Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Бұйрық · № 61 · қабылданған 15.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38067/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Күшін жойған Бұйрық ·№ 61 ·15.02.2008
02.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Күшін жойған Бұйрық ·№ 61 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61
Қабылданған күні
15.02.2008
Көрсетілген редакция
02.09.2010 AI38067_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005152_
ЭКБ идентификаторы
38067
Редакция идентификаторы
AI38067_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:59

0 Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

"Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 61 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер

1

1. Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын және оның өкiлеттiктерiн растауды, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба. Апостиль қою Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалығы мен тиісті ресiмделуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1536 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы бiрыңғай ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 67 бұйрығының, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 477 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты (бұдан әрі - Орталық мұрағат) көрсетеді.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны апостиль қойылған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушыларға) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:

құжаттарды берген күні жеке өзінің болуы кезінде;
жазбаша өтініш білдірген кезде (пошта арқылы) түскен күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде.

8 8. Ресми құжаттарға апостиль қою үшін айлық есеп көрсеткіштен 20 % көлемінде мемлекеттік баж төленеді.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми Интернет-сайтында, сондай-ақ байланыс деректері мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшада көрсетілген Орталық мұрағат ғимаратында орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Алдын ала жазылу және қызметтерді жедел ресімдеу жүргізілмейді.

11 11. Қызмет Орталық мұрағат ғимаратында көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою үшін мыналарды ұсыну қажет:

1 1) жеке куәлік немесе төлқұжат;

2 2) апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек;

3 3) өтініш беруші өзі келе алмаса, нотариалдық расталған сенімхат.

Заңды тұлғалардың өкілдері үшін - заңда белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхат.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін бланкілерді толтыру, өтініштер талап етіледі. Белгіленген бланкілер, өтініштер үлгілері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми Интернет-сайтында, сондай-ақ байланыс деректері мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшада көрсетілген Орталық мұрағат ғимаратында орналасқан.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 53.

15 15. Апостиль қою үшін ұсынылған тұтынушылардың құжаттары апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркеледі.

16 16. Апостиль қойылған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 7-тармағына сәйкес жүргізіледі.

17 17. Ұсынылған құжаттардағы қателерді (түзетулерді, өшірулерді және басқаны) анықтаған кезде, сондай-ақ осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбағанда мемлекеттік қызмет көрсетуден сұрау салу түскен күні бас тартылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Уәкілетті органдардың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2 2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3 3) сыпайылық;

4 4) толымды және толық ақпарат беру;

5 5) ақпаратты және оның құпиялылығын сақтау.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Орталық мұрағаттың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын Министрлік арнайы құрған жұмыс тобы бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Қажет болған жағдайда тұтынушы уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) Орталық мұрағат басшысына шағымдануға болады.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары сатыда қарауды талап етсе, тұтынушы жазбаша не электронды түрде шағымын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолдай алады.

22 22. Шағым пошта арқылы немесе Орталық мұрағаттың немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кеңсесі арқылы жеке тапсырумен жұмыс күндері қабылданады.

23 23. Орталық мұрағаттың немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кеңсесіне келіп түскен шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

Заңнамамен белгіленген тәртіпте берілген өтініштер міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға жатады.

6 6. Байланыс ақпараты

24 Мемлекеттік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының байланыс деректері

24. Басшылардың жұмыс мен қабылдау кестесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Орталық мұрағатының байланыс деректері осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшада келтірілген.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің арнаулы
орталық мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға
және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль
қою жөніндегі мемлекеттік
қызмет көрсету cтандартына
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының байланыс деректері
Р/с
N
Ата­уы
Ор­на­лас­қан
ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс де­ректе­рі
1
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы
Қор­ға­ныс
ми­ни­стр­лі­гі
Аста­на қа­ла­сы,
Ар­найы эко­но­ми-
ка­лық ай­мақ,
2-үй
Қо­ғам­дық қа­был­дау бөл­ме­сі: (7172) 72-15-91
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қор­ға­ныс ми­ни­стрі­нің
қа­был­дау бөл­ме­сі:  Ошиб­ка!
Ошиб­ка свя­зи.  Қор­ға­ныс
ми­ни­стр­лі­гі­нің ре­сми сай­ты:  www.​mod.​kz.
Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің
элек­трон­ды по­шта­сы: Infomorok@​rambler.​ru.
2
Ор­та­лық
мұ­ра­ғат
Ал­ма­ты қа­ла­сы,
Жан­до­сов
кө­ше­сі, 53
(7272) 74-73-49
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің арнаулы
орталық мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға
және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль
қою жөніндегі мемлекеттік
қызмет көрсету cтандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па мен қол же­тім­ді­лік
көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш-
тің нор­ма-
тив­тік мәні
Көр­сет-
кіш­тің
ке­ле­сі
жы­л­ғы
мақ­сат­ты
мәні
Көр­сет­кіш-
тің
есеп­тік
жыл­да­ғы
ағым­да­ғы
мәні
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. Құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған
сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту­ді
ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның %
(үле­сі)
95%
80%
1.2. Қыз­мет көр­се­ту­ді алу
үшін ке­зек­те 30 ми­нут­тан
ас­пай­тын уа­қыт күт­кен
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90%
90%
2. Са­па
2.1. Қыз­мет көр­се­ту­лер­ді
ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па­сы­на
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар-
дың % (үле­сі)
90%
70%
2.2. Ла­у­а­зым­ды адам­ның
құ­жат­тар­ды дұ­рыс ре­сім­де-
ген (жүр­гі­зі­л­ген ауда­ры-
лым­дар мен есеп­те­су­лер­дің)
жағ­дай­ла­ры % (үле­сі)
95%
85%
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту
са­па­сы­на және оны ұсы­ну
тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар-
дың % (үле­сі)
80%
60%
3.2. Тұ­ты­ну­шы­лар құ­жат­тар-
ды дұ­рыс тол­тыр­ған және
бі­рін­ші рет­тен тап­сыр­ған
жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
80%
45%
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол
же­тім­ді қыз­мет көр­се­ту­лер-
дің, ақ­па­рат­тар­дың % (үле­сі)
50%
40%
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Қыз­мет көр­се­ту­дің осы
тү­рі бой­ын­ша қыз­мет
көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың
жал­пы са­ны­на негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
0,1%
0,3%
4.2. Бел­гі­лен­ген мер­зім­де
қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан-
ды­ры­л­ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
85%
75%
4.3. Ша­ғым­да­ну­дың қол­да-
ны­с­та­ғы тәр­ті­бі­мен қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
95%
60%
4.4. Ша­ғым­да­ну мер­зі­мі­мен
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар-
дың % (үле­сі)
90%
60%
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы-
лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90%
70%

Қолданыстағы