Атырау қаласындағы және селолық округтердегі кейбір көшелерге, жаңадан құрылған көшелерге және аялдамалардың атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Атырау қаласындағы және селолық округтердегі кейбір көшелерге, жаңадан құрылған көшелерге және аялдамалардың атауларын өзгерту туралы от 06.12.2007 г. № 883 (Атырау қаласындағы және селолық округтердегі кейбір көшелерге, жаңадан құрылған көшелерге және аялдамалардың атауларын өзгерту туралы)
1. Атырау қаласындағы кейбір көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
1) Атырау – Орал тас жолынан Атырау мөлтек ауданындағы № 31 мектепке дейін баратын негізгі жол ұлағатты ұстаз, ҚазССР-не еңбегі сіңген мұғалім Қойшыбай Есембаевтың;
2) Жұмыскер – 1 елді-мекеніндегі №88 және № 287 учаскелер аралындағы көшеге – Қалимат Сүндеталиеваның есімі берілсін.
2. Атырау қаласындағы төмендегідей көшелердің атаулары өзгертілсін:
1) «Жеңіс паркі» аумағындағы бұрынғы «Прибойный көшесі – суретші Мұхит Қалимовтың;
2) Атырау-Еркінқала тас жолынан «Лесхоз» ықшам ауданына баратын бұрынғы Лесхозный көшесі – атақты қоғам қайраткері Құбаш Медеубайұлының есімімен аталсын.
3. Геолог селолық округіне қарасты елді-мекендерде орналасқан көшелерге және өткелдерге төменгідей атаулар берілсін:
1) бірлік елді- мекені бойынша жаңадан құрылған 5 көшеге:
№1 көшеге-Бала Ораз
№2 көшеге-Есет би
№3 көшеге-Насихат Сүгірұлы
№4 көшеге-Махаш Бекмағамбетұлы
№6 көшеге-Сейтек күйші есімі берілсін.
2) «Мирас» мөлтек ауданы бойынша жаңадан құрылған 3 көше, 2 өткелге:
Көше атаулары:
№1 көшеге-Мұқат Мұсаев
№4 көшеге-Сыпыра жырау
№5 көшеге-Кетбұға батыр
Өткел атаулары:
№1 өткелге- Ұзақ күйші
№2 өткелге – Жадыра
4. Атырау қаласындағы «Нұрсая-2», «Ракуша-2» жаңа ықшам аудандарына төмендегідей атаулар берілсін:
«Нұрсая-2» - «Самал» ықшам ауданы;
«Ракуша-2» - «Балауса» ықшам ауданы.
5. Атырау қаласы бойынша 67 аялдаманың атаулары төмендегідей тәртіпте өзгертілсін:
1) қаланың оң жақ жағалау бөлігі бойынша:
Пост.ГАЙ – «Бәйтерек аялдамасы
Мкр.атырау – Атырау м/а аялдамасы
Магазин «Бекет ата» -«Жайлау» аялдамасы
Северная – «Әлия» аялдамасы
Автобаза –«Арнаулы көлік базасы аялдамасы
Афанасьева – «Афанасьев» аялдамасы
Құспан молда – « Құспан хазірет» аялдамасы
Колхозный базар – «Ескі базар» аялдамасы
Старый аэропорт – «Арай» аялдамасы
Автовокзал – « Рауан сауда үйі» аялдамасы
Пл. Д.Нурпейсова – «Академия» аялдамасы
Московская – «Х.Досмухамедов» аялдамасы
Церковь – «Шіркеу» аялдамасы
Гагарина – «Гагарин» аялдамасы
Школа им. Кубышева – «Мектеп» аялдамасы
Горпарк – «Совдепо» аялдамасы
Телеком – «Қазақтелеком» аялдамасы
Облакимат – «Қазақтелеком» аялдамасы
Авангард – «Авангард» аялдамасы
Парк отдыха – «Жеңіс паркі» аялдамасы
Интернат – «Интернат» аялдамасы
Мкр. « Достық» - «Достық» м/а аялдамасы
Мечеть- «Мешіт» аялдамасы
Авиагенство – «Исатай-Махамбет» алаңы аялдамасы
Пл. Абая – «Абай» аялдамасы
2) Қаланың сол жақ жағалау бөлігі бойынша:
Юность – «Ақ-жайық» аялдамасы
Санаторий – «Санаторий» аялдамасы
Стройконтора – «Атырау ақпарат» аялдамасы
Маслопром – «Дияр қонақ үйі» аялдамасы
Сельстрой – «Мектеп» аялдамасы
Рымбыттехника –«Атырау ақпарат» аялдамасы
Восток –«Арын» аялдамасы
Торговая база-«Сауда базасы» аялдамасы
Ландыш –«Ландыш» аялдамасы
Школа -«Атырау балық» аялдамасы
Претаска-«Өзек» аялдамасы
Драмтеатр-«Драмтеатр» аялдамасы
Светлана –«Кеден» аялдамасы
АЗС-«Атырау жарық» аялдамасы
А.Чехов-« А.Чехов» аялдамасы
Грибоедова-«Грибоедова» аялдамасы
ЗАГС-«Салтанат сарайы» аялдамасы
Дача-«Саяжай» аялдамасы
Привокзальный –«Мұрагер» аялдамасы
АЗС «ОАЗИС» - Береке аялдамасы
ЖД вокзал-« Теміржол вокзалы» аялдамасы
ТД-«Насиха» - «Рахат» аялдамасы
Рынок «Дина» - «Дина базары» аялдамасы
Подхоз-«Подхоз» аялдамасы
СМП-136- «Шағала» аялдамасы
ДЕПО –«ДЕПО» аялдамасы
Филармония-«Филармония» аялдамасы
Областной.суд –«Кәсіптік лицей» аялдамасы
Первый участок –« Бірінші участок» аялдамасы
АИНиГ-« Мұнай және газ институты аялдамасы
Политехнический колледж – «Техникум» аялдамасы
Отделение- «Темір жол басқармасы» аялдамасы
МЧС –«Теміржол бекеті» аялдамасы
Мостоотряд-«Арна» аялдамасы
Атаба –«№13 мектеп» аялдамасы
АО ТЭЦ-«Жылу орталығы» аялдамасы
ДСК-«Шұғыла» аялдамасы
Биснес контракт –«Кәсіпкер» аялдамасы
Химпоселок-«№7 мектеп» аялдамасы
Қара депо-«Көкжиек» аялдамасы
Таксопарк-«Таң» аялдамасы
6. Атырау қаласындағы Авангард-Сәтпаев-Құрманғазы қиылысынан әуежайға дейінгі даңғыл Әбілқайыр ханның есімімен аталсын.
7. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.