Қолданыстағы ред. 30.06.2008 (Редакция 40969_156610.kaz)

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарамұрт ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы от 30.06.2008 г. № 8-105/IV (Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарамұрт ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы)

0

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарамұрт ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Қарамұрт ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 86,0 гектар жер телімі алынып, Қарамұрт ауылының шегіне енгізілсін.

2

2. Жалпы көлемі 86,0 гектар жер телімі қосылып, Қарамұрт ауылының шегі өзгертілсін.

3

3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.