Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги «Регистрация и постановка на учёт безработных граждан»

Қаулы · № 394 · қабылданған 28.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37522/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги «Регистрация и постановка на учёт безработных граждан» Күшін жойған Қаулы ·№ 394 ·28.12.2007
28.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги «Регистрация и постановка на учёт безработных граждан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 394 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги «Регистрация и постановка на учёт безработных граждан»
Атауы (қаз.)
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
394
Қабылданған күні
28.12.2007
Көрсетілген редакция
28.12.2007 37522_391251.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SL000052
ЭКБ идентификаторы
37522
Редакция идентификаторы
37522_391251
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:20

0 «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1 1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 394 қаулысымен
бекітілді
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою».

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.

3

3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 15 бабы, 6 тармағы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі (одан әрі Заң): «Уәкілетті орган осы баптын 2, 3, 4 және 5 тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша жұмыссыз ерітнде келген тұлғаларды формасы орталық аткарушы органмен бекітілетін персоналдық есеп жүргізу карточкасына (мәліметтердің компьютерлік базасы) мәліметтерді енгізу жолымен тіркейді».

4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:

«Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, ro-timir@mail.online.kz.

5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі): Персоналдық есеп жүргізу карточкасы.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ыхтиярлықхаты және ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісімен куәлігі бар шетелдіктер мен азаматтығы жок тұлғалар, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетгі органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігі бар оралмандар.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:

құжаттарды тапсырған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» қызметі тегін көрсетіледі.

9

9. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, №5,6 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған және аудандық «Нива» газетінде басылады, атылған мекен-жайда қызмет көрсетіледі.

10 10. Арызданушыларды қабылдау кестесі: күнсайын сағат 9.00. дейін 18.00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін. Алдын ала жазылу жоқ.

11 11. Қызмет көрсету орындарының шарттарын «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 5,6 кабинеттерде, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:

жеке куәлік (паспорт);
еңбек қызметін растайтын құжат;
жеке код куәлігі мен салық төлеуді тіркеу нөмір;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ыхтиярхатын және ішкі істер органында тіркелгені туралы белгісімен азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;
оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігін ұсынады.

13 13. Уәкілетті орган құжат берілген соң 10 күннен кешіктірмей жүгінуші тұлғаларды олардың тұратын орындары бойынша жұмыссыз ретінде тіркеуге алады, персоналдық есеп жүргізу карточкасына (мәліметтер компьютерлік базасына) енгізеді.

14 14. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.

15 15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын жұмыссыздың куәлігі беріледі.

16 16. Жұмыссыз куәлігінің анықтамасы Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 5 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасуда қолына беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін себеп болған негіздердің толық тізбесі:

жұмыссыз ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы;
жұмыссыз ретінде есептен алып тастау себебі мыналар:

1 1) сай келіп тұрған екі жұмыс түрлерінен бас тартуды растайтын жазба;

2 2) уәкілетті органмен берілген құжат бойынша жұмысқа орналасуға немесе оку орнына бес жұмыс күн ішінде себепсіз келмесе;

3 3) уәкілетті органның шақыруы бойынша жұмысқа, оқуға орналасу үшін бес жұмыс күн ішінде себепсіз келмесе;

4 4) уәкілетті органмен оқуға немесе қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмысын себепсіз өзеркімен тастап кетсе;

5 5) уәкілетті органға қатысуға заңмен қаралған мерізімі жұмыссыз бен себепсіз бұзылса;

6 6) тұратын орнын ауыстырса;

7 7) Заңға сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жататын болса;

8 8) сот шешімі бойынша жұмыссыз бостандығынан айырылып жауапқа тартылса немесе еріксіз емделуге жататын болса;

9 9) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жұмыспен

қамтылған санатқа жатқызып зейнетақы тағайындау.

3 3. Жұмыс принципі

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:

1 1) мамандардың әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне арқа сүйей алады

2 2) жұмыспен қамтылуда көмек алуға;

3 3) кәсібилігіне даярлануға, мамандығын көтеруге, қайта даярлануға;

4 4) төленетін қоғамдық жұмысқа баруға жолдау хатын алуға.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану:

Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 2 кабинет немесе орынбасарға № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.

2 2) Тимирязев ауданының әкіміне

3 3) Тимирязев аудандық сотқа арыздану арқылы іске асырылады.

22 22. Шағым түскен мемлекеттік органы:

1 1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, 2 кабинет;

2 2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары,

Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, 4 кабинет;

3 3) Тимирязев ауданы әкімі,

Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй;

4 4) Тимирязев аудандық сот,

Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй;

23 23. Қабылданған шағымдар жеке тұлғалардаң түскен жүгінулерді тіркейтін журналға тіркелінеді. Жүгінушіге үзінді талон беріледі.

6 6. Байланыс ақпарат

24 Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

24. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro-timir@mail.online.kz.
мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет;
бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет;
Жұмыспен қамту құрылымдық бөлімшесі – 5,6 кабинеттер;
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, 465648 телефон, № 213 кабинет, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
«Жұмыссыз азаматтарға тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
95
85
75
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
90
90
85
2. Сапа
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
75
70
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
95
80
75
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
80
70
65
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
80
80
75
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)
50
45
40
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)
0,1
0,2
0,25
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
95
90
85
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
85
70
65
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
95
70
65
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
80
75

Қолданыстағы