Об утверждении стандарта государственной услуги «Регистрация и учёт граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандарта государственной услуги «Регистрация и учёт граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне»
- Атауы (қаз.)
- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 388
- Қабылданған күні
- 28.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 37241_372645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SL000047
- ЭКБ идентификаторы
- 37241
- Редакция идентификаторы
- 37241_372645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:19
0 «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1 1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу»
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 388 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу»
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу».
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
3
3. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 20 ақпандағы № 110 қаулысының 3 тармағы 2) тармақшасы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: «3. Мемлекеттік әлеуметтік өтемақы алушыларға жүргізілетін істердің макеттерін қалыптастыру:
2) зейнеткерлерге (жұмыс істейтін зейнеткерлерді қосқанда), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында жұмыс істемейтін азаматтарға».
4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:
«Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, ro-timir@mail.online.kz.
5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі) арнайы комиссияның шешімі.
6 6. Мемлекеітік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:
1949-1965 жылдардагы, 1966-1990 жылдардагы әуе және жердегі ядролық жарылыстарды іске асыру кезіндегі радиоактивтік қалдықтармен ластанган аумақтарда тұратын, жұмыс істейтін немесе әскери міндеттерін (оның ішінде жедел әскери кызметті) өтеп жатқан азаматтар.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1 1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т.б.), мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салу: 20 күн;
Егерде толықтыру үшін сұрау, тексеру өткізу қажеттілігі туса, жүргізілетін істердің макеттерін қалыптастыру жөніндегі арнайы комиссияның төрағасы қарау мерзімін бір айдан көпке ұзартпауға мүмкіншілігі бар.
2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.), мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салудың уақыты: 30 минут;
3 3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты, мемлекеттік қыз көрсетудің нәтижесі ретінде максималды мөлшері: 30 минут.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу» қызметі тегін көрсетіледі.
9
9. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты аудандық «Нива» газетінде басылады, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, № 3,4 кабинеттер мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған. Осы мекен-жайда қызмет көрсетіледі.
10 10. Жұмыс кестесі: күн сайын дүйсенбіден жұм күндері, 9.00. дейін 18.00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін, қызмет көрсетулерді пайдалану үшін алдын ала жазылып қою жоқ.
11 11. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 3, 4 кабинеттерде, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды тапсырады:
1 1) белгіленген қалыптағы отініш;
2 2) жеке куәлік (паспорт);
3 3) тұрғылықты жерінен анықтама;
4 4) сақтау кітапшасы немесе отемақы беру бойынша уәкілетті органнан шарт;
5 5) 1949 жылдан 1965 жылдар, 1966 жылдан 1990 жылдар аралығындағы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұрған кезеңін (жұмыс, әскери қызмет) растайтын құжаттар.
1949 жылдан 1965 жылдар, 1966 жылдан 1990 жылдар аралығындағы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұрған кезеңін (жұмыс, әскери қызмет) растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1 1) мұрағаттық анықтамалар, халық депутаттарының селолық, поселкелік (ауылдық) Кеңестерінің анықтамалары, тұрғын үй-эксплуатациялық басқарманың, үй басқармасының, поселкелер, ауылдар, селолар, ауылдық селолық округтар Әкімдерінің, пәтер иелері кооперативінің анықтамалары;
2 2) еңбек кітапшасы;
3 3) оқу орнын аяқтағаня туралы диплом
4 4) әскери билет
5 5) туу туралы куәлік;
6 6) орта білім туралы аттестат;
7 7) негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік.
13 13. Бланктар Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1, № 3 кабинетте мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде немесе сәйкес селолық округінің аппаратында беріледі.
14 14. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тимирязев селосы, Уәлиханов, 1, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
15 15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрін көрсету арыздың үзінді талоны беріледі.
16 16. Қызмет көрсетудің тәсілдері мен нәтижеге жеткізу регламентінің толық тізбесін көрсету - электрондық пошта, сайт арқылы, жеке қатынасу, курьер және т.б.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты тұлға сайтының сілтемесін, немесе мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.
Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу.
17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету.
1 1) арызданушымен берілген мәліметтердің күмәнділігі;
2 2) ұсынылған құжаттардың сәйкес болмауы;
3 3) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда.
3 3. Жұмыс принципі
18 18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
1 1) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу тәртібі туралы толық және тақты ақпарат алуға;
2 2) сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялығын, жабықтылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3 3) мамандардың сыпайылығына, жауапкершілігіне және кәсібилігіне арқа сүйей алады.
4 4. Жұмыс нәтижелері
19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.
5 5. Шағымдану тәртібі
21 21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану:
Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1 үй, 2 кабинет немесе орынбасарға 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
2 2) Тимирязев ауданының әкіміне
3 3) Тимирязев аудандық сотқа.
22 22. Шағым түскен мемлекеттік органы:
1 1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2 кабинет;
2 2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары – 4 кабинет;
3 3) Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1, Тимирязев ауданының әкіміне;
4 4) Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1, Тимирязев аудандық сотқа;
23 23. Берілген шағым жеке тұлғалардың үндеулерін тіркеу журналында тіркелінеді және 15 күн ішінде қаралады. Өтініш берушіге үзінді талон талап етіледі.
6 6. Байланыс ақпарат
24 Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
24. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro-timir@mail.online.kz.
мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет;
бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет;
әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - телефон 21649, 4 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
«Семей ядролық сынақ полигонында
ядролық сынақтардан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу және есеп жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
95
75
60
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
90
50
40
2. Сапа
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
95
75
65
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
80
50
40
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
80
30
25
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)
50
30
25
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)
0,1
0,4
0,6
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
95
60
50
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
85
70
50
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
95
50
40
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60