Қолданыстағы ред. 10.10.2007 (Редакция 35663_307813.kaz)

Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы от 10.10.2007 г. № 15 (Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы)

0

Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-шы бабы 1-тармағы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-шы бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ұсынысын қарай келіп, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысыктарды күтіп ұстау қағидасы бекітілсін.

2

2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасы

Кентау қалалық мәслихатының
2007 жылғы 10 қазандағы №15
шешімімен бекітілген
Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды,
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасы
Осы қағида, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңдарына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді.

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Осы қағида, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Хантағы, Байылдыр және Ащысай елді мекендер аумағында, ауыл шаруашылығы жануарлары, иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі - жануар иелері).

2

2. Жануар иелері, жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарлармен ластауға жол бермеу (олардың артынан жинау), санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен оларды ұстау ережелерін қатаң сақтау, адамдардың қауіпсіздігін және үйде тыныштықты қамтамасыз ету керек.

3

3. Екінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтау кезінде:

1

1) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттерді тек қана байлауда немесе вольерлерде ұстауға;

2

2) қоғамдық орындарда тұмылдырықпен және қысқа баумен жүруге рұқсат етіледі.

4

4. Қалалық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау, жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылады. Жануарлар тұмылдырықта, не арнайы бөліктерде, қолдорбаларда болу керек.

5

5. Қоғамдық орындарда ит пен мысықтар тұкымына қарамастан, оларды адамдар ертіп жүрмесе (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда және басқа жерлерде), иелері байлауда қалдырғандардан басқасы, қаңғыбас деп есептеліп, оларды аулауға, атуға рұқсат етіледі.

2. 2. Жануар иелеріне ұсынылады

2. Жануар иелеріне ұсынылады

6

6. Жануар иелері:

1

1) жануарды сатып алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Кентау қалалық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімінен ветеринариялық төлқұжат алу;

2

2) жануарларға жүйелі дәрілеуді жүргізу;

3

3) итпен келтірілген жарақаттар туралы, ит тістеп алған жағдайда медициналық мекемелерге, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлау;

4

4) адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларға жарақат келтірген иттерге карау және карантиндік іс-шаралар қолдану үшін, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлау;

5

5) көшелерде итпен тек қана қысқа баумен, үлкен ит болса тұмылдырықпен алып жүру;

6

6) жануарды оның биологиялық қажеттілігіне сай ұстау, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау, қараусыз, тамақ пен сусыз қалдырмау, ал ауырса уақытында ветеринариялық көмек көрсету;

7

7) жануар өліп қалса, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлап, оның қадағалауымен өлексені мал өлекселерін жоятын шұңқырларға («Беккари»
шұңқырлары) тастау керек;

8

8) тіркеуге, емдеуге және басқа шараларға байланысты шығындарды жануар иелері төлейді.

7

7. Жануар иелеріне:

1

1) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық орындарда жануарларды қыдыртуға және олармен қоғамдық көлікке отыруға;

2

2) Кентау қаласының аумақтарында иттер күресін арнайы орындардан тыс жерлерде өткізуге;

3

3) жануарларға қатыгездік жасау, олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соғатын әрекеттерді жасауға болмайды.

3. 3. Ауыл шаруашылығы жануарларды ұстау

3. Ауыл шаруашылығы жануарларды ұстау

8

8. Ауыл шаруашылығы жануар иелері:

1

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және оларға ветеринариялық төлқұжаттарды рәсімдеу;

2

2) малды арнаулы жерде ұстау;

3

3) малдарды көшелерге, саябақтарға және басқада қоғамдық орындарда жаюға жол бермеу;

4

4) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай оларды сатуға жол бермеу керек.

4. 4. Осы қағиданы сақтамағаны үшін жануар иелерінің жауапкершілігі

4. Осы қағиданы сақтамағаны үшін жануар иелерінің жауапкершілігі

9

9. Осы қағиданы бұзғаны және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындамағаны үшін, жануар иелеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 мен 311 бабтарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.

10

10. Жануарларға қатыгездік жасау, олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соқса, жануар иелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 276 бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.