Қолданыстағы ред. 27.11.2007 - 01.01.2007 (Редакция 36110_345324.kaz)

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы от 27.11.2007 г. № 1/282 (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы)

0

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 28 сәуіріндегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 сәуіріндегі №2247 Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қарқаралы аудандык Мәслихаттың 2007 жылдың 22 қазандағы «Аудандык Мәслихаттың 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы «2007 жылға арналған бюджет туралы» № 29/164 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №3/23 шешіміне (Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2007 жылдың 1 қарашасында мемлекетік тіркеуден өткен, тіркеу №8-13-34, №87-88 «Қарқаралы» газетінде 2007 жылдың 3 қарашасында ресми жарияланған) сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы» Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 20 қарашасындағы №451 қаулысының күші жойылсын.

2

2. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » мемлекетік мекемесі (Б.М.Жұманбаев) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша атаулы көмектің қарастырылған 328,0 мың теңге бойынша 2007 жылдың 1 қаңтардаң бастап айлық есеп көрсеткіші бойынша және аудандық Зейнетақы төлеу орталығының 2007 жылдың 1 қарашасына базалық мәліметі бойынша тізімен төленсін.

3

3. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекетік мекемесінде есепте тұрған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері болып табылатын Қазақстан азаматтары тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша атаулы көмек алу құқығын пайдалана алатыны еске алынсын.

4

4. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекетік мекемесінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшесінің анықтамасына сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыру лицензиясы бар ұйымдарды ашылған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетіліп, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары атаулы көмек тағайындау туралы өтініш беріледі. Коммуналдық қызметтерге (су, жылу, электр, жүйесі) төленетін шығындар 1092 теңге айлық есептік көрсеткішті 12 коэффицентіне көбейтіліп, азаматтардың жеке шоттарына аударылсын.

5

5. Өтініш жазған азаматтар ұсынылған ақпараттардың дұрыстығына толық жауап береді. Қандай болса да заңбұзушылық анықталған жағдайда, төленген соммалар кінәлі адамдардан сот арқылы өндіріледі.

6

6. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Қ.Ахметжанов) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы есебінен материалдық көмек көрсету төлемдерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С.Дюсетаевқа жүктелсін.

8

8. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
27.11. 2007 жыл
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
меңгерушісі
Жұманбаев Бейбіт Мақышұлы
____________________________ (қолы)
«КЕЛІСІЛДІ»
27.11. 2007 жыл
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Ахметжанов Бекболат Қанайұлы
____________________________ (қолы)