¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
«¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы от 26.04.2007 г. № 258 (¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы)
1. Қоса берілген «¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесі» бекітілсін.
2. Осы Ереженің уақытылы тағайындалуы және төленуін қамтамасыз ету «Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен сүралсын.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
26 сәуірдегі №258 нормативтік құқықтық
кесімімен бекітілген
¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердін екінші рет некеге түрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже «¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес әзірленді және ¥лы Жеңістің 62 жылдығына орай ¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне коммуналдық және байланыс қызметтері шығындарын өтеуге жеңілдіктер беруді және 10000 (он мың) теңге көлемінде бір жолғы материалдык көмек көрсетуді белгілейді.
2. Жеңілдіктер беру мен бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу «Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Жеңілдіктер беру 2007 жылдың 1 маусымынан-31 желтоқсаны аралығында 7 ай мерзімге көрсетіледі.
2. Жеңілдіктер түрлері
4. Жеңілдіктер беру байланыс қызметіне және коммуналдық қызметтің мына түрлері бойынша тағайындалады:
1) Әлектр жарығы үшін;
2) Қатты отын (көмір) алу үшін;
3) Ауыз суға;
4) Газға;
5) Телефонға.
3. Жеңілдіктер мен материалдық көмектің мөлшері
5. Жеңілдіктер және материалдық көмек мөлшері:
1) Әлектр жарығы 1 айға-45 кВт;
2) Қатты отын (көмір) пайдалану от жағатын қысқы мезгілде айына 0,5 тонна;
3) Ауыз суға тариф бойынша;
4) Газға 1 кіші баллон 10 киллограмм;
5)Телефонның әр айдағы абоненттік ақысына;
Сонымен қатар, бір жолғы материалдық көмек мөлшері 10000 (он мың) тенгені қүрайды.
4. Қаржыландыру және төлеу
6. Коммуналдық және байланыс қызметтері үшін жеңілдіктер беру және материалдық көмек көрсету шығындары «Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 451007000332 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады және осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.
7. Жеңілдіктер мен материалдық көмек алушылардың құқығын растайтын құжат ¥лы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің, соғыста қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаган жесірлерінің «Аудандық зейнетақы төлеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің ай сайынғы ұсынылған мөрімен расталған тізімі болып табылады.
8. Бір жолғы материалдық көмек алушыларға белгіленген қаржы екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке шоттарына аударылады.
9. Жеңілдіктер мен материалдық көмек алушы қайтыс болған жағыдайда қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған негіздерге сәйкес тоқтатылады.