Қолданыстағы ред. 15.06.2007 (Редакция 34218_300041.kaz)

Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы туралы от 15.06.2007 г. № 39/304-III (Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы туралы)

0

Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Қоса беріліп отырған
«Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы» бекітілсін.

2

2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы

Арыс қалалық маслихатының "Арыс қаласының
елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп
ұстау мен қорғау Қағидасы туралы" 2007 жылғы
15 маусымдағы № 39/304-ІІІ шешімімен бекітілген
Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы
Осы Қағида кінәратсыз қоршаған орта қалыптастыру, жасыл желек екпенділердің тиімділімен қала мен елді мекендерді көріктендірудің негізгі элементі ретінде Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамаларына сәйкес әзірленді. Қағида қала мен елді мекендерде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттей отырып, меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 300 бабы бойынша жауапкершілік белгілейді.

1. 1. Негізгі ұғымдар мен аңықтамалар.

1. Негізгі ұғымдар мен аңықтамалар.

1

1. Көріктендіру - қала мен елді мекендерге жасыл желектер мен гүл шоқтары арқылы табиғи және жасанды жолмен (қалалық бақтар, парктер, бульварлар, көше және көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) әсемдік көрік беру.

2

2. Жасыл желектер - қала аумағы мен елді мекендерде азаматтардың ыңғайлы өмір сүруі мен демалуы үшін кінаратсыз қоршаған ортаны қалыптастыруға арнайы бөлінген алаптары мен учаскелер (қалалық бақтар, парктер, бульварлар, көше және көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) орналасқан гүлдер, ағаштар, көшеттер және шөпті өсімдіктер.

3

3. Жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, абаттандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;

4

4. Жасыл желекті екпелердің өтемақылық құны-жасыл желекті екпелерді құруға және күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желекті екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;

5

5. Көгалдандырылған аумақтар - табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гулзарлар орналасатын тұрғын үй қоғамдық, коммуналдық жер учаскелері;

6

6. Жасыл желекті екпелердің бүлінуі - ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп (өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтарының, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы, жасыл желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өрттеу және өзге де нұқсан келтіру бүліну болып табылады;

7

7. Жасыл желекті екпелерді жою - ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді бүлдіру;

8

8. Жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі тиісті орган - жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін Арыс қаласы әкімдігінің уәкілеттік берген органы.

2. 2. Жалпы ережелер.

2. Жалпы ережелер.

9

9. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы және қаланың көркі болып табылады, оларды қорғау және күтіп ұстау меншік нысанына қарамастан, әрбір кәсіпорын, мекеме, әрбір азамат тиіс.

10

10. Жасыл желектерді ұқыпты сақтауға, толық кешенді агротехникалық шараларды жүргізуге, суаруға, қураған шыбықтарды кесуге, қиып тастауға, ағаштардың түптерін тазарту және әктеуге, ағаш түптеріндегі өсімдіктерді жоюға, тыңайтқыштар енгізуге, жас ағаштардың түп айналасын түптеуге, жараларын дизенфекциялауға және сылап бітеуге, сондай-ақ арам шөптерді жою бойынша өңдеу;

11

11. Жыл сайын наурыз-сәуір айларында табиғи-климаттық жағдайға байланысты аумақты көгалдандыру-көріктендіру санитарлық тазарту мақсатында айлық өткізу;

12

12. Жасыл желектерді қорғау мақсатында шашылатын, шаңдайтын және басқа да ластайтын жүктерді тасымалдағанда жапқыш (тент) пайдалану керек.

3. 3. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібі.

3. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібі.

13

13. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық- құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көріктендірудің ережесін ұстануға:

1

1) жасыл желектердің бұзылуы немесе жойылуына жол бермеу үшін алдын-ала қорғау шараларын жүргізу;

2

2) газондарда, саябақтарда және басқа да жасыл желектер орындарында, көлік құралдарының тұрақтарын тұрғызуға және кіруіне тыйым салынады.

14

14. Қарамағында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар көгалдандыру-көріктендіру жағдайын үнемі қадағалап отыруға тиіс, нақты айтқанда:

1

1) көгалдар мен жасыл желектерді химиялық немесе жасыл желектердің өмір сүруін тоқтататын лас сумен суарына жол бермеу;

2

2) бөлінген және қорғалынатын аймақтарда жасы желектер мен көгалдардың санитарлық жағдайын қадағалауға;

3

3) ғимараттар және жер асты коммуникациялары кұрылысына техникалық құжаттарды әзірлегенде жобалаушы ұйымдар құрылыс учаскелеріндегі ағаштар мен көшеттердің мүмкіндігінше көп сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу тиіс.

15

15. Жасыл желектердің аумағында тыйым салынады:

1

1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды газондар мен гүлдер егілген жерлерге, ағаш шұңқырларына жинауға, ластауға;

2

2) газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;

3

3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;

4

4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, құм өндіруге;

5

5) көшелерге, саябақтарға, стадиондарға мектеп алды алаңдарында үй құстары мен малдарды жаюға;

6

6) жасыл желектерді өнеркәсіптік лайсумен және басқа тастамалармен ластауға;

7

7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлік құралдарымен жүруге (арнайы көліктен басқа);

8

8) газондарда автокөлік құралдарын қоюға және тұрағын орнатуға;

9

9) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;

10

10) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;

11

11) гүлзарлар мен көкмайсаның үстімен жүруге, оларға зиян келтіруге, құрылыс материалдарын (құм, цемент, бөренелер, тас, кірпіш) жинауға;

16

16. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді өсіп-өндіруге және қорғауын қамтамасыз етуге міндетті.

4. 4. Жасыл желектерді, оларды жойғанан кейінгі зиянды өтеу және қалпына келтіру.

4. Жасыл желектерді, оларды жойғанан кейінгі зиянды өтеу және қалпына келтіру.

17

17. Азаматтардың немесе заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде болған
көп жылғы жасыл желектерді жоғалту (жою, құрту) немесе зақымдау натуралы түрде өтеуге жатады.

18

18. Өтемдік көгалдандыру төменгі талаптар есебіне сәйкес жүргізіледі:

1

1) орны толтырылатын екпелер саны, көгалдандырылған аймақ көлемі қысқартылмай жойылған екпелер санын екі есе көлемде артық болуы;

2

2) орны толтырылатын жасыл желектердің түрлік құрамы және құрылыс сәулет, экологиялық
және эстетикалық сипаттамасы жағынан артық болуы
тиіс.

5. 5. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.

5. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.

19

19. Осы Қағиданың талаптарын бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 300 бабына сәйкес жауапкершілік тағайындалады.