Қолданыстағы ред. 09.06.2008 (Редакция AI40526_0.kaz)

Көкпекті ауданының Самар ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы от 09.06.2008 г. № 1 (Көкпекті ауданының Самар ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы)

0

Көкпекті ауданының Самар ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Занның 37 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік- аумақтық құрылымы туралы" Занның 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданының Самар ауылының төменгі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Киров" көшесінің атауы "Астана" көшесі деп;
2 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Советская" көшесінің атауы "Самарға-100 жыл" көшесі деп;
3 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "70 лет Октября" көшесінің атауы "А.М.Поплавский" көшесі деп;
4 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Пионерский" көлденен көшесінің атауы "К.С.Раисов" көшесі деп;
5 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Октябрьский" көлденен көшесінің атауы "Ф.П.Фролов" көшесі деп;
6 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Тимуровский" көшесінің атауы "Д.М.Парий" көшесі болып өзгертілсін.
Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.