Қолданыстағы ред. 04.07.2007 (Редакция 34419_353541.kaz)

Саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын белгілеу туралы от 04.07.2007 г. № 148/1 (Саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын белгілеу туралы)

0

Саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі және Аманкелді аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын белгіленсін (қосымшаға сәйкес).

2

2. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жарақтандырсын.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

5