Қолданыстағы ред. 24.12.2007 (Редакция 36835_285984.kaz)

Май ауданы, Баскөл селолық округі Баскөл ауылының және Көктубек селолық округі, Көктөбе ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы от 24.12.2007 г. № 23/4 (Май ауданы, Баскөл селолық округі Баскөл ауылының және Көктубек селолық округі, Көктөбе ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы)

0

Май ауданы, Баскөл селолық округі Баскөл ауылының және Көктубек селолық округі, Көктөбе ауылындағы көшелерінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының
жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына 15 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қантардағы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасына» сәйкес талқылап және қарап аудан әкімі мен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Баскөл ауылындағы Амангельды Иманов атындағы көшенің атауы өзгертілмесін.

2

2. Көктөбе ауылындағы Өзен және Жиекжай көшелері біріктіріліп, бұл көшелердің атауы өзгертіліп, Республикалық дәрежедегі зейнеткер, «Май ауданының Құрметті азаматы» Хатип Хабиұлы Демесиновтың есімі берілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының ауыл мәселелері және экология жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

4

4. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.