Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Бұйрық · № 2 · қабылданған 18.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37588/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 ·18.01.2008
25.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
18.01.2008
Көрсетілген редакция
25.07.2011 AI37588_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005127_
ЭКБ идентификаторы
37588
Редакция идентификаторы
AI37588_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:13

0 Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармалар осы бұйрықпен танысуды ұйымдастырып және оның сөзсіз орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуіне жолдасын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2008 жылғы 18 қаңтардағы
N 2 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" 1. Жалпы ережелер

1 1. Бұл стандарт ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармаларға радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) белгілейді.

2

2. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 13-п бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесі негізінде жүзеге асырылады, N 2234 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық акті реестрінде тіркелінген.

3 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармалары - құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық басқармалары) мемлекеттік қызмет көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру болып табылады.

5 5. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына, мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға (бұдан әрі - өтініш берушілер) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

6 6. Аумақтық басқарма өтініш берушінің құжаттарын алғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде оның құжаттарын қарайды.

7 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысымен бекітілген радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде ұсынылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің веб-сайтында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және аумақтық басқармалардың бөлмелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушылар радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - РЭҚ (ЖЖҚ)) пайдалану орны бойынша тиісті аумақтық басқармаға:

1 1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2 2) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тиісті түріне арналған сауалнаманы көрсетеді.

10 10. Аумақтық басқарма РЭҚ-қа (ЖЖҚ) арналған сауалнамаларды толтырудың жинақылығы мен дұрыстығын тексереді.

11 11. РЭҚ-қа (ЖЖҚ) арналған сауалнамаларды толтыру жинақты немесе дұрыс болмағанда аумақтық басқарма тіркеуден бас тартады. Құжаттарды қайта тапсырған жағдайда, оларды қарау мерзімі жаңартылады.

12 12. Тіркеу рәсім аяқталғаннан кейін аумақтық басқарма белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін дайындайды және белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеудің журналын толтырады.

13 13. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік өтініш беруші РЭҚ пен ЖЖҚ мемлекеттік тіркеуі үшін ақы төлегенін растайтын құжатын көрсеткеннен кейін беріледі.

3 3. Жұмыстың қағидаттары

14 14. Аумақтық басқармалар қызметі адамның конституциялық құқығын сақтауға, жүктелген қызметтерін атқару кезіндегі заңдылыққа негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және жасырындылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

15 15. Аумақтық басқармалар жұмысының нәтижелері осы стандартқа қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес сапа мен қол жеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

16 16. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі басшыларының, аумақтық басқармалар бастығының атына шағым беріледі.

17 17. Шағымдар жазбаша түрде пошта не Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, аумақтық басқармалардың кеңсесі арқылы тікелей жұмыс күндері қабылданады.

18 18. Қабылданған шағым аумақтық басқармалардың кіріс хат-хабарлар есебі журналында немесе Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеледі және бір ай мерзім ішінде қаралады.

19 19. Шағымды қарау нәтижелері шағым берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

6 6. Байланысу ақпараты

20 20. Аумақтық басқарманың жұмыс және бастығының қабылдау кестесі аумақтық басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аумақтық басқармасының байланыс телефондары және мекенжайы Қазақстан Республикасы Ақпарттандыру және байланыс агенттігінің веб-сайтында орналастырылған (2-қосымша).

21 21. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, тел: 8 (7172) 74-09-09, факс: 8 (7172) 502-888.

35 Сапа мен қолжетімділік көрсеткішінің мәні

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1 қосымша
"Радиоэлектронды құралдар
мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу"
Сапа мен қолжетімділік көрсеткішінің мәні
Са­па мен қол­же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет-
кіш­тің
нор­ма­тив­ті
мәні
Өт­кен
жы­л­ғы
көр­сет-
кіш­тің
мақ­сат­ты
мәні
Есеп­ті
жы­л­ғы
көр­сет-
кіш­тер
мақ­сат­ты
мәні
1
2
3
4
1 Уа­қы­ты­лы­ғы
1.1. % (үлес) құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған
ке­зең­нен ба­стап  қыз­мет көр­се­ту­дің
уа­қы­ты­лық жағ­дайы
99
99
99
2. Са­па
2.1. % (үлес) қыз­мет көр­се­ту са­па­сы
үде­рі­сіне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар
85
85
85
2.2. % (үлес) ла­у­а­зым­ды адам рә­сім-
де­ген құ­жат­тар үде­рі­сі (ат­қа­ры­л­ған
есеп­теу, есеп­те­су­лер және т.б.)
100
100
100
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. % (үлес) қыз­мет көр­се­ту жүйе-
сін­де са­па және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат-
тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар
85
85
85
3.2. % (үлес) ал­ғаш рет құ­жат тап-
сыр­ған­да­ғы тұ­ты­ну­шы­лар­дың құ­жат­тар-
ды дұ­рыс тол­ты­ру үде­рі­сі
70
70
70
4. Ша­ғым бе­ру үр­ді­сі
4.1. % (үлес) осы қыз­мет тү­ріне  қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар са­ны-
ның негіз­ді ша­ғым­да­ры­ның үде­рі­сі
15
15
15
4.2. % (үлес) бел­гі­лен­ген уа­қы­тын­да
қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған
негіз­ді ша­ғым­дар үде­рі­сі
100
100
100
4.3. % (үлес) тұ­ты­ну­шы­лар­дың бар
тәр­тіп­пен ша­ғым­дан­ған­да­ры­ның қа­на-
ғат­тан­ған­да­ры
60
60
60
4.4. % (үлес) тұ­ты­ну­шы­лар­дың, ша­ғым-
дар­ды қа­рау мез­гі­ліне қа­на­ғат­тан­ған-
да­ры
60
60
60
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. % (үлес) тұ­ты­ну­шы­лар­дың, қыз­мет
көр­се­ту­ші­лер­дің сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на-
ғат­тан­ған­да­ры
75
75
75

36 Мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына 2 қосымша
"Радиоэлектронды құралдар
мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу"
N
р/н
Бас­қар­ма ата­у­ла­ры
Заң­ды ме­кен-жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
1.
Аста­на қа­ла­сы және Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша
Ақ­па­рат­тан­ды­ру және
бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
010000, Аста­на қ.
Рес­пуб­ли­ка
даң­ғы­лы, 13
8(7172)
216936
2.
Ал­ма­ты қа­ла­сы және
Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша
Ақ­па­рат­тан­ды­ру және
бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
050000, Ал­ма­ты қ.
Жұ­ма­ли­ев, 108
каб. 410
8(3272)
680880, 681010 факс, 709268
3.
Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша
Ақ­па­рат­тан­ды­ру және
бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
030000, Ақ­тө­бе қ.
Әбіл­хай­ыр­хан
даң­ғы­лы, 62
8(7132)
520340,
факс: 520372
4.
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша
Ақ­па­рат­тан­ды­ру және
бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
060000, Аты­рау қ.
Пуш­кин кө­ше­сі
201 бөл­ме 221
8(7122) 270024 ф,
271615
5.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
бой­ын­ша Ақ­па­рат­тан­ды­ру
және бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
100000,
Қа­ра­ған­ды қ.
Ер­ме­ков кө­ше­сі
73/А оф. 302
8(7212)
437010 ф,
437024
6.
Пав­ло­дар об­лы­сы
бой­ын­ша Ақ­па­рат­тан­ды­ру
және бай­ла­ныс
бас­қар­ма­сы
140000,
Пав­ло­дар қа­ла­сы,
Ак.Сәт­па­ев кө­ше­сі,
50
8(7182)
323549,
327280 ф.
540338
7.
Қо­ста­най об­лы­сы
бой­ын­ша Ақ­па­рат­тан­ды­ру
және бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
110000, Қо­ста­най қал., Те­мір­ба­ев
кө­ше­сі, 14, 58-59
пәтер
8(7142) 535185 ф, 535074, 503026
8.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
бой­ын­ша Ақ­па­рат­тан­ды­ру
және бай­ла­ныс бас­қар-
ма­сы
120000,
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы,
Қа­зан­та­ев кө­ше­сі, 8 үй, 3 пәтер
8(72422)
70953 ф,
78853 ф,
77548
9.
Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша
Ақ­па­рат­тан­ды­ру және
бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
080000, Та­раз қ.
Қа­зы­бек би
кө­ше­сі, 138
8(7262) 450960 ф
434224
10.
Маң­ғы­стау об­лы­сы
бой­ын­ша Ақ­па­рат­тан­ды­ру
және бай­ла­ныс бас­қар-
ма­сы
130000, Ақ­тау қ.
9 мөл­тек ауд. 18
үй, 91-92 пәтер
8(7292) 313344,
429911 ф.
11.
Ба­тыс-Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша Ақ­па­рат­тан­ды­ру
және бай­ла­ныс бас­қар-
ма­сы
090000, Орал қал.
Дзер­жинск кө­ше­сі,
100, 4-қа­бат 4 каб.
8(7112) 503877 ф,
244974, 513865
12.
Оң­тү­стік-Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша
Ақ­па­рат­тан­ды­ру және
бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
160000,
Шым­кент қ.
Тәу­ке­хан даң­ғы­лы,
35
8(7252)
510100,
534952, 211391
13.
Сол­тү­стік-Қа­зақ­стан
об­лы­сы бой­ын­ша
Ақ­па­рат­тан­ды­ру және
бай­ла­ныс бас­қар­ма­сы
150000, Пет­ро­павл қ., Ин­тер­на­ци­о­нал
кө­ше­сі, 55
8(7152) 490080 ф,
461194
14.
Шы­ғыс-Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша Ақ­па­рат­тан­ды­ру
және бай­ла­ныс бас­қар-
ма­сы
070000, Өс­ке­мен қ. Карл Либ­к­нехт кө­ше­сі, 19
8(7232) 269105,
252784 ф.

Қолданыстағы