Қолданыстағы ред. 25.02.2008 (Редакция 40330_374641.kaz)

Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі, жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы от 25.02.2008 г. № 395 (Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі, жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы)

0

Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі, жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
“Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі кодексінің 42 бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»

3

Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 25 ақпандағы
№395 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

1. Аумақ күтімі, қар мен қоқыстан тазалау, қатқан мұзды ою және тазарту. Жиек тастарды және ағаштардың түбін әктеу, ағаштардың бұтақтарын қиып күтім жасау.

2

2. Тал мен гүл отырғызу, екпе шөп егу, екпе шөптерді күту және күзету, арам шөптерді жұлу.

3

3. Ғимарат тазалығы, ғимараттың ішкі күтімі, ғимараттың ағымдағы күтіміне көмектесу, ішкі және сыртқы қабырғаларын әктеу.

4

4. Курьерлік жұмыс, дайындалған құжаттарды тігуіне көмектесу.

5

5. Бау-бақша алаңдарын дайындауға және көкөніс өсіруге көмектесу.

6

6. Су құбырлары желілері бойындағы су ағар нүктелері аумағын тазарту, қатқан мұзды ою және тазарту.

7

7. Егіндікті арам шөптерден тазалау.