Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы
Әділет Министірлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығының негізінде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы от 07.09.2007 г. № 3878 (Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы)
1. Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 .Шығарылған сот үкіметіне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушілер сотталған азаматтарды қала аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттерді отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, құрылыс , жолдары және оның аймағын тазалау жұмыстарына, санитарлық қызметтерге тартылуын қамтамасыз етсін.
3. Аталған тізімде көрсетілген мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстардың төлемақыларын жергіліктер бюджетке аударылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
2007 жылғы 7.09. № 3878
қала әкімдігінің қаулысына қосымша
Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі
1. «Орталық қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын/С.С.Бекназаров/
2. «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Ж.С.Мукашев/
3. «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Н.О.Қайнарбеков/
4. «Өзенкөктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Ж.Б.Туров/
5. «Өзен жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын /Б.А.Ақшабаев/