О проведении государственных закупок образовательных услуг в г. Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении государственных закупок образовательных услуг в г. Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласында білімдік қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 562
- Қабылданған күні
- 21.06.1999
- Көрсетілген редакция
- 21.06.1999 3871_232898.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99R000066_
- ЭКБ идентификаторы
- 3871
- Редакция идентификаторы
- 3871_232898
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:06
Алматы қаласында білімдік қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 " Тауарларды , жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" және 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 " Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" қаулыларына сәйкес және Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы N 59 шешімімен бекітілген жергілікті қалалық бюджетінен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламаларына және мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарына сәйкес Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының жергілікті бюджетінен 1999 жылында қаржыландырылатын:
"Жергілікті деңгейде кадрларды қайта даярлауға" арналған 11 бағдарламаның "Мемлекеттік мекемелерінің кадрларын қайта даярлауға" арналған 6 кіші бағдарламасының (2 қосымша);
"Жергілікті деңгейде орта базалық білім беру жүйесін ақпараттандыруға" арналған 32 бағдарламасының (3 қосымша) мемлекеттік тапсырыс арқылы қамтамасыз ететін ережелері бекітілсін.
2. Қалалық білім басқармасы осы көрсетіліп отырған бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындау жөніндегі мемлекеттік тапсырыстың мекеме-әкімшісі болып анықталсын.
3. Қалалық білім басқармасы (Қарымсақов Т.У.) конкурстың мекеме- әкімшісі және ұйымдастырушысы ретінде:
- мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруын Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңына және бекітілген Ережелерге сәйкес өткізсін.
4. Шешімнің орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Ж. Ыбраевтың жауапкершілігіне жүктелсін.
ЕРЕЖЕ
Алматы қаласының Әкімінің
1999 жылғы 22 маусымдағы
№ 562 шешіміне
№ 1 қосымша
Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты
есебінен 1999 жылы орындалатын орта арнаулы оқу орындарында кадрларды даярлаудың мемлекеттік
тапсырысы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы жағдайлар
1. Осы ереже "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысын іске асыру үшін әзірленген.
ІІ. Бағдарламаның мазмұны
ІІ. Бағдарламаның мазмұны
3. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандарды даярлаудың шығыстарын жоспарлау мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан оқушылардың жылдық орта контингентіне байланысты шығын түрлері бойынша, сондай-ақ шығыстардың жекелеген түрлерінің нормалары бойынша жүргізіледі.
4. Оқушылардың жылдық орта контингентінің саны:
1) қабылдау жоспары бойынша мемлекеттік колледждердің 1.01.99 ж. дейін оқуға қабылданғандардың қалған санына;
2) мемлекеттік тапсырыс бойынша (1999 жылдың 1.09-нан бастап) педагогтік мамандықтарға жаңадан қабылдаулардың санына;
3) мемлекеттік тапсырыстар бойынша басқа мамандықтарға жаңадан қабылдаулардың санына байланысты есептеледі.
5. Орта арнаулы білімді мамандарды даярлаудың мемлекеттік тапсырысы шеңберіндегі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін шығындарының тізбесіне мыналар кіреді;
1) педагогтік, соның ішінде жаттықтырушылық-оқытушылық құрамының, қосалқы оқу, әкімшілік қызмет көрсететін және басқа да қызметкерлердің жалақысын төлеу және жұмыс берушілердің міндетті түрде ақша аударулары;
2) мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысатын қызметкерлердің еңбегі мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің еңбегін төлеу тәртібін реттейтін тиісті нормативтік актілер негізінде жүзеге асырылады.
3) мемлекеттік тапсырыспен оқытудың күндізгі нысаны бойынша тиісті заңдармен нормативтік актілерде көзделген тәртіп пен мөлшерде оқып жатқан оқушыларға стипендия төлеу;
4) коммуналдық қызмет көрсетуге, көлікке, байланыстарға, ғимараттарды ұстау қызметіне байланысты шығыстар;
5) оқушылардың жекелеген санаттары (жетімдер, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар) үшін азық-түлік алу. Тамақ шығыны оқушылардың тиісті контингентіне нормативтердің белгіленген, бекітілген тәртібі бойынша жүзеге асырылады;
6) жұмсақ керек-жарақтар мен спорт киімдерін алу;
7) жаттығулар үшін спорт базалары мен ғимараттарынан орын, керек- жарақ пен құрал-жабдық жалдау;
8) құрал-жабдықтар, жұмсақ және қатты керек-жарақ алуға жұмсалатын шығын көлемі қолда бар керек-жарақ пен құрал-жабдықты және олардың тозуын ескере отырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқандардың контингенті арқылы айқындалады;
9) үйлерді, ғимараттарды, негізгі құрал-жабдықтарды күрделі жөндеу шығыстары;
10) орта арнаулы білімнің ғылыми-әдістемелік базасын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу шығыстары;
11) Алматы қаласының мемлекеттік колледждеріне 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін оқуға қабылданған оқушыларының ішінен орта арнаулы білімді мамандар даярлаудың шығыстары;
12) міндетті жалпы білім стандартын ұсыну жөніндегі шығыстар;
13) мүгедектер, жетімдер және аз қамсыздандырылған отбасы балалары ішінен орта арнаулы білімді мамандар даярлаудың шығыстары;
ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
1. Жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде орналастырылады.
2. Мемлекеттік тапсырыстың орналастырылуы мемлекеттік сатып алулар туралы қолданыстағы заңға сәйкес келісім шарт (контракт) негізінде жүзеге асырылады.
3. Орта арнаулы оқу орындарындағы кадрларды даярлауды Білім басқармасы мемлекеттік аттестациядан өткен мемлекеттік тапсырысты сапалы орындау үшін техникалық және біліктілік мүмкіндіктері бар орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде) орналастырады.
5. Мемлекеттік тапсырыс басымдылық тәртібімен педагогтік мамандықтар бойынша кадрларды даярлау стандартын жүзеге асыруға орналастырылады.
6. Орта арнаулы оқу орындары арасында тендер өткізу барысында ескерілген негізгі өлшемдер мыналар:
1) оқытушылар кадрларының сапалық құрамы (штаттық оқытушылар үлесiн есептей отырып);
2) оқушылардың үлгерiмi, үлгерiмнiң сапалық сипаттамасы;
3) Мемлекеттiк емтихан комиссиясының нәтижесi;
4) колледж оқушыларының олимпиядалар мен конкурстарда алған жүлделi орындарының саны;
5) оқу алаңдарымен қамтамасыз етiлуi;
6) бiр оқушыға есептегендегi колледж кiтапханасының оқу және ғылыми әдебиеттерiнiң кiтап қоры;
7) оқушылардың оқу залдарында орынмен қамтамасыз етiлуi;
8) мамандықтар бойынша лабораториялар мен кабинеттердiң болуы, олардың жағдайы мен жабдықтандырылуы;
9) берiлген мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларына колледждiң оқу материалдық базасының, ғылыми-әдiстемелiк қамтылуының сәйкес болуы;
10) компьютерлендiру деңгейi;
11) мемлекеттiк мекемелерiндегi, мемлекеттiк кәсiпорындарындағы, акционерлiк қоғамдарындағы (акцияның кем дегенде 65% мемлекеттiк пакетiне ие) кадрлар қажеттiлiгiн растайтын орта арнаулы бiлiмдi мамандарды даярлауға келiсiм шарттардың болуы;
12) мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан бiтiрушiлердiң үлесi;
13) колледжде әлеуметтiк ауқымдағы объектiлердiң: асхананың (буфеттiң) дәрiгерлiк пункттiң, актiлiк, спорттық залдарының болуы.
7. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға қатысатын ұйымдар қалалық бiлiм басқармасына:
1) лицензия мен лицензиялық карточкасының көшiрмесiмен бiрге өтiнiшiн;
2) орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi, олардың орындалу мерзiмi туралы ақпаратын;
3) тапсырысты орындаушының бiлiктiлiк мүмкiндiктерiн растайтын (ҚББ-ның сараптама комиссиясының қорытындысы мен қоса) құжаттарын;
4) iстейтiн жұмыстар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар сметасын, сондай-ақ белгiленген нысандағы есептеулердi тапсырады.
8. Қалалық бiлiм басқармасы әр мамандық бойынша немесе әр бағыт бойынша жеңiмпаздарды анықтайтын конкурстық комиссия құрады.
9. Мемлекеттiк тапсырыстың жеңiмпаз ұйымы белгiленген мерзiмде мекеме-әкiмшiсiмен келiсiм шарт жасайды және мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыруға жоспарланған қаражатты есептей отырып, өзiнiң қаржы балансын үйлестiредi.
10. Қалалық бiлiм басқармасы келiсiм шартқа сәйкес өтiп бара жатқан жылға бағдарламаға бөлiнген қаражат мөлшерiнде қаржыландырылу мәселесiн шешедi.
11. Мемлекеттiк тапсырыс Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы "Мемлекеттiк тапсырысты жергiлiктi бюджеттi" қаражаты есебiнен қаржыландырылу жөнiндегi уақытша тәртiбi туралы" N 293 шешiмiмен бекiтiлген деңгейiнде орналастырылады және қаржыландырылады.
ЕРЕЖЕ
Алматы қаласының Әкімінің
1999 жылғы 22 маусымдағы
N 562 шешіміне
N 2 қосымша
Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты
есебінен 1999 жылы орындалатын мемлекеттік
мекемелердің мамандарын қайта даярлау
тапсырысы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы жағдайлар
1. Осы ереже "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысын іске асыру үшін әзірленген.
3. Осы кіші бағдарлама Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына және Қазақстан Республикасымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт Министрлігінің басқа да нормативті актілеріне сүйенеді және Алматы қаласының аймақтық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған.
ІІ. Бағдарлама мазмұны
ІІ. Бағдарлама мазмұны
1. Мамандардың білімін көтеру және қайта даярлау, қала аумағындағы білім беру саласында мемлекеттік саясатты орындау мақсатында жүзеге асырылатын мамандардың кәсіби білімін және дағдыларын жетілдіретін қосымша кәсіби білім берудің негізгі формалары болып табылады.
2. Бағдарлама Алматы қалалық білім басқармасы бекіткен негізгі бағыттары:
1) барлық деңгейдегі білім мекемелері мамандарының білімін көтеру және қайта даярлау;
2) Алматы қаласы орта білім беру жүйесінің педагогикалық мониторингі;
3) инновациялық педагогикалық тәжірибені, психологиялық- педагогикалық ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, жалпылау және игеру;
4) Алматы қаласының білім беру және аймақтық орта білім беру жүйесін ұйымдастыруды дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік, зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жетекшілік жасау;
5) педагогтар мен оқушыларға оқу-әдістемелік құралдар жасау болып табылатын курстық және курсаралық шаралар арқылы жүзеге асырылады.
ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Есептеу принциптері: курстың бір тыңдаушысын дайындау бағасы.
ІІІ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
1. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік тапсырыс берілген бағдарламасы бойынша, басым жағдайда, қалалық педагог мамандардың білімін көтеру және қайта даярлау институтында орналастырылады.
3. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 10 желтоқсандағы N 1268-ші "Товарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына сәйкес анықталады.
4. Мемлекеттік тапсырысты мекемелерге орналастыру барысында:
1) мамандардың сапалық құрамы;
2) материалды-техникалық база (кабинеттер саны, олардың жабдықтармен, көрнекі құралдармен, компьютерлермен, т.б.) нормативті жарақтандырылуы ескеріледі.
6. Қалалық білім басқармасы мемлекеттік тапсырысты орындаушыларды анықтау мақсатында конкурстық комиссия құрады.
7. Мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған мекеме әкімшілік - мекемесімен белгіленген мерзімде келісім шарт (контракт) жасасады.
8. Қалалық білім басқармасы берілген бағдарлама бойынша ағымдағы қаржы жылына, мемлекеттік тапсырысты жеңіп алушы - мекемеге келісім-шартта көрсетілгендей мөлшерде қаражат бөледі.
ЕРЕЖЕСI
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 22 маусымдағы
Алматы қаласының жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты
есебiнен орындалатын Алматы қаласының
орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
мемлекеттiк тапсырысының
ЕРЕЖЕСI
І. Жалпы жағдайлар
1. Осы ереже "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ережелердi әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N№1314 қаулысын iске асыру үшiн әзiрленген.
1) орта бiлiм саласының дамуын мемлекеттiк стратегияға сәйкес сүйемелдейтiн және iске асыратын бағдарламаларды жасау;
2) әлемдiк ақпараттық-бiлiм беру кеңiстiгiне ену мақсатымен кәзiргi орта бiлiм беру сапасын жаңарту;
ІI. Бағдарламаның мазмұны
ІI. Бағдарламаның мазмұны
1. Аймақтық "Жергiлiктi деңгейде орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру" бағдарламасы бойынша орындалатын мемлекеттiк тапсырыс төменгi iс-әрекеттерге (жұмыс түрлерiне) бөлiнедi:
2) лицензияланатын педагогикалық - бағдарламалау құралдарын жасау, иелiкке алу және бейiмделуге бағытталған кешендi бағдарламаны және нормативтiк құжаттарды әзiрлеу;
3) Алматы қаласының бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандыру iсiндегi педагогикалық-бағдарламалау құралдары бойынша жылдық көрмелердi, жәрмеңкелердi, ғылыми практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткiзу;
4) 7-11 сыныптар үшiн математикадан, физикадан, химиядан, информатикадан, биологиядан аймақтық стандарттарына сәйкес тексерме тапсырмалардың қоймасын жасау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
5) компьютерлiк базада 7-11 сыныптар үшiн математика, физика, информатика пәндерiнен оқыту-методикалық күнтiзбелiк жоспарларын әзiрлеу жұмыстарын ұйымдастыру;
6) Жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ) негiзiнде сапа мөлшерiн өлшеу туралы аймақтық стандарттарды әзiрлеу;
7) Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) мектеп директоры, АЖО-оқу iсiнiң меңгерушiсi, АЖО-кадрлар деген АЖО-ларды жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
8) Орта бiлiм беру жүйесi үшiн мектептiң паспорты, кадрлары, оқутәрбие үдерiсi деген мәлiметтер қоймаларын жасау;
9) мектеп, аудан, қала деңгейiндегi беру басқарудың ақпараттық жүйесi (ОАЖБ) арнайы қамсыздандыру бағдарламаларын жасау;
10) "Алматыдағы орта бiлiм беру" мәлiметтер қоймасының iлеспе бағдарламаларын жасау;
11) оқу кинофильмдердiң қорын магниттiк таспаларға: бейне таспаларына және компьютерлiк СD-дискiлерге көшiру жұмыстарын ұйымдастыру;
13) математика, физика, информатика, химия, биология пәндерiнiң ерекше қиын тақырыптарын қолдайтын көрiнiстi компьютерлiк программаларды жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
14) физика, биология пәндерiнен виртуальды компьютерлiк лабораториялық жұмыстардың жасалуын ұйымдастыру.
2. "Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруға" арналған N№32 бағдарламаны 1999 жылы iске асыру жолындағы мемлекеттiк тапсырысты қажеттiлiкке байланысты, және осы мақсатқа 1999 жылғы бюджеттен бөлiнген қаржыландыруға қарай, әкiмшi-мекемесi ретiнде қалалық бiлiм басқармасы анықтайды.
4. Мемлекеттiк тапсырысты орындаушылардың еңбек ақысы мемлекеттiк мекемелер жұмысшыларының еңбек ақысын реттейтiн нормативтiк актiлер бойынша жасалынады.
III. Мемлекеттiк тапсырысты үлестiру
1. Мемлекеттiк тапсырыстың үлестiруi, тәртiптi түрiнде, конкурс негiзiнде iске асырылады.
2. Осы бағдарлама бойынша жасалынатын мемлекеттiк тапсырыс басымдық тәртiпте БСЖТҚО-ға берiледi.
3. Мемлекеттiк сатып алу әдiсiн таңдап алуы Қазақстан Республикасының 10.12.98 ж. "Товарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" N№1268 қаулысына сәйкес анықталады.
4. Конкурсқа (тендерге) қатысушыларға оқу басқармасы келесi негiзгi талаптарды ұсынады:
- мекеменiң осы бағдарламаға сәйкес жұмыс түрлерiнiң тiзiмi көрсетiлген жарғысы болуы;
- өндiрiстiң материалдық-техникалық базасы, кадрлар құрамы және ұсынылатын жұмыстардың сапасы мемлекеттiк тапсырыс бойынша орындалатын жұмыстарға сәйкес болу қажет.
5. Жарысқа ұсынылатын өтiнiште келесi мәлiметтер көрсетiледi:
- тапсырысты орындай алатын бiлiктiлiк қасиеттерiн растайтын құжаттар (1 қосымшаға сәйкес мәлiметтер);
- орындалатын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң көлемi, техникалық және сапалық мiнездемесi, орындалуға тиiстi iлеспе қызметтер, жұмыстар және қызметтердiң орындау мерзiмi;
- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiмен анықталатын әдiстеме және нысандары бойынша жұмыстың және қызмет көрсетуге кететiн шығыс сметасы, көрсетудiң есептесуi және экономикалық талдаудың әр тарауына кететiн шығындар (мемлекеттiк тапсырыс орындаушы мекеменiң қызметкерлерiне ақы төлеу тәртiбi нормативтi қаулыға сәйкес жасалуға тиiс).
7. Қалалық бiлiм басқармасы ұсынылған құжаттарды тексерiп, қалыптасқан талаптарға сәйкес болатынын анықтайды.
8. Мемлекеттiк тапсырысты жеңiп алған мекеме, белгiленген мерзiмде, әкiмшi-мекемесiмен келiсiм-шарт жасайды.
9. Қалалық бiлiм басқармасы мемлекеттiк тапсырысты жеңiп алған мекемеге өтiп жатқан жылдың берiлген бағдарламасы бойынша жасалған келiсiм-шартпен шектелген қаржысын бөледi.
Ережеге қосымша
Ережеге қосымша
Жарыс - конкурсты жеңіп шыққан мекемелерді
анықтау үшін арналған критерийлер тізімі
1. Жұмыс алаңдарына қойылатын санитарлық-гигиеналық нормативтерге лайық жекеменшік немесе жалға алынған әкімшілік-өндірістік бөлімдердің болуы.
2. Бағдарламаны іске асыра алатын арнаулы мамандықтар бойынша іріктелген кадрлардан құралған ұжымының болуы.
3. Бағдарламаны іске асыруға қажет жеткілікті материалдық-техникалық
4. Мектеп пәндеріне арналған аудиовизуальдық және компьютерлік программаларының болуы.
5. Оқу процессін басқару және бақылауға арналған арнайы компьютерлік программаларымен методикалық сүйемелдеулердің болуы.
6. Орта білім санасына арналған проекттерді жасау, оларды іске асыру және ұйымдастыру жұмыстарынан белгілі тәжірибесі болуы.
7. Төмендегі бағыттарда жасалған жоспарлар мен сметалардың болуы:
- орта білім саласының информациялық басқару жүйесі;
- орта білімге арналған телекоммуникациялық корпоративтік торабы;
- мектеп пәндері бойынша оқытуға арналған информациялық технологиялар.