Қолданыстағы ред. 18.01.2008 (Редакция 38027_306728.kaz)

Еңбекке қабілетті мүгедек азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында квота белгілеу туралы от 18.01.2008 г. № 11 (Еңбекке қабілетті мүгедек азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында квота белгілеу туралы)

0

Еңбекке қабілетті мүгедек азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5,7 баптарына және 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Созақ аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мекемелердің штаттық бірлігінің үш пайызы көлемінде еңбекке қабілетті мүгедек азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.(қосымша)

2

2. Мүгедек азаматтар үшін бекітілген жұмыс орындары квотасына сәйкес еңбекке қабілетті мүгедек азаматтардың жұмысқа орналасуын ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н.Бектаев) тапсырылсын.

3

3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау мен басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсін.

5

2008 жылғы 18 қаңтардағы
№ 11 қаулысына қосымша
Созақ ауданы бойынша мекемелерден еңбекке қабілетті
мүгедек азаматтарды жұмыска орналастыру үшін белгіленген
үш пайыздық квота
қ/с
Мекеме аттары
Штаттық
бірлік
саны
Оның ішінде мүгедек азаматтар үшін үш пайыз квота (штаттық бірлік)
1
“Ыңғай” БК ЖШС
225
6,75
2
“Катко” БК ЖШС
606
18
3
“Юниверсал Содексо Қазақстан ЛТД” ЖШС филиалы
117
3,5
4
“Таукент тау-химиялык кәсіпорын” ЖШС
520
15,5
5
“Құтқарушы тау-кен” ЖШС
56
1,5
6
“Степное РУ” ЖШС
413
12,5
7
“Қазатомөнеркәсіп Демеу” ЖШС-нің “Демеу-Қыземшек” филиалы
177
5,5
8
“Қазатомөнеркәсіп Демеу” ЖШС-нің “Демеу-Таукент” филиалы
151
4,5
9
“Бетпақ-Дала” БК ЖШС
308
9,25
10
“Волковгеология” АҚ-ның “ГБЭ- 5”филиалы
516
15,5
11
“Волковгеология” АҚ-ның “ГБЭ- 7” филиалы
632
19
12
“Таукент-Энергосервис” ЖШС
334
10
13
“Реммонтажсервис” ЖШС
262
7,75
14
“Сауда-көлік компаниясы” ЖШС- нің “Орталықтандырылған автотасымалдау базасы” филиалы
652
19,5
15
“ТС-Таукент” ЖШС
111
3,25
16
“Қаратау” ЖШС
106
3
17
“Аппақ” ЖШС
47
1,5
18
“Бақылау, аналитика, метрология Сервистік Орталығы” ЖШС
118
3,5
Барлығы
5351
160,0