Қолданыстағы ред. 14.07.2008 (Редакция 41206_299612.kaz)

Жергілікті маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын белгілеу туралы от 14.07.2008 г. № 11/69-IV (Жергілікті маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын белгілеу туралы)

0

Жергілікті маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкаларын белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің /Салық Кодексі/ 491-бабының 2-тармағына, «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Жергілікті маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырылатын және елді-мекендерде жарнама объектілері бойынша төлемақының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. «Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін алынатын толемақының ставкаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 21 наурыздағы № 2/22-165 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 860 тіркелген, «Отырар алқабы» газетінің 2003 жылғы 19 сәуірдегі санында жарияланған ) шешімінің күші жойылсын.

3

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізілсін.

4

Отырар аудандық мәслихатының
2008 жылғы 14 шілдедегі
№ 11/69-IV шешімімен бекітілген
Сырткы көрнекі жарнамаларды орналастырғаны үшін төленуге жататын төлемақы ставкалары
Ай сайын (бір бетін) сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төленетін төлемақы ставкалары
Жарнама түрі
Төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткішке процент есебімен)
Ай сайын
Категория
“А”
Категория
“В”
Категория
“С”
1
Көрсеткіштер, ілу тақталары, ақпарат такталары, алаңы 2м дейін (объектідегі) плакаттар
100
80
70
2
Жарық түсіретін таблолар, лайтбокс (ситиформатты)
105
85
75
3
Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 2ш.м-ден 5ш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі.
110
90
80
4
Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 5 ш.м-ден 10 ш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі.
115
95
85
5
Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 10 ш.м-ден 20ш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі.
120
100
90
6
Ақпараттық жарнама объектілер алаңы 20ш.м-ден ЗОш.м -ге дейін, қабырғадағы, шатыр үстіндегі.
125
105
95
7
Ақпараттық жарнама объектілер алаңы ЗО ш.м-ден жоғары, қабырғадағы, шатыр үстіндегі.
130
110
100
8
Киоскілер, павилиондар, дүкендер,қоғамдық тамақтандыру нүктелері үстіне (жанында, алдында)орналастырылған уақытша түрдегі жарнама объектілері.
100
80
70
Ескертпе:
«А» категориясына жататындар: Шәуілдір ауылы және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары;
«В» категориясына жататындар: Талапты, Темір, Отырар, Қарғалы, Қоғам ауыл округтеріне қарасты елді мекендер;
«С» категориясына жататындар: Қожатоғай, Қарақоңыр, Ақтөбе, Шілік, Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне қарасты елді мекендер.