және сыр­қат ба­ла­ны ИВБ­ДВ бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша қа­рау
13.5
жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,2
13.6
тұ­рақ­сыз
0,25
14.
Жүк­ті әй­ел­дер­ді ба­қы­лау (әр­бір жағ­дай­да)
жүк­ті­лік­тің мер­зі­мі­мен есеп­ке алын­ды:
14.1
12 ап­та­дан ар­тық (әр­бір жағ­дай­да)
0,15
14.2
ке­мін­де 4 рет тұ­рақ­сыз қа­рау (әр­бір жағ­дай­да)
0,2
ұрық­тың жа­ты­рі­ші­лік па­то­ло­ги­я­сы­ның скри­нинг-ди­а­гно­сти­ка­сы мен ем­де­уі:
14.3
жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,4
14.4
то­лық кө­лем­де емес неме­се уа­қыт­сыз жүр­гі­зі­л­ген
0,35
жүк­ті­лік пен боса­ну ағы­мы­ның бо­лжа­мын есеп­ке ала оты­рып, те­мір тап­шы­лы­ғы ане­ми­я­сы мен йод тап­шы­лы­ғы жағ­дай­ла­ры­ның ал­дын алу іс-ша­ра­ла­ры:
14.5
жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,3
14.6
то­лық кө­лем­де мес және уа­қыт­сыз жүр­гі­зі­л­ген
0,25
қа­тер фак­тор­ла­рын есеп­ке ала оты­рып, ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­ла­ры:
14.7
жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,4
14.8
то­лық кө­лем­де емес және уа­қыт­сыз жүр­гі­зі­л­ген
0,3
15.
Үй­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын өлім­ге жол бе­ру  (әр­бір жағ­дай­да):
15.1
1 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың өлі­мі
0,4
15.2
1 жастан 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар өлі­мі
0,35
15.3
Ана өлі­мі
0,4
15.4
Мо­ни­то­ринг жүр­гі­зі­ле­тін ау­ру­ла­ры бар ең­бек­ке жа­рам­ды адам­дар­дың өлі­мі
0,35
16.
өлім жағ­дай­ла­рын тал­да­удың жоқ­тығы
0,1
17.
Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­ны са­па­сыз ре­сім­деу және жүр­гі­зу  (әр­бір жағ­дай­да)
0,01
18.
Жал­ған жол­мен көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің кө­ле­мін арт­ты­ру  (әр­бір жағ­дай­да)
1,0
19.
Негіз­гі ди­а­гноз бой­ын­ша БМСК ұй­ым­да­ры мен ста­ци­о­нар ара­сын­да­ғы негіз­гі ди­а­гноз­дың ал­шақ­тығы  (әр­бір жағ­дай­да)
0,5
Нәти­же ин­ди­ка­тор­ла­ры
20.
Ха­лық­ты ал­дын алу тек­се­ру­ле­рі­мен қам­ту
20.1
ке­мін­де 90%
0,01
20.2
ке­мін­де 70%
0,03
21.
Жүк­ті­лік­ке қар­сы ай­ғақ­та­ры бар ұр­пақ­ты бо­лу жа­сын­да­ғы әй­ел­дер­ді кон­тра­цеп­ци­я­мен қам­ту
аб­со­лют­тік ай­ғақ­та­ры бой­ын­ша
21.1
ке­мін­де 100%
0,3
21.2
ке­мін­де 80%
0,5
са­лы­стыр­ма­лы ай­ғақ­тар:
21.3
ке­мін­де 80%
0,1
21.4
ке­мін­де 60%
0,15
қа­тер то­бын­да­ғы жа­сө­спі­рім­дер­ді кон­тра­цеп­ци­я­мен қам­ту
21.5
ке­мін­де 80%
0,05
21.6
ке­мін­де 60%
0,1
22.
