Об утверждении стандарта оказания государственной услуги
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандарта оказания государственной услуги
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 18.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2008 38473_219759.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08U0001974
- ЭКБ идентификаторы
- 38473
- Редакция идентификаторы
- 38473_219759
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:59
0 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 , "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған "Қайтыс болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 "Қайтыс болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
18 ақпандағы N 49
қаулысымен бекітілді
"Қайтыс болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы стандарт қайтыс болуы туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді. Қайтыс болуы туралы анықтама беру қайтыс болған фактіні көрсетеді.
2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3
3. Мемлекеттік қызмет "Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің Реестрінің 124-тармағының негізінде іске асырылады.
4 4. Мемлекеттік қызметті медицина ұйымдары көрсетеді.
5 5. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі (қорытындысы) қайтыс болуы туралы анықтама беру болып табылады.
6 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1 1) қажетті құжаттарды тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - бір күн;
2 2) қажетті құжаттарды тапсырған және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжатты алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минут;
3 3) құжаттарды алуда кезек күтуге барынша берілетін уақыт, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде-10 минут.
8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қызметті көрсететін мемлекеттік медицина ұйымдарының хабарландыру тақталарында орналастырылады.
10 10. Жұмыс кестесі: күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күні: жексенбі.
11 11. Медицина ұйымдарының мамандандырылған кабинеттерінде осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін төмендегідей жағдайлар жасалған: үстел, орындық, қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген тақта.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
12 12. Қайтыс болуы туралы анықтама беру үшін, келушілер мына құжатты ұсынады:
өлген адамның жеке басын куәландыратын құжат.
13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді және өтініштер нысандарын толтыру қарастырылмаған.
14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті және басқа да құжаттарды медицина ұйымдарына тапсыру қажет.
15 15. Өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының осы мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон алады.
16 16. Қайтыс болуы туралы анықтама мемлекеттік қызметті алушының өзінің қатысуымен беріледі.
17 17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе көрсетуден бас тартудың негіздері:
қажетті құжаттардың тапсырылмауы.
3 3. Жұмыстың принциптері.
18 18. Медицина ұйымдарының қызмет көрсетудегі тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс принциптері:
1 1) әдептілік;
2 2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3 3) тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету.
4 4. Жұмыс нәтижелері.
19 19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20 20. Медицина ұйымдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы маңызын жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5 5. Шағымдану тәртібі
21
21. Уәкілетті тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болғанда тұтынушы медицина ұйымының басшысына жүгіне алады. Егер тұтынушы қолданылған шараға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұратын мекеменің қарауын талап етсе тұтынушы шағымды медициналық ұйымның уәкілетті органы - Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментіне жолдай алады: Шымкент қ., Республика даңғылы 12-А. Шағымдану тәртібін Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары түсіндіреді, кабинет:604, сымтетік: 56-53-25.
22 22. Шағымдар жазбаша пошта арқылы жіберіледі немесе Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің кеңсесіне Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті директорының атына беріледі, Шымкент қ. Республика даңғылы 12-А, кабинет:605.
23 23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілетін талон болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің медицина кадрларымен жұмыс жүргізу бөлімінен 56-01-68 сымтетік арқылы білуге болады.
6 6 Байланыс ақпараты.
24 24. Тұтынушыларды қабылдау медицина ұйымдарының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес іске асырылады.
Жоғары тұратын орган - Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің байланыс деректері 160050, Шымкент қаласы, Республика даңғылы 12-А.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті директорының қабылдау бөлмесінің сымтетігі: 56-00-47.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті директоры орынбасарының сымтетігі: 56-53-25.
25 Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
25. Тұтынушы үшін пайдалы басқа ақпарат медицина ұйымдарының қабырғаларында және Оңтүстік қазақстан облысы әкімдігінің сайтында орналасқан: www.ontustik.kz.
"Қайтыс болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік
мәні
Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
нысаналы мәні
Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні
1
2
3
4
1. Уақтылығы
1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті
ұсыну жағдайларының % (үлесі)
95 %
80 %
75 %
1.2. қызмет алуды
кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт
күткен тұтынушылардың % (үлесі)
85 %
50 %
40 %
2. Сапасы
2.1. қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90 %
70 %
60 %
2.2. құжаттарды
лауазымды тұлға
дұрыс ресімдеген
жағдайлардың
(жүргізілген
төлемдер, есеп
айырысулар және
т.б.) % (үлесі)
95 %
85 %
75 %
3. Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы
сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)
85 %
60 %
50 %
3.2. тұтынушы
құжаттарды дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған жағдайлардың % (үлесі)
75 %
45 %
30 %
3.3. Интернет
арқылы қол жетімді
ақпарат алуға
болатын қызметтердің % (үлесі)
50 %
40 %
20 %
4. Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің
осы түрі бойынша
қызмет көрсетілген тұтынушылардың
жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,1 %
0,3 %
0,4 %
4.2. белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттандырылған негізді
шағымдардың %
(үлесі)
95 %
70 %
60 %
4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)
90 %
60 %
50 %
4.4. шағымдану
мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90 %
60 %
50 %
5. Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)
90 %
70 %
60 %