Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Постановка на региональный учет детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей"

Қаулы · № 58 · қабылданған 28.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38457/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Постановка на региональный учет детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей" Күшін жойған Қаулы ·№ 58 ·28.01.2008
28.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Постановка на региональный учет детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей"

Күшін жойған Қаулы ·№ 58 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Постановка на региональный учет детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей"
Атауы (қаз.)
"Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
58
Қабылданған күні
28.01.2008
Көрсетілген редакция
28.01.2008 AI38457_0.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08N0003597
ЭКБ идентификаторы
38457
Редакция идентификаторы
AI38457_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:08

0 "Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулыcына орай Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Әкімдіктің

2008 жылғы 28 қаңтардағы
№ 58 қаулысымен бекітілген
"Жетім балаларды және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1 1. Жалпы ереже

1 1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: "Жетім балаларды және ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою".

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3 3. Қызметтің осы түрі "Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101 бабының 3 тармағы, "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген "Ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды орталықтандырған есепке алуды ұйымдастыру Ережесінің" 2 тармағының негізінде көрсетіледі.

4 4. "Қостанай облыстық Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі өзге субъектілердің қатысуынсыз қызмет көрсетеді. Қызмет көрсететін мекенжайы: Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56 үй, 312 кабинет, www.edu-kost.kz

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқтау нысаны (нәтижесі) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 1 күннің ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан асырмау;

3 3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут.

8 8. Азаматтарға анықтама тегін беріледі.

9

9. "Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты білім беру департаментінің мекен жайы Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56 үй, 312 кабинетінде, стандарты білім беру департаментінің сайтында www.edu-kost.kz., көрсетіліп орналастырылады.

10 10. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген түрде қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

11 11. Азаматтарды, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қабылдайтын тұтынушыларымен жұмыс істеуге бейімделген, күту үшін және қажетті құжаттарды дайындауға, өрт

қауіпсіздігінен қорғануға қолайлы жағдайлар жасалған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

- баланың анкетасы.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою үшін анкетаның қабылдауын Қостанай облыстық білім департаменті жүзеге асырады.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын бланкі берілмеген.

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тапсырылатын құжаттар мен арызды қабылдайтын жауапты адамның мекен-жайы, кабинетінің нөмірі Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56 үй, 312 кабинет.

15 15. Қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат анықтама берудің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазба (белгі) және мемлекеттік құжаттарды алатын күні көрсетілген талон болып табылады.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі білім департаментіне жеке келгенде ұсынылады. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін БД жауапты тұлғасы 14 т. көрсетілген мекен жай бойынша береді.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе

мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негізі бала бірінші рет есепке тіркелмеген жағдайда.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Қызмет тұтынушысына қатысты басшылыққа алынатын қағидаттары болып сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, құжаттарды белгіленген мерзімде алған сәтке дейін сақталуын қамтамасыз ету.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. "Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштері мен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету қызметтері Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56 үй, білім департаментінің 212 кабинетінде, e-mail: odo@freemail.ru көрсетіледі.

22 22. Шағым пошта арқылы Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56 үй, немесе әдейі білім департаментінің 212 кабинетінде кеңсе арқылы және электронды пошта e-mail: odo@freemail.ru, Қостанай облысы әкімдігіне akim@kostanay.kz. жұмыс күндері беріледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен берілген жолдаулар міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қаралуға жатады.

23

23. Берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды, шағымның қаралу барысы туралы мағлұматты Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56 үй білім департаментінде 312 кабинетінен алуға болады. Шағымды қарастыру барысы туралы білуге болатын тұлғаның, арызды қабылдаған адамның телефон номері, берілген күні, уақыты, аты-жөні туралы мағлұмат жазылған арызданушыға берілетін талон болып табылады.

6 6. Байланыс ақпараты

24

24. Білім департаменті басшысының және орынбасарының жұмыс мен қабылдау кестесі жұмыс күндері - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі, байланыс телефондары: 8 (7142) 57-53-10, 57-53-13. Мекенжайы Қостанай қ. Әл-Фараби даңғылы, 56, жоғарыда тұрған ұйым: Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, e-mail: akim@kostanay.kz. Сайт: www.kostanay.kz.

25 25. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою мәселесі бойынша қосымша ақпаратты Қостанай облысы білім беру департаментінен мына мекенжай бойынша алуға болады: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 56, 312 кабинет.

39 "Жетім балаларды және ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларды
өңірлік есепке қою" мемлекеттік
қызмет көрсетудің стандартына қосымша
Кесте.
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және
қолжетімділік
көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативті
мәні
Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні
Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні
1
2
3
4
1. Уақытылылық
1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап бекітілген мерзімде
қызметті ұсыну
оқиғаларының %
(үлесі)
100
100
100
1.2. қызмет алуды
кезекте 40
минуттан аспайтын
уақыт күткен
тұтынушылардың %
(үлесі)
100
100
100
2. Сапа
2.1. қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасымен
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
100
100
100
2.2. құжаттарды
лауазымды тұлға
дұрыс ресімдеген
жағдайыдың %
(үлесі)
100
100
100
3. Қол жетімділік
3.1. қызметті
ұсыну
тәртібі туралы
ақпаратқа және
сапасына
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
99
100
99
3.2. тұтынушы
құжаттарды дұрыс
толтырған және бірінші реттен тапсырған
оқиғалардың % (үлесі)
99
99
99
3.3. Интернет
арқылы қолжетімді
қызметтердің
ақпарат % (үлесі)
0
0
0
4. Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің
осы түрі бойынша
қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)
0
0
0,1
4.2. белгіленген
мерзімде қаралған
және
қанағаттандырылған
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)
0
0
0
4.3. шағымданудың
қолданыстағы
тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың
% (үлесі)
100
100
100
4.4. шағымдану
мерзімдерімен
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
100
100
100
5. Сыпайылық
5.1.
қызметкерлердің
сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
100
100
100

Қолданыстағы