Құжат мәтініне өту

Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан

Қаулы · № 1372 · қабылданған 29.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-36680/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1372 ·29.12.2007
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1372 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Технического регламента о требованиях к выбросам вредных (загрязняющих) веществ автотранспортных средств, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1372
Қабылданған күні
29.12.2007
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI36680_24.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001372_
ЭКБ идентификаторы
36680
Редакция идентификаторы
AI36680_24
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:18

0 Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне кезең-кезеңімен көшу арқылы қоршаған ортаға зиянды шығарындылар бойынша автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер министрліктері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент 1. Жалпы ережелер

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2007 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы
N 1372 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарына қолданылады және атмосфераға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бойынша олар пайдаланатын отынға және экологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді.

2 2. Техникалық регламенттің объектілері:

Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес жіктелетін М1, М2, М3, N1, N2 және N3 санаттарындағы және іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған, рұқсат етілген ең үлкен массасы 400 кг-дан астам болатын және (немесе) ең жоғары жылдамдығы 50 км/сағ-дан асатын автокөлік құралдары;
зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бөлігінде автокөлік құралдарына орнатылған іштен жану қозғалтқыштары;
іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын болып табылады.

3 3. Автомобиль бензині, дизельдік және газды отын автокөлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылатын отын болып табылады.

4 4. Техникалық регламентте тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:

1 1) шығарындылар - іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газдары мен автокөлік құралдары отынының булануы түріндегі зиянды (ластаушы) заттар;

2 2) іштен жану қозғалтқышы - отын тікелей жұмыс қуыстарында жанатын (мысалы, цилиндрде) немесе жанған отын жұмыс қуысына өтетін жылу қозғалтқышы;

3 3) газды қозғалтқыш - сұйытылған мұнаймен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш;

4 4) күшпен от алатын қозғалтқыш - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы энергияның қосымша көзі (мысалы, электрлік ұшқын) есебінен болатын қозғалтқыш;

5 5) дизель - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы оның қысымнан термодинамикалық қызуы салдарынан болатын қозғалтқыш;

6 6) шығарындылардың үлестік нормативтері - автокөлік құралдарына қатысты белгіленетін шығарындылар нормативтері, олар автокөлік құралының жасаған жұмысы немесе жүрісі бірлігіне есептелген атмосфераға шығаруға жол берілетін шығарындылардың ең үлкен көлемін көрсетеді;

7 7) экологиялық класс – шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды;

8 8) БҰҰ ЕЭК N ережесі - осы Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының ережесі.

2 2. Автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар

5 5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес экологиялық кластар бойынша белгіленеді.

6 6. 2-экологиялық класта:

1

1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен және газбен) және дизель қозғалтқышы бар N 1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 83-04 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

2

2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-02 ережесінде (В шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

3 3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1 бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-03 ережесінде көзделген сынақтар кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді.

7 7. 3-экологиялық класта:

1

1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензин, газ және дизель қозғалтқышы бар N1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1-3-түзетулері, 1-5-толықтырулары (А шығарындылар деңгейі), бар N 83-05 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

2

2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-04 ережесінде (А шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

3 3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

4

4) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, өткіштігі жоғары дизельдері бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1, 2-толықтырулары бар N 96-01 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді.

8 8. 4-экологиялық класта:

1

1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен, газ) және дизель қозғалтқышы бар М1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері 1-3-түзетулері бар, 1-5-толықтырулары (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК N 83-05 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

2

2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-04 ережесінде (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар N 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

3 3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК N 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

4

4) ең үлкен массасы 3,5 тоннадан жоғары М1, барлық доңғалақтарға жетектің жоғарғы өткізгіштігі, оның ішінде осьтердің бірінің өшірілетін жетегімен, дизелі бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативі БҰҰ ЕЭК № 96-02 ережесінде көзделген шығарындылардың нормативті деңгейінде белгіленеді.

9 9. Техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтерінің орындалуын қамтамасыз ететін отын сипаттамасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық кластар бойынша негізгі техникалық талаптар қойылады.

3 3. Сәйкестікті растау

10

10. Автокөлік құралдарының техникалық регламенттің 3, 4, 5 және одан жоғары экологиялық кластар бойынша талаптарына сәйкестігі "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады.
Ұсынылатын көлік құралында экологиялық кластарға сәйкес келетін пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесінің болуын растау дайындаушы зауыттың сертификаты немесе көлік құралы паспортының түпнұсқасы болып табылады.

11 11. Отынның Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификатымен куәландырылады.

4 4. Сәйкестік презумпциясы

5 5. Қолданысқа енгізудің тәртібі мен мерзімі

14 14. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламентке сәйкес мынадай мерзімдерде:

1 1) 2-экологиялық класс 2009 жылғы 15 шілдеден;

2 2) 3-экологиялық класс 2013 жылғы 1 қаңтардан;

3 3) 4-экологиялық класс:

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін автокөлік құралдарына қатысты 2013 жылғы 1 шілдеден;
Қазақстан Республикасында өндірілетін автокөлік құралдарына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап;
дизельдік отында жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқыштары бар М3, N2 және N3 санатты автокөлік құралдарына 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

15 15. Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай мерзімдерде:

1 1) 2-экологиялық класс 2010 жылғы 1 қаңтардан;

2 2) 3-экологиялық класс 2014 жылғы 1 қаңтардан;

3 3) 4-экологиялық класс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

16 16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының экологиялық кластардың талаптарына сәйкестiгiн растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.

17 17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.02.2013 N 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

49 Санаттары бойынша автокөлік құралдарын жіктеу

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
1-қо­сым­ша
Санаттары бойынша автокөлік құралдарын жіктеу
Са­на­ты
Рұқ­сат еті­л­ген ең үл­кен мас­са*, т
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның си­патта­ма­сы
М1
-
Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­дау үшін (жүр­гі­зу­ші­ден бас­қа, се­гіз­ден ас­пай­тын отыр­ғы­зу ор­ны бар ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры)
М2
5-ке** дей­ін
Сол тә­р­із­ді (жүр­гі­зу­ші­ден бас­қа, се­гіз­ден ас­пай­тын отыр­ғы­зу ор­ны бар ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры)
М3
5-тен** жо­ға­ры
N1
3,5-ке*** дей­ін
Жүк­тер­ді та­сы­мал­дау үшін
N2
3,5-ден жо­ға­ры
12,0-ге*** дей­ін
N3
12,0-ден*** жо­ға­ры
Ескертпе:
* арнайы автокөлік құралдарында орнатылатын арнайы жабдық, жүк баламасы ретінде қарастырылады;
** екі немесе одан да көп бөлінбейтін, бірақ біріктірілген секциялардан тұратын біріктірілген автобус бір көлік құралы ретінде қарастырылады.
Біріктірілген автобус жолаушылардың еркін орын ауыстыруы үшін бір-бірімен өзара өтпе дәліз арқылы байланысқан, жолаушы салоны орналастырылған екі немесе одан да көп ажырамай бекітілген секциялардан тұрады; ажырамайтын секциялар бір-бірімен тұрақты бекітілген және тек шеберханада ғана бар арнайы жабдықтың көмегімен ажыратылады;
*** жартылай тіркемені сүйретуге арналған ершікті тартқыштар үшін рұқсат етілген ең үлкен масса ретінде тартқыштың жабдықталған жағдайдағы массасының және тартқышқа жартылай тіркемеден ершікті-ілінісу құрылғысы арқылы берілетін, ең үлкен статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін массаның, сондай-ақ қажет болғанда тартқыш жүгінің ең үлкен массасының қосындысын қарастырады.

50 Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын және автокөлік құралдарының сәйкестігін растау үшін ұсынылатын ережелерінің тізбесі

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
2-қо­сым­ша
Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын және автокөлік құралдарының сәйкестігін растау үшін ұсынылатын ережелерінің тізбесі

51 Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
3-қо­сым­ша
Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар

52 Автокөлік құралдарының және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
4-қо­сым­ша
Автокөлік құралдарының және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның және (неме­се) олар­дың қоз­ғалт­қы­шта­ры шы­ға­ры­л­ған ел
Эко­ло­ги­я­лық клас­стар та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның шы­ға­ры­л­ған жыл­да­ры
2-класс
3-класс
4-класс
5-класс
Еуро­па­лық Од­ақ­қа кі­ре­тін*, бен­зин қоз­ғалт­қы­шта­ры
1997-2000
2001-2004
2005-та­мыз 2009
М1-3 са­на­ты,
N1 - 2009 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N2 са­на­ты - 2010 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N3 са­на­ты - 2008 қа­за­ны және кей­і­ні­рек
Еуро­па­лық Од­ақ­қа кі­ре­тін*, ди­зель­дер
1997-2001
2002-2004
2005-та­мыз 2009
М1-3 са­на­ты,
N1 - 2009 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N2 са­на­ты - 2010 қыр­күй­е­гі және кей­і­ні­рек
N3 са­на­ты - 2008 қа­зан және кей­і­ні­рек
АҚШ
1996-2000
2001-2005
2006 және кей­і­ні­рек
-**
Жа­по­ния
1998-2004
2005-2010
2010 және кей­і­ні­рек
-
Үн­ді­стан
2005-2009
2010
-
-
Ма­лай­зия
2003
-
-
-
Қы­тай
2004-2007
-
-
-
М3 са­на­ты
2012 қаң­тар және кей­і­ні­рек
Ко­рея
2001-2002
2003-2005
2006 және кей­і­ні­рек
-
Ре­сей
2006-2007
-
2010 және кей­і­ні­рек
-
Өзбек­стан
2007-2009
2012 және кей­і­ні­рек
-
-
Бе­ла­русь
2007
-
-
-
Укра­и­на
М са­на­ты - 2006
-
-
-
N са­на­ты - 2007
Ескертпе:
* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді;
**
1) "3-класс", "4-класс" және "5-класс" кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік құралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлiк құралдарына, доңғалақты көлiк құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкiн жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бiрыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негiзiнде берiлетiн ресми бекiтулердi өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келiсiмi) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел "Қытай" бойынша 4-экологиялық класс М3 санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады.
Осы қосымша сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдар сәйкестікті растау рәсімдерін өткізген кезде қолданылады.

53 Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­ке
5-қо­сым­ша
Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Қолданыстағы