Қолданыстағы ред. 16.10.2007 (Редакция 35930_177968.kaz)

Қала көшелеріне және селолық округтердегі көшелердің атауларын өзгерту және жаңадан құрылған көшелерге атаулар беру туралы от 16.10.2007 г. № 655а (Қала көшелеріне және селолық округтердегі көшелердің атауларын өзгерту және жаңадан құрылған көшелерге атаулар беру туралы)

0

Қала көшелеріне және селолық округтердегі көшелердің атауларын өзгерту және жаңадан құрылған көшелерге атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 9 қазандағы қорытындысы негізінде Атырау қалалық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау қаласындағы, Балықшы пәселкесінде қарасты Құрсай ауылының оңтүстік бетіндегі жанадан бой көтерген көшеге, Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек сіңірген ұстаз – Құбаш Мұқашұлының есімі берілсін.

2

2. Атырау селолық округіне қарасты бұрынғы Ленин көшесіне еңбек ардагері – Қуанәлі Құрмашевтің есімі берілсін.

3

3. «Алмагүл» мөлтек ауданындағы жаңадан салынған № 4 көшеге медицина саласының үздік қызметкері – Керей Ишанғалиұлы Исмагуловтың есімі берілсін.

4

4. Атырау қаласындағы бұрынғы «Дружба» көшесіне «Достық» атауы берілсін.

5

5. Геолог селолық округіне қарасты елді-мекені мен мөлтек ауданы бойынша орналасқан көшелерге және өткелдерге төмендегіше атаулар берілсін:

1

1) «Бірлік» елді-мекені бойынша:
№5 көшеге «Тұмар ханым» есімі берілсін.

2

2) «Мирас» мөлтек ауданы бойынша:

1

1) жаңадан құрылған көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
№2 көшеге – Бейбітшілік;
№3 көшеге – Мұнайшылар;
№6 көшеге – Жеңіс.

2

2) жаңадан құрылған өткелдерге төмендегідей атаулар берілсін:
№3 өткелге – Нарын;
№4 өткелге – Шұғыла;
№5 өткелге – Наурыз;
№6 өткелге – Арай.

6

6. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

7

7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.