Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы от 06.11.2007 г. № 214 (Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы)
1. Азық-түлік себеті мөлшерінің өсуіне байланысты, 2007 жылдың 4-тоқсанына, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын, аз қамтылған азаматтарға (жанұяға), 1638 теңге мөлшерінде бір жолғы қосымша әлеуметтік көмек төленсін.
2. «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті аудан бюджетінен «Жергілікті өкілетті органдардың көмекке мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шегінде қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.