Қолданыстағы ред. 22.11.2007 (Редакция 37154_372055.kaz)

Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарыпауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы от 22.11.2007 г. № 522 (Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарыпауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы)

0

Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарыпауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-11 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізілсін.

2

2. Қосымшаға сәйкес ауру ошағын жою және сауықтыру кешенді шараларын атқару жөніндегі комиссия құрылсын.

3

3. Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарлары сарып ауруынан сауықтыру бағытындагы іс-шаралардың орындалуын қадағалау комиссияға жүктелсін.

4

4. Айдарлы ауылдық округінің әкімі аудандық аумақтық
басқармасымен (М.Наурызбаев, келісім бойынша) бірігіп ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің кіргізілуі мен шығарылуына, жануарлардың диагностикалық зерттеуден түгел өтуіне қатаң бақылау жасап отыру ұсынылсын.

5

5. Сырдария аудандық мемлекеттік санитарлық-әпидемиологиялық қадағалау басқармасына (П.Өмірәлі, келісім бойынша) ауру малдар анықталған отбасы мүшелерінің түгел медициналық тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

6

6. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Б.Мұсағұлов, келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.

8

8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық аумақтық басқармасының
бастығы Марат Наурызбаев
«22» қараша 2007 жыл
«келісілді»
Аудандық санитарлық-әпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Перизат Өмірәлі
«22» қараша 2007 жыл
«келісілді»
Аудандық аумақтық имнспекциясының бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
Бекзат Мүсағұлов
«22» қараша 2007 жыл
«келісілді»

9. Комиссия мүшелері:

2007 жылғы "22" карашадағы №522
аудан әкімінің қаулысына қосымша
Ауру ошағын жою және сауықтыру кешенді шараларын атқару жөніндегі комиссия құрамы
Батырбек Маншарипов
аудан әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы;
Марат Наурызбаев
аудандық аумақтық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Бекзат Мұсағұлов
аудандық аумақтық имнспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Перизат Өмірәлі
аудандық мемлекеттік санитарлық-
әпидемиологиялық қадағалау баскармасының бастығы (келісім бойынша);
Сәнуар Сарманов
Айдарлы ауылдық округінің әкімі;
Әділхан Сахтапов
Айдарлы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (келісім бойынша).