Үш жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ды қа­рау:
22.1
ба­ла­лар­дың ке­мін­де 95% па­т­ро­на­ж­дық ба­қы­ла­у­мен қам­ту
0,3
тек ем­шек­пен қо­рек­тен­ді­ру
22.2
0 ай­дан 6 ай­ға дей­ін - ке­мін­де 80%
0,1
кө­біне ем­шек­пен қо­рек­тен­ді­ру
22.3
0 ай­дан 6 ай­ға дей­ін - ке­мін­де 90%
0,1
уа­қы­тын­да кір­гі­зі­л­ген қо­сым­ша та­мақ­тан­ды­ру
22.4
6 ай­дан 9 ай­ға дей­ін - ке­мін­де 70%
0,1
бір жастан кей­ін ем­шек­пен та­мақ­тан­ды­ру­ды жал­ға­сты­ру
22.5
12 ай­дан 24 ай­ға дей­ін - ке­мін­де 50%
0,1
бой­ы­ның ала­са бо­луы жи­і­лі­гі  (бой­ы­ның жа­сы­на қа­рай)
22.6
0 ай­дан 36 ай­ға дей­ін - ке­мін­де 5%
0,1
23.
Анық­тал­ған ау­ру жағ­дай­ла­ры­ның іші­нен дис­пан­сер­лік ба­қы­ла­у­мен қам­ту
де­ректел­ген ха­лық
23.1
ке­мін­де 80%
0,1
23.2
ке­мін­де 60%
0,15
әле­умет­тік еле­улі ау­ру­лар
23.3
ке­мін­де 90%
0,1
23.4
ке­мін­де 80%
0,15
24.
Дис­пан­сер­ле­удің ти­ім­ді­лі­гі
24.1
әр­бір 2% өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да дис­пан­сер­лік есеп­те тұр­ған және мү­ге­дек­тік то­бын ал­ған адам­дар үле­сі­нің өсуі
0,01
24.2
әр­бір 2% өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да дис­пан­сер­лік есеп­те тұр­ған ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жа­ста қай­тыс болған адам­дар үле­сі­нің өсуі
0,01
25.
Өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да мо­ни­то­ринг жүр­гі­зі­ле­тін ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жас­та­ғы адам­дар­дың мү­ге­дек­тікке ба­стап­қы шы­ғу көр­сет­кі­ші
25.1
5-10%
0,01
25.2
11-20%
0,03
25.3
21% және одан да көп
0,05
26.
1000 ұр­пақ­ты бо­лу жа­сын­да­ғы әй­ел­дер­ге ша­қан­да тү­сік­тің са­ны (әр­бі­рі ди­на­ми­ка­да 2% өсті)
0,05
27.
Өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен БМСК жұ­мысы­ның са­ға­тын­да бар­лық 1000 ша­қы­ру же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек ша­қы­ру­ла­ры­ның са­ны өсті
27.1
1-5%
0,05
27.2
6-10%
0,08
27.3
11>%
0,1
28.
Аза­мат­тар­дың са­па­сыз көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ке бай­ла­ны­сты өті­ніш­те­рі  (әр­бір жағ­дай­ға)
28.1
негіз­дел­ген өті­ніш­тер
0,5
28.2
іші­на­ра өті­ніш­тер
0,3
29.
Ал­ғаш пай­да болған­дар­дың іші­нен ту­бер­ку­лез­дің ас­қын­ған жағ­дайы  (әр­бір жағ­дай­ға)
0,3
30.
Ал­ғаш пай­да болған­дар­дың іші­нен қа­тер­лі іс­ік­тер­дің ас­қын­ған жағ­дайы  (әр­бір жағ­дай­ға)
0,3

3 Жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау

Медициналық қызметтің сапасын
сараптауды ұйымдастыру
және өткізу ережесіне
3-қосымша
Жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау
Код­тар
Құ­ры­лым ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ақау дә­ре­же­сі
1.
Бе­кі­ті­л­ген стан­дарт­тар­ға сәй­кес ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ның бо­луы
1.1
ке­мін­де 80 %
0,01
1.2
ке­мін­де 50%
0,03
2.
Өті­лі 5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар дә­рі­гер­лер­дің үле­сі
2.1
ке­мін­де 100%
0,05
2.2
ке­мін­де 80%
0,1
3.
Соң­ғы 5 жыл­да дә­рі­гер­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өтуі
3.1
ке­мін­де 100%
0,05
3.2
ке­мін­де 80%
0,1
4.
