Қолданыстағы ред. 27.05.2008 (Редакция 40293_178976.kaz)

Ескелді ауданының аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін елді-мекен жерлеріне кіргізу туралы от 27.05.2008 г. № 13-79 (Ескелді ауданының аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін елді-мекен жерлеріне кіргізу туралы)

0

Ескелді ауданының аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін елді-мекен жерлеріне кіргізу туралы
Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, 108 бабының 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңындағы 6 баптың 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ескелді ауданы Қарабұлақ кенттік округінің шекарасына "Хильниченко және К" сенім серіктестігінің 7 га суармалы егістік жер учаскесі енгізілсін.

2

2. Қарабұлақ кенттік округінің шекарасы N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Алпысбаевқа жүктелсін.

4

4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.