Қолданыстағы ред. 06.10.2020 (Редакция 41010_484422.kaz)

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы от 30.06.2008 г. № 177 (Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы)

0

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Ембі қаласы тұрғындарының конференциясының және 2008 жылғы 12 маусымдағы аудандық ономастика комиссия отырысының № 3 хаттамасының шешіміне сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ембі қаласындағы Степной тұйығы Ермағамбет Алдаберген тұйығы деп қайта аталсын.

2

2. Ембі қаласындағы Қазақ көшесі Сапа Жездібаев көшесі деп қайта аталсын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күнтізбелік күнінен кейін енгізіледі.