Өті­лі 5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің үле­сі
4.1
ке­мін­де 100%
0,05
4.2
ке­мін­де 80%
0,1
5.
Соң­ғы 5 жыл­да ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өтуі
5.1
ке­мін­де 100%
0,05
5.2
ке­мін­де 80%
0,1
6.
10 000 ха­лық­қа тәу­лі­гіне ке­мін­де 1 са­ни­тар­лық ав­то­кө­лік
0,1
7.
Сме­на­ға же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­мін­де 1 тәу­лік бойы жұ­мыс іс­тей­тін ша­қы­ру бри­га­да­сы (10 000 ха­лық­қа 1 по­сты­ны есеп­те­ген­де)
0,1
8.
Аза­мат­тар­ға ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ны­сан­да­ры мен түр­ле­рі ту­ра­лы те­гін, же­дел және нақ­ты ақ­па­рат бе­ру (ақ­па­рат­тық па­рақ­тар, ем­де­лу­ші­лер­ден сұ­рау)
0,05
Про­це­стің ин­ди­ка­тор­ла­ры
9.
Сыр­қат­тар­ды ау­ру­ха­на­ға жат­қызуға және ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­ға жол­да­ма­ның негіз­ді­лі­гі  (әр­бір жағ­дай­да)
9.1
сыр­қат­ты ай­ғақ­сыз ау­ру­ха­на­ға жат­қызуға әке­лу
0,1
9.2
сыр­қат­ты ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу­дың әр­бір жағ­дай­ы­на ай­ғақ­та­ры бо­ла тұр­са да ста­ци­о­нар­ға әкел­меу
0,1
10.
БМСК ұй­ым­да­ры­на ак­тив­тер­ді бе­ру  (әр­бір жағ­дай­да   ак­тив­тер­ді тап­сы­ру­дың бол­мауы)
0,03
11.
Ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің ди­а­гно­сти­ка­лық, так­ти­ка­лық және тех­ни­ка­лық қа­те­лік­те­рі  (әр­бір жағ­дай­да)
0,3
12.
Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­ны са­па­сыз ре­сім­деу және жүр­гі­зу  (әр­бір жағ­дай­да)
0,01
Нәти­же ин­ди­ка­тор­ла­ры
13.
Бір тәу­лік ішін­де ал­ғаш­қы ша­қы­ру сәті­нен ба­стап сол ау­ру бой­ын­ша қай­та ша­қы­ру жағ­дай­ла­ры (әр­бір жағ­дай­да 10% жо­ға­ры)
0,05
14.
Сыр­қат­қа ба­ру­дың ор­та­ша қа­лып­тас­қан уа­қы­ты­нан асуы  (5% жо­ға­ры)
0,05
15.
Өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зең­де­рі­мен са­лы­сты­ру бой­ын­ша ша­қы­ру­лар ке­зін­де бри­га­да­ның қа­ты­суы­мен болған өлім жағ­дай­ы­ның өсуі
15.1
1-5%
0,01
15.2
6-10%
0,03
15.3
11>%
0,05
16.
Өт­кен жыл­мен са­лы­стыр­ған­да жет­кі­зі­л­ген­дер са­ны­нан ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зы­л­ған­дар­дың үлес сал­ма­ғы­ның тө­мен­де­уі:
16.1
1-5%
0,01
16.2
6-10%
0,03
16.3
11>%
0,05
17.
Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем бри­га­да­сы ау­ру­ха­на­ға және ста­ци­о­нар­ға жат­қыз­ған сыр­қат­тар­дың ди­а­гноз­да­рын­да­ғы ай­ыр­ма­шы­лық  (әр­бір жағ­дай­да іл­іс­пе хат ар­қы­лы 5% жо­ға­ры)
0,1
18.
Аза­мат­тар­дың   са­па­сыз көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ке өті­ніш­те­рі  (әр­бір жағ­дай­да)
18.1
негіз­дел­ген өті­ніш­тер
0,5
18.2
жар­ты­лай негіз­дел­ген
0,3

4 Қан қызметі көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау

Медициналық қызметтің сапасын
сараптауды ұйымдастыру
және өткізу ережесіне
4-қосымша
Қан қызметі көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау
Код­тар
Құ­ры­лым ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ақау дә­ре­же­сі
1.
