О финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 29.01.1999
- Көрсетілген редакция
- 29.01.1999 3488_265332.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99S0000079
- ЭКБ идентификаторы
- 3488
- Редакция идентификаторы
- 3488_265332
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:21
0 Солтүстік Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 12.09.2000 № 176 шешімімен
Шағын кәсіпкерлік субьектілерін кредиттеудің механизімін жетілдіру, облыс бюджетінен шағын бизнесті қолдауға бөлінетін қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі паралар туралы» 1997 жыл 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын орындау үшін, сондай- ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жыл 10 қаңтардағы Үкімет мүшелерімен мәжілісінің № И-18 хаттамалық шешімінің 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЬІЛДАЙМЫН:
1. Бекітілсін:
шағын кәсіпкерлік субьктілерін кредиттеу және облыстық бюджеттің қаржысы және осы мақсат үшін көзделген басқа да көздер есебінен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасын қаржыландырудың тәртібі туралы Ереже;
2 қосьшшаға сәйкес, облыс бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізбесі;
3 қосымшаға сәйкес, шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы.
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық комиссия бекітілсін:
бюджеттік қаржыдан шағын кәсіпкерлік субьектілеріне кредит берудің жоғарғы сомасы және мерзімі;
екінші деңгейдегі банктермен жасалатын келісімдердің жалпы шарттары.
3. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысшы органы болып, шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық басқарма айқындалсын.
4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма екінші деңгейдегі банктермен шағын кәсіпкерлік субьктілеріне кредиттік қызмет көрсету туралы және шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдауға бөлінетін бюджеттік қаржының нысаналы пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы шешімді орындауға байланысты қажетті басқа да барлық шараларды қабылдасын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Ф. Вербнякке жүктелсін.
6 1999 жылғы
29 қаңтарындағы
облыс әкімінің
№16 ШЕШІМІНЕ
1 ҚОСЫМША
Шағын кәсіпкерлік субьектілерін кредиттеу және бюджеттік қаражаттар мен осы мақсат үшін көзделген басқа да көздер есебінен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасын қаржыландыру тәртібі туралы ереже
1. «Шағын кәсіпкерлік субьектілерін кредиттеу және бюджеттік қаражаттар мен осы мақсат үшін көзделген басқа да көздер есебінен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасын қаржыландыру тәртібі туралы ереже» (ілгеріде Ереже), «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және дамуын жандандыру жөніндегі шаралар туралы» 1997 жыл 6 наурыздағы № 3398 Жарлығына, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республиксының 1997 жылғы 9 маусымдағы № 131-і Заңына сәйкес әзірленді және облыстағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға бөлінген бюджеттік қаржыларды, сондай-ақ осы мақсат үшін басқа көздерден бөлінген қаржыларды пайдаланудың негізгі ережелерін айқындайды.
2. Осы Ереже мыналарды айқындайды:
а) шағын кәсіпкерлік субьектілерін (ілгеріде Заем алушылар) бюджеттік қаржыдан жеңілдікпен кредиттеудің тәртібін, шарттарын, мерзімін және механизімін;
5) екінші деңгейдегі уәкілетті банктермен қайтарым негізінде бірігіп қаржыландыру тәртібінде Заем алушыларды кредиттеудің бірккен шарттарын;
в) оларға Заем берушілер беретін, кредиттер жөніндегі Банктердің проценттік ставкасының (мүдделер) өтемақы бөлігінің шарттарын.
Осы мақсатты іске асыру үшін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма (ілгеріде-Басқарма) мен Банктер арасында жыл сайын осы мақсаттар үшін көзделген облыстық бюджеттің қаржысы есебінен Банктердің Заем алушыларға кредит берудің тәртібін айқындайтын сәйкес келісімге қол қойылады (ілгеріде Кредиттік келісім).
3. Жеңілдікпен кредиттеу, Заем алушылардың жобаларын бірігіп қаржыландыру Банктің келісім-шарт негізінде айқындалған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізбесіне сәйкес (ілгеріде Тізбе) жасалады.
4. Бюджеттік қаржыдан Заем алушыларға кредит берудің шекті сомасы, мерзімі, сондай-ақ Заем алушыларға Банктердің кредиттік қызмет көрсетуге Басқармалармен жасалатын жалпы келісім-шарттары Шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жөніндегі комиссиясымен (ілгеріде Комиссия) белгіленеді.
Нақтылы жағдайды ескере отырып (экономикалық жағдай, инфлияция қарқыны, Банктердің қалыптасқан проценттік ставкалары), Комиссия бір Заем алушыны кредиттеудің шекті лимитін өзгертуге құқылы.
