Қолданыстағы ред. 30.06.2008 (Редакция 40902_217369.kaz)

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы от 30.06.2008 г. № 23 (Алматы облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы)

0

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика қеңесінің келісімін ескере отырып Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін:

1

1) Подгорная көшесі Сарноқай деп ауыстырылсын;

2

2) Молодежная көшесі Жастар көшесі деп ауыстырылсын;

3

3) Школьная көшесі Жұматай Жақыпбаев көшесі деп ауыстырылсын;

4

4) Горная көшесі Алатау көшесі деп ауыстырылсын;

5

5) Юбилейная көшесі Жетісу көшесі деп ауыстырылсын;

6

6) Больничная көшесі Жеңіс көшесі деп ауыстырылсын;

7

7) 8 Март көшесі Наурыз көшесі деп ауыстырылсын;

8

8) Текелийская көшесі Тәуелсіздік көшесі деп ауыстырылсын;

9

9) Интернациональная көшесі Достық көшесі деп ауыстырылсын;

10

10) Садовая көшесі Желдісай кешесі деп ауыстырылсын.

2

2. 0сы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.