Бе­кі­ті­л­ген стан­дарт­тар­ға сәй­кес ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ның бо­луы
1.1
81-90%
0,01
1.2
71-80%
0,03
1.3
61-70%
0,05
1.4
60% және одан тө­мен
0,1
2.
Өл­ше­уіш құ­рал­да­рын мет­ро­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­удың жоқ­тығы
2.1
ке­мін­де 100%
0,05
2.2
ке­мін­де 80%
0,1
2.3
жүр­гі­зіл­мей­ді
0,5
3.
Электр қон­дыр­ғы­сы­ның ре­зерв­тік көз­де­ріне то­ңа­зыт­қыш жаб­дық­та­ры­ның қо­сыл­мауы
1,0
4.
То­ңа­зыт­қыш жаб­дық­та­рын­да ар­найы кі­лт­тер­дің бол­мауы
0,5
5.
Өті­лі 5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар дә­рі­гер­лер­дің үле­сі
5.1
ке­мін­де 100%
0,05
5.2
ке­мін­де 80%
0,1
6.
Соң­ғы 5 жыл­да дә­рі­гер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өтуі
6.1
ке­мін­де 100%
0,05
6.2
ке­мін­де 80%
0,1
7.
Өті­лі 5 жыл­дан көп болған жағ­дай­да, бі­лік­ті­лік са­на­ты бар ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің үле­сі
7.1
ке­мін­де 100%
0,05
7.2
ке­мін­де 80%
0,1
8.
Соң­ғы 5 жыл­да ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өтуі
8.1
ке­мін­де 100%
0,05
8.2
ке­мін­де 80%
0,1
9.
ЖТП ка­ран­т­ин­деу рә­сі­мін жүр­гі­зу
9.1
жүр­гі­зіл­мей­ді
0,5
9.2
то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ген
0,3
10.
Өн­ді­рі­стің іс-ша­ра­лар­ды орын­да­уда стан­дарт­тық опе­ра­ци­я­лық рә­сім­дер­дің (СОР) бол­мауы
0,5
11.
Аза­мат­тар­ға ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ны­сан­да­ры мен түр­ле­рі ту­ра­лы те­гін,  же­дел және нақ­ты ақ­па­рат бе­ру  (сыр­қат­тар­дың ағы­ны бо­ла­тын жер­лер­де көр­не­кі ақ­па­рат­тың жоқ­тығы)
0,05
Про­це­стің ин­ди­ка­тор­ла­ры
12.
Стан­дарт­тар­ға до­нор­дың ме­ди­ци­на­лық зерт­те­уле­рі­нің сәй­кест­і­гі  (әр­бір жағ­дай­да)
12.1
зерт­ха­на­лық зерт­те­улер то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ді ке­мін­де 100%
1,0
до­нор­ды ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру жүр­гі­зіл­ді:
12.2
ке­мін­де 100%
1,0
12.3
до­нор­ға ан­ке­та жүр­гі­зі­л­ген жоқ
0,2
13.
Қан пре­па­рат­та­рын және зерт­ха­на­лық зерт­те­улер­ді өн­ді­ру үшін қол­да­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен ре­а­гент­тер­ге кі­ріс ба­қы­ла­у­ын жүр­гі­зу жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар
13.1
кі­ріс ба­қы­ла­уы рә­сі­мі­нің бол­мауы
0,5
13.2
кі­ріс ба­қы­лау то­лық кө­лем­де жүр­гі­зіл­ме­ді
0,2
14.
Қан ком­по­нент­те­рі мен пре­па­рат­та­рын өн­ді­ру­де­гі қиын ке­зең­дер­ді анық­тау жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар
14.1
жүр­гі­зіл­мей­ді
0,5
14.2
то­лық емес кө­лем­де жүр­гі­зі­ле­ді
0,2
14.3
до­нор­лық қан­ды зерт­ха­на­лық зерт­теу то­лық жүр­гі­зіл­ме­ді
1,0
14.4
өнім­ді эти­кет­теу және мар­ка­лау тәр­ті­бі бұ­зы­лып жүр­гі­зіл­ді
0,2
15.
Бір­жол­ғы пла­сти­ка­лық кон­тей­нер­лер­ді қол­да­на оты­рып, қан жи­нау жүр­гі­зіл­ме­ген  (әр­бір жағ­дай­да)
0,1
16.
Қан өні­мін жұқ­па­лы және им­му­но­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­ді­гі­мен қам­та­ма­сыз ет­пеу  (әр­бір жағ­дай­да)
16.1
до­нор­лық қан­ды, оның ком­по­нент­те­рі мен пре­па­рат­та­рын ге­па­тит, АҚТҚ, бас­қа да жұқ­па­лар­ға зерт­теу жүр­гі­зіл­ме­ген
0,5
16.2
HLA мен ан­ти­э­рит­ци­тар­лық ан­ти­тел­дер­дің бо­луы­на до­нор­лық қан скри­нинг жүр­гі­зіл­ме­ген
0,5
16.3
қан ком­по­нент­те­рін лей­ко­филь­тра­ци­я­сы жүр­гі­зіл­ме­ген
0,5
17.
До­нор­ға шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­сет­пеу
0,7
18.
Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­ны са­па­сыз ре­сім­деу және жүр­гі­зу  (әр­бір жағ­дай­да)
0,01
Нәти­же ин­ди­ка­тор­ла­ры
19.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін жет­кі­зу­мен қам­та­ма­сыз етіл­меу  (әр­бір жағ­дай­да)
0,5
20.
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ға жа­рам­сыз өнім­ді тап­сы­ру (әр­бір жағ­дай­да)
1,0
21.
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ға ка­ран­т­ин­дел­ме­ген ЖТП бе­ру
1,0
22.
До­нор­лар­дың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын са­па­сыз жүр­гі­зу
0,5
23.
Аза­мат­тар­дың   са­па­сыз көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ке ары­зда­ры  (әр­бір жағ­дай­да)
23.1
негіз­дел­ген ары­здар
0,5
23.2
жар­ты­лай негіз­дел­ген
0,3

5 Медициналық қызметтің сапасын

сараптауды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
5-қосымша
20__жылғы "____" ____________ денсаулық сақтау субъектісінің
      қызметін тексеру актісіне медициналық қызметтің сапасын
                         сараптау қорытындысы
1.__________________________________________________________________
(медициналық қызметтің сапасын сараптауды жүзеге асыратын
  мемлекеттік орган)
2. Денсаулық сақтау субъектісінің атауы, заңды мекен-жайы___________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Тексерілген бастапқы медициналық құжаттама:
1)__________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________
және т.б.
4. Сараптамалардың саны:
N
Ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­дің түр­ле­рі
Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­ның тү­рі
Са­рап­та­ма­лар­дың са­ны
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де 100% са­рап­та­ма­ға жа­та­тын
1
Ста­ци­о­нар­лық кө­мек
Ста­ци­о­нар­лық сыр­қат­тың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы
2
Ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық-са­ни­тар­лық кө­мек
Ам­бу­ла­тор­лық сыр­қат­тың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы
3
Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем
Шы­ғу­дың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы
4
Қан қыз­ме­ті
До­нор­лар­дың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы
5. Медициналық қызметтің сапасын бағалау нәтижелері, соның
ішінде:
      1) адам, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу
(медициналық қызметтің құрылым индикаторлары) -
      2) алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының
орындалуын бағалау (медициналық қызметтің процесс индикаторлары) -
      3) медициналық көмекті көрсету немесе көрсетпеу нәтижесінде
денсаулыққа келтірілген зардаптарды бағалау (медициналық қызмет
нәтижесінің индикаторлары) -
      6. Медициналық қызмет сапасының қорытынды бағасы (5 деңгей
бойынша бағаланады)_________________________________________________
____________________________________________________________________
      7. Сарапшының қорытындысы (медициналық көмек сапасының барынша
жиі кездесетін анықталған ақауларын көрсету және ұсыныстар) ________
____________________________________________________________________
      Лауазымды адамдар_____________________________________________
                              Тегі, аты, әкесінің аты, қолы
      Денсаулық сақтау субъетісінің басшысы_________________________
                                       Тегі, аты, әкесінің аты, қолы
      Күні 20__ жылғы "____" ______________

Қолданыстағы