5. Банктердің проценттік ставкаларының өтемақыларының бір бөлігін өтеу (мүдде) бюджеттік қаржы есебінен ұсталатын, мекемелер мен кәсіпорындарға қызметтер көрсетуге мердігерлік келісімі және келісімі бар облыс экономикасының басымдылық салаларындағы, сондай-ақ халықтың тұрмысы жұқа жігіне қызметтер көрсетумен айналысатын Заем алушыларды қаржыландыратын Банк кредиттері бойынша Бюджеттік қаржыдан жасалады.
Мұндай жағдайда, берілетін кредиттік ресурстардың нақтылы көлемі, кредиттеудің мерзімі Банктердің Заем алушылармен келісімдері бойынша айқындалады, алайда кредит берудің жалпы мерзімі, сондай-ақ сомасы, Банктердің мүдделерін өтеуге бюджеттен бағытталған қаржы (кредиттеу мерзіміне қарамастан), олар беретін кредиттер бойынша Банктердің проценттік ставкасы осы жылғы кезеңге Комиссия белгілеген ең жоғарғы көлемінен аспауы тиіс.
6. Кредит үшін жартылай проценттік өтемақы төлеу тәртібі, сондай-ақ Банктер мүддесінің бір бөлігін өтеуге бөлінген бюджеттік қаржыны қайтару механизімін қамтамасыз ету Басқарма мен Банктер қол қойған сәйкес кредиттік келісімдермен айқындалады.
7. 3аем алушыларға бюджеттік қаржыдан қайтарым негізінде жеңілдіктермен кредиттер беру, сондай-ақ осы көздерден олардың жобаларын бірігіп қаржыландыруды іске асыру олар экономиканың басымдылық секторларындағы өндірістік қызметтермен, облыс үшін әлеуметтік-маңызды (жұмыстар атқарумен), сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды еңбекке орналастыру үшін жұмыс орындарын құрайтын қызметтермен айналысқан жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
8. 3аем алушыларды кредиттеуге бөлінетін бюджеттік қаржыны олар жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ айналым қорын толықтыруға пайдалана алады.
9. Заем алушыларды кредиттеуге бөлінетін бюджеттік қаржыны олар жалақы, бюджеттік төлемдер жөніндегі қарыздарды өтеуге пайдалана алмайды.
10. Басқарма Тізбеге сәйкес келетін жобаларды, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия оның мақұлданған тізбесін бекітеді және шағын субьектілеріне несие берудің кезегін белгілейді. Бекітілген жоба тізімін Басқарма уәкілетті Банктерге береді.
11. Заем алушылар қаржыландыратын Банкті олардың бюджет алдында берешектері жоқтығын құжаттармен растауға тиісті.
12. Банктер Заем алушылар беруге тиісті құжаттар талабын, олардың қабылданған кредиттік саясаттарына сәйкес Банктердің өздері белгілейді.
13. Банктер мақұлдаған жобалар, 3 жүмыс куні аралығында Заем алушыға қаржы беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайтын Басқарманың қарауына ұсынады.
14. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бөлінген, бюджеттік қаржыны нысаналы пайдалану шарты сақталмайтын жобаларды Басқарма пысықтау үшін Банкке қайтарады, ал оны кемшіліктерін түзету мүмкін болмаған жагдайларда, одан бас тартады.
15. Басқарма мен Банктен оң шешім алған жобалар бойынша 10 күндік мерзімде Заем алушыларға кредит беру үшін қажетті құжаттар ресімделеді.
16. Бюджеттік қаржыдан Заем алушыларға Жеңілдікпен берілетін кредиттердің проценттік ставкасының көлемі және Заем алушыға кредит берудің мерзімі осы жылға Комиссия белгілеген ең жоғарғы көлемнен аспауға тиісті.
17. Бюджеттік қаржыдан бөлінетін жеңілдікпен бөлінетін кредиттер, сондай-ақ бірігіп қаржыландыру шартында Заем алушыны кредиттеуге бағытталатын қаржының бір бөлігі, әдеттегідей, кепілдікті қамтамасыз ету немесе, олар берген басқа кепілдіктер, осы Ережеде белгіленген тәртіпте алушыны толығынан немесе, жартылай ондай қамтамасыз етуден босату туралы шешім қабыылданған жағдайдан басқа, арқылы берілуі тиіс.
18. Бірігіп қаржыландыру кезінде Басқарма өзінің жоба құнының кредиттік ресурстар жөніндегі үлесін Комиссия айқындаған проценттік ставка бойынша береді, ал Банктер өзінің жоба құнының кредиттік ресурстар жөніндегі үлесін Кредиттік келісіммен айқындалған ставка бойынша береді. Шағын кәсіпкерлік субьектілерін кредиттеу үшін бюджеттік қаржы бергені үшін сыйақы.
Басқарма мен Банк қол қойған, Кредит келісімімен айқындалған шарттарда бюджеке аударылуы тиіс.
19. Бірігіп қаржыландыру шартыындағы қаржыландырылатын жобалар бойынша Заем алушы үшін проценттік ставка Банк ставкасына және оның жобаны бірігіп қаржыландыруға қатысу үлесіне тәуелді болады, алайда жобаны бірігіп қаржыландырудағы Банктің үлесі Заем алушыға берілетін кредиттің жалпы сомасынан 50 проценттен кем болмауы тиіс.
20. Оған бірігіп қаржыландыру шартында Банк беретін Заем алушылардың кредиттік ресурстар үлесін қамтамасыз етуін Заем алушылармен келісу арқылы Банкпен айқындалады.
21. Заем алушылар кредиттік ресурстарды нысаналы пайдаланбағаны белгілі болған жағдайда, Банк 3 күн аралығында ол туралы Басқарманы хабардар етеді.
22. Басқармаға және оның есеп-шотына бюджеттік қаржы бөлу мен Заем алушылардың Банк мақұлдаған және қабылдаған жобалары бойынша ғана облыстық қаржы басқармасы жасайды. Кредиттік ресурс ретінде бөлінген бюджеттік қаржыны Банк 15 күн аралығында игере алмаған жағдайда (алдын ала төлем жасалмағанда, аккредитив ашылмағанда, кепілдік немесе вексель берілмегенде, жабдықтаушылармен немесе, мердігерлермен басқа да есеп айырысулар жасалмағанда), олар (Басқарманың Банкке аударған ақшалай қаржыны) 5 банктік күн аралығында Басқарманың есеп-шотына қайтарылуы тиіс. Банктердің ақшалай қаржыны Басқарманың есеп-шотына дер уақытта кайтармаған, олардың бөлінген бюджеттік қаржыны игере алмаған жағдайлардағы санкция көлемі Басқарма мен Банктер араларындағы жасалған Кредиттік келісімдермен айқындалады.
23. Осы Ережемен көзделген шағын кәсіпкерлік субьектісінің пайдасына облыс әкімиятының кепілдігін беру туралы Шешімін Комиссия Заем алушының берген арызының негізінде ұсынады.
Кәсіпкерлердің оларға Әкімияттың кепілдігін беру жөніндегі арызын қараудың процедурасы мен тәртібін Комиссия белгілейді және бекітеді.
24. Басқарма Комиссияның қарауына шағын кәсіпкерлікті қолдаудың облыстық бағдарламаларының іс-шараларын қаржыландыру туралы үсыныс жасайды.
25. Комиссия Басқарманың ұсынуы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың облыстық бағдарламасындағы көзделген іс-шараларды қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
26. Комиссия Басқарманың жеңілдікпен кредиттеуге ұсынған шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жобаларын қарау туралы есептерін тыңдайды және бекітеді.
27. Комиссия отырысы кажеттілігіне қарай, алайда кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.
37 1999 жылдың
29 қаңтарындағы
облыс әкімінің
№ 16 ШЕШІМІНЕ
2 ҚОСЫМША
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізбесі
- жоғары сапалы киімдер мен трикотаж бұйымдарын өндіру;
- жоғары сапалы жиһаз бен фурнитуралар өндіру;
- картон-кағаз өнімдерінің жаңа түрлерін өндіру;
- мал шаруашылығын дамыту;
- ауылшаруашылық өнімдерін дайындау өңдеу және сақтау;
- тамақтық азық-түлік және оларды буып-түйетін материалдар өндіру;
- дәрі-дәрмектік табиғи шикізаттар дайындау және өңдеу, сондай-ақ дәрі-дәрмек, байлап-таңу материалдарын және санитарлық-гигиеналық заттар шығару;
- жергілікті шикізат базасында прогрессивтік және жаңа кұрылыс, конструкциялар мен бұйымдар өндіру;
- кәсіпкерлік инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындар (консалтингтік, аудиторлық, маркетингтік қызметтер) құру;
- қызметтер салалсын адмыту;
- өнімдері ішкі және сыртқы рыноктарға бағытталған, жоғары экспорттық потенциалы бар ғылымды көп талап ететін және технологияларға байланысты өндірістік қызметтер.
38 1999жылдың
29 қаңтарындағы
облыс әкімінің
№ 16 ШЕШІМІНЕ
3 ҚОСЫМША
Шағын кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау жөніндегі комиссияның кұрамы