Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптары негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 14.01.2008 г. № 17 (Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылы жұмыссыз азаматтарға жеке кәсіпкер Жағыпар Иманбаев ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол шаруашылығы және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі ретінде «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) жоғарыда аталған жеке кәсіпкермен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алсын.
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 14 «2007 жылы жұмыссыз азаматтарға жеке кәсіпкер Жағыпар Иманбаев ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-54, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2007 жылғы 7 наурызда № 